Маңғыстау аудандық тамыз маслихаты
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.
Өткізген:Б.Жұмалиев атындағы мектептің математика пәні мұғалімі Байназарова Р.А
Шетпе 2013ж.
Тақырыбы: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.
Мақсаты:
Білімділік: Координаталық жазықтық, осьтері, орналасуы туралы түсінік беру. Координаталық жазықтыққа координаталары берілген нүктелерді сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табуға үйреті.
Дамытушылық: Логикалық ой-өрісін, жазу, есте сақтау, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдаларын дамыту.
Тәрбиелік: Ұғымталдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, іскерлікке, нәтиже алуға баулу.
Көрнекілігі: плакаттар, сызғыш, түсті бор, интерактивті тақта.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, жеке, ұжымдық
Пән аралық байланыс: информатика, география, әдебиет
Жоспар: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Қайталау сұрақтары «Білім шыңы»
4. Жаңа тақырып ашу
5. Тақырыпты бекіту
6. Кітаппен жұмыс
7. Сергіту сәті
8. Деңгейлік тапсырмалар
9. Үй тапсырмасы
10. Бағалау
Сабақтың жүрісі:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасы №119 (ауызша тексеру)
«Білім шыңы» ойыны (Баспалдақтағы қайталау сұрақтары бойынша жазықтықтағы түзулерді топтастыру)
Екі түзу қалай қиылысады
Вертикаль бұрыштар
Жазыңқы бұрыш
Перпендикуляр түзулер
Перпендикуляр түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?
Тік бұрыш неше градус?
Паралель түзулер
Қай уақытта түзулер тең бұрыш жасап қиылысады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сұрақ: 1. Координаталық түзу дегеніміз не?
2. Координаталық түзуде нүктенің орны
Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін бір ғана сан жеткіліксіз. Мысалы оқушының отырған партасы 1-ші қатардағы 2-ші парта. Карта бойынша әр қаланың жер бетіндегі орнын анықтау. Мысалы Астана қаласы 51°солтүстік ендікте, 72° шығыс бойлықта орналасқан. Ендеше нүктенің жазықтықтағы орны екі санмен анықталады. Сонымен нүктенің жазықтықтағы
орнын анықтау үшін санақ басы 0 нүктесінде жататын қиылысатын перпендикуляр екі координаталық түзуден тік бұрышты координаталық жүйе
құрастырамыз.
Санақ басы 0 нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.
Координаталар жүйесі – санақ басы ортақ, бірлік кесінділері бірдей өзара перпендикуляр екі түзу. Тік бұрышты координаталар жүйесі француз математигі Рене Декерттың құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп те аталады. Декарт 1637 ж координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берді.
Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық координаталық жазықтық деп аталады.
Координаталар сөзі латынның coordinates – қазақша реттелген деген сөзінен алынған. Координаталр осьтері 0х-абцисса, 0у-ордината деп аталады. 0 нүктесі координаталр басы деп аталады.
Берілген нүктенің абциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады.
0(0;0), А(0;3), В(0;-4), С(3;0), Е(2;0), D(6;4), F(-4;2)
Достарыңызбен бөлісу: |