«МАҢҒыстау киелі мекенім!»



Дата04.07.2018
өлшемі415,29 Kb.
#46318
«МАҢҒЫСТАУ КИЕЛІ МЕКЕНІМ!»

Ержанова Арайгүл- «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің 3-курс студенті

Болтаева Ұлшат Ерболатқызы - арнайы пәндер оқытушысы

Маңғыстау облысы, Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасымен және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурыздақұрылды. 1988 жылдың 2 маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи "Маңғыстау" деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы. Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды "Ұйқыдағы аруға" теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды. Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал ш-мен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады.

Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты "мың" және "қыстау"тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне"қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді .

Облыстың шеткі нүктелері:


  • Батыс - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б.

  • Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерінде

  • Оңтүстік - Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы

  • Солтүстік - Атырау облысымен шкарадағы Желтау болып табылады.

Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі (), Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.

Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптегенқызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері. Олар:



Шақпақ ата

Ең көп таралған аңыздардың бірі - Шақпақ ата есімімен және жартасты мешіттерге байланысты. «Бірде Шақпақ ата бір ауыл жанынан өтіп бара жатып, күйеуі әйелін ұрып жатқанына еріксіз куәгер болады. Шақпақ ата сорлы әйелдің сөзін сөйлеп, құтқарып алады. Алғыс орнына әйел Шақпақ атаға еріп жүреді. Олар тоқтаған тіршіліксіз жерде жер астынан қайнар бұлақ көздері ашылып, жауын жауа бастаған екен».



Содан бері адамдар сол жерге өз қайғы-қасіретіне ем табу үшін үмітіне ат артып келеді екен. Бұл киелі жерде болмаған және уақыт пен шексіздік белгісі бар тастарды өз қолымен ұстауды армандамаған жан жоқ десеңде болады. 



Шерқала

Маңығыстау облылысының төсінде орналасқан тау түзілісі. Ақтау қаласынан 170 шақырым жердегі Шетпе кентіне жақын орналасқан. Шерқала Сырттай қараған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр. Кейбіреулер төңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді. Шерқала Қаратаудың орталық және батыс жоталарының ортасында орналасқан тау түзілісі. Әйгілі жібек жолының қызып жатқан кезінде талайларға көлеңке, пана болған деседі. Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Осы жерде әйгілі суретші Тарас Шевченконың өзі келіп пленер жасапты. Поляк суретшісі  Б. Залесский де осы жердің пейзажын қағазға түсірген. Жергілікті ақындар болса:


"Шерқала таудың бөркі еді, 


Айрақты таудың көркі еді," - деп жырға қосқан.

Тамшалы

Тамшылы – Түпқараған ауданында орналасқан табиғи су көзі. Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 35 км-дей жерде. Тамшалы – кәдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек кеуек үңгір. Айырмасы тек шаңырағы, уығының иінінен жоғарғы жағы жоқ. Кереге басы дерлік деңгейден кей жерінде тас қабырға шып-шып терлеп, кей жерлерінде себезгілеп, мҮңгір табанында шағын көлшік пайда болған. Осыған орай Тамшалы аталып, ол ертеден төңірегіндегі елдің ауыз су көзіне айналған; ал көл арнасынан артылып аққан су бөгеліп, суармалы егіншілікке пайдаланылып келген. Тамшалының ерте заманнан елдімекен болғандығын сай бойында сыңсып өсіп тұрған тұт ағаштары айғақтайды. Соған қарағанда оған бағзы замандарда Ұлы Жібек жолының бір тармағы келіп жатқан секілді. Қыр басында ерте дәуір ескерткіштері (молалар) сақталған. Тамшалы – мәдени демалыс аймағы. Сай аяғында 20 ғасырдың 50-жылдарының бас кезінде таратылған балықшы ұжымшары үйлерінің қирандысы сақталған.ұздай әрі мөлдір тамшы бүркіп тұрады.



Үстірт қорығы

Қазақстанның оңтүстік – батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатынмен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық. Үстірт қорығы - қазақстанның Батыс өңіріндегі жалғыз қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты - шөл зонасының табиғат кешенін табиғи түрінде сақтап қалу. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ландшафтың алуан түрі кездеседі. Қорықта қорғау, ғылым, ақпарат және мониторинг экологиялық ағарту және туризм бөлімі, табиғат мұражайы және есеп бөлімі жұмыс жасайды. Үстірт қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға, кіші, ғылыми қызметкерлері бекітілген тақырыптар бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қорық аумағында мекендейтін аң - құстарды, өсімдіктердің дамуын зерттеу, олардың өсіп өнуін үнемі қадағалай отырып, бір жүйеге келтіру тізімдеп, талдап, қорғау жұмыстарын ұйымдастыруға ғылыми негіз жасау қорықтың ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің негізгі атқаратын жұмыстары. Қорық республикалық маңызы бар табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең жоғары санатына жатады.Ұйымдастырылу мақсаты қорық аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады. Қорық аумағында табиғи – тарихи ескерткіштер көп кездеседі. Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше жаратылған Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары – басқа еш жерде қайталанбайтын құбылыстар.



  • Қарамая – түсіне және орналасу пішініне қарай аталған, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан тау жоталарының атауы. Зерттеушілердің пікірінше ежелгі мұхит түбіндегі вулкандық жарылыстардың әсерінен түзілген. Тау жыныстары мен топырақ жамылғысының айналасынан өзгешелігі – бұл пікірді растай түседі.

  • Алуан түсті Көкесем шатқалдары – қорық аумағындағы тұщы су көздері бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары – тау табиғатын ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы су бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар.Суының дәмділігіне байланысты «Ойда талақ, қырда Көкесем» деп айтылатын аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді.

Тарихи ескерткіштерден – Балуанияз, Көкесем қорымы және әлі зерттелмеген Табан - Ата деп аталып жүрген ескі қорым тіркелген.

Балуанияз – ХIХғасыр Маңғыстау адайлары мен түрікмен тайпалары, Хиуалықтардың арасындағы соғыстарда ерекше көзге түскен, Балықшы руының батыр атағын алған тұлға. Ескі атаулары Қалмақ үйген, Қараоба (Қалмақ үйген Қараоба болуы да мүмкін) деп аталатын төбенің басына жерленген. Қазір бұл төбе батыр атымен аталады.

Көкесем қорымы - Көкесем құдығынан шығысқа қарай 1 км. жердегі төбе басында орналасқан. Х ғасыр ескерткіштерінен басталатын 200 – ге тарта нысандар тіркелген. Мемлекеттік қорғауға алынған, зерттеуді қажет етеді.

Сұлтанепе – ел аузында сақталған деректер дәйегіне қарағанда, Құл-Сүлейменнің немересі. Су апатына тап болғандарың қорғаны ретінде елге белгілі болған. Кезінде адамдар, «Сұлтанепе, сақтай көр, пендеңді су апатынан» деп сиынады екен. Сұлтанепенің сүйегі Каспий теңізіне жақын Ащымұрын және Ойра аралығында жерленген. 
Көп ел біле бермейтін бізде, Сабынды әулие деген қасиетті қорым бар. Сабынды әулие – Маңғыстау ауданының Ақтөбе ауылдық кеңесіне қарасты, Қарабарақтының оңтүстік жағында орналасқан ескілікті қорым. Топырағы кәдімгі сабын сияқты көпіршиді, кір ашады. Бұл табиғи қасиеті әлі күнге дейін сақталып келеді. Жергілікті тұрғындар осы қорымның топырағының қасиетіне қарай оны «Сабынды әулие» деп атаған. Ал ескі қорымға келіп түнеушілердің қатары қай кезде де аз болмаған. 
Саназар әулие – қазіргі Форт-Шевченко қаласынан 35 км қашықтықтағы киелі орын. Саназар Адайдың Тобыш, оның ішінде Жаңайдың малын бағады. Бай, Саназардың бойындағы қасиетін аңғарады да, оған арнайы еншісін беріп, өз алдына отау көтереді. Сөйтіп, өзімен тең дәрежеде ұстайды. Біреуден түңіліп, ренжісе, жаны күйіп қарғаса айтқаны мүлт кетпейді екен. Саназар әулие 18ғ-дың 2 жартысында өмір сүрген қасиет иесі, киесі мол адам болған. Кейін Саназар әулие бейітінің тұсынан зиярат етпей, бұрылмай өткен адамның ойлағаны орындалмай, жолы болмайды. Қазіргі таңда осы әулиенің ұрпақтары Маңғыстау облысының әр шалғайында кездеседі. 
Тұрыш ата (1832-1928) – Адай руының Балықшысыннан туған көріпкел, емсек кісі. Хиуа медресесінде оқып білім алғаннан кейін туған жеріне Сам құмына келіп, мешіп салып, бала оқытқан. Ишан атағымен танымал болған. Ол дем салып, сонымен бірге, жылан мен қарақұрт шаққанда уын қайыру тәсілін білген. 
Айназар әулие (1790-1870жж) – Форт-Шевченко қаласынан 8км-дей қашықтықтағы Шүйді сайының басталар тұсындағы ескі үлкен қорым екен. Айназар әулие тарихта болған адам, оның ұрпақтары қазірде Маңғыстау мен Қарақия аудандарында тұрады. Айназар асқан көреген, айтулы аңшы, қасиет-қабілеті таңғажайып, небір аңыздарға желі болған адам деседі. Аңыз бойынша Айназар отырықшы ел тыныштығын бұзған айдаһарды атып, құлатқан. Ел ішінде ұстатпйтын, саудырмайтын ешкілерге «Адайдың Айназар әулиесіне жолыққыр» деген қарғыс сақталған. Көпшейіт – Қазіргі «Ақшымырау» кеңшарының Сарғат деген жеріндегі шамамен 13ғ-да бой көтерген ескілікті қорым. Негізнен перзент көрмеген әйел адамдар түнейтін киелі орын деседі. 
Қаңғырқаз әулие – Шайырдың батыс ағындағы киелі орын, ескілікті қорым.Маңында қара тастан қаланған медресе,әлде мешітке ұқсас бір құрылыс орыны сақталған.Аңыз бойынша жаугершілік заманда жаулары осында бала оқытып отырған молданы 40 шәкіртімен қса өлтірген.Солардың қатарынан Қаңғырқаз есімді шәкірт өзгелерден оқшау барып жан тапсырған көрінеді.Сол жерге өзгелерден бөлектеу жерленген шәкірт қабірінен тамыр тартқан қос бәйтерек өсіп шығады.Бірақ осы қос бәйтерек Бекет-Ата дүние салған күні бір сәтте жапырақтарынан айырылып,тамырымен қопарыла құлайды.Осымен байланысты жергілікті тұрғындар Бекет-Ата Қаңғырқаздың аян-пірі болыпты деседі. Сырқаттанған жандар қорымға келіп түнейді,мінәжат етеді. 
Бала әулие – Шайырдағы Қырықкез қорымының оңтүстік жағынан 5 км-дей қашықтықта орналасқан киелі орын. Аңыз бойынша Қырықкез қырғыны тұсында шабылған басын көйлегінің етегіне орай сала жүгірген баланың келіп,жеткен жері екен делінеді.Бала жүрегі жеті күн бойына соғып жатыпты. Жұртшылық сол баланың денесін жатқан жеріне арулап жерлейді.Кейін бейіт басынан от шығып, ерекше қасиет белгісін таныта бастайды. Есімқұл әулие – Шілкөз қорымындағы бейіт. Шамамен 19ғ-да өмір кешкен көріпкел,білгір адам. Аңыз бойынша, өлгенде Шілкөз қорымына жерленгенімен,онда денесі сақталмаған,ғайып болып ұшып кеткен деседі. Дегенмен, басында шырақ жағатын орны бар,келіп түнеушілер де осында аялдайды. 
Құнанорыс Қожық – бейіт. Аса білгір,табиғи шөптерден дәрі жасаған емші ретінде Маңғыстауда әйгілі Қожықтың нағашысы Несібек Нұрда Адайға айтулы емші болған. Қартайған шағында ол жиені Қожыққа ақ батасын берген деседі. Кейін жергілікті тұрғындар Қожық әулиенің бейітін қадір тұтып,қасиетті деп есептеген. 
Төлеген әулие – Шайырдың батыс жағындағы «Тасжол» деген жердегі киелі орын. Мұнда жергілікті тұрғындардан өзгелер біле бермейтін Төлеген мешітінің ескі орны бар. Ақбота Бүркіт-Ата – Мағыстаудың Бозашы түбегінде қазіргі «Ақшымырау» кеңшарының Тасорпа деген жеріндегі киелі орын. Шамамен 18ғ-дың орта шені мен 19ғ-дың басында өмір сүрген, Адайдың Ақботасынан тараған Бәйгелді руынан шыққан ақберен білгір,көріпкел адам. 
Бүркіт дүние салғаннан кейін ел ішінде оның аруағына сыйыну,жалынып-жалбарыну жалғаса берген. Айтушылар әулиенің шапағатын көргендер бұл өңірде жетерлік деп пайымдайды. 
Қаңға баба қорғаны – Қаңға баба бейітінен 3-4 км-дей қашықтықтағы дөң маңында орналасқан. Қорған уақытша,керуеннің жолына бекініс және шаруашылық үшін өңделмеген тастардан шамамен 11-12ғ да тұрғызылғын. 
Қошқар-Ата қорымы – Ақтау қаласының солтүстік жағынан 17 км қашықтықтағы Ақтау-Форт-Шевченко жолының бойында орналасқан. Қорымда 300-ге тарта ескерткіш бар. Бұл ескерткіштер-негізінен ортағасырлық тас қоршау,қойтас тәрізді тас белгілер,соның ішінде ерекше көзге түсетіні қошқар мүсінді ескерткіш. 
Долы апа қорымы - Ақтау-Қаражанбас жолы бойындағы 95 шақырымдығының батыс жағынан 3км-дей қашықтықты орналасқан. Қорымды 200-ге жуық ескерткіштер бар. Оның ішінде 2 күмбезді там,сағаналар,әсіресе қойтастар көптеп кедеседі.Бұл қорымдағы алғашқы ескерткіш-белгілер ортағасырлық ескерткіштерге жатады. Қойтастардың көпшілігінде араб әрпімен сөздер жазылған. 
Шат-қорымы-Ақтау-Қаражанбас жолының 70 шақырымдығының батыс жағынан 5 км қашықтықтағы Ащыбас-Шат жерінде орналасқан. Қорымда 200 ден астам ескерткіштер бар. Көптеген ортағасырлық ескерткіштері қойтастар мен күмбезді тамдар қорымның оңтүстік батыс бөлігін қамтиді. 
Асау қорымы – Кіші жүз батыры Асаудың есіміне байланысты аталған. Қорымда 200-ге тарта ескерткіш,оның ішінде күмбезді там,сағана,қойтас,құлпытастар бар. Сонымен қатар сәулет ескерткіштерінің тағы бір түрі сандықтас та кездеседі сандықтастарының салыну дәрежесі де өзгеше. Мұнда елге танымал Барақ батыр мен Асау батыр жерлеген. Асау қорымы Тұрыш ауылының 13-км дей қашықтықта. 
Жер асты ғимараттары. Маңғыстау мен Үстірт тарихи ескерткіштерінің үлкен бір тобын жер асты ғимараттары құрайды. Олар негізінен өлкенің таулы өңірлерінде шоғырланған. Жер асты ғимараттарының ең ежелгі үлгісі Сарытас шығанағына таяу сай бойындағы Шақпақ-Ата мешіті болып саналады. Мешіттің шығыс жағындағы кіре берісі үш бұрышты арка кескінді. Арканың сыртқы босағасының екі жағын тастан қашалған қабірханалар алып жатыр. Есіктен кіргеннен кейін үлкен зал,оның едені шыға беріс есікке қарай еңкейіңкі.Төрт бұрышта қабырғадан жартылай қашалған төрт ұстын бар.Мешіт ішінің ішкі қабырғаларында араб әрпімен жазылған кісі аттары,құран сүрелері,сопылық өлендер,аттың,өгіздің нобайы бейнеленген. 
Шопан –Ата жер асты мешіті Оңтүстік Манғыстау өңірінде,бағзы Хорезм керуен жолының бойында. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағында тағы бір шағын бөлме,оның едені биік. Аңыз бойынша оған Шопан-Атаның қызы жерленген.Мешіт үсті тастақты жүлге.Жүлге бойынан суағарлар жасалып,олардың тоғысқан жерінен сыйымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шарша етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған мерзіміне меңзейді.

Ұсыныс:

  1. Бекет атаға және басқада тарихи ескерткіштерге апарар жолды жөндеу.

  2. Таланты жастарға арналған мәдени орындарды көбейту.

  3. Ауыл шаруашылығын дамыту.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Серікбол Қондыбай, Маңғыстау географиясы. Маңғыстау мен Үстіртің киелі орындары. Толық шығармалар жинағы,3 том, Арыс баспасы, Алматы ұаласы, 2008 жыл.

  2. Маңғыстау облысының статистика басқармасы, 2011 жыл.

  3. Ғаломтор ақпараты


         

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет