Маңғыстау облысы бойынша үш тілді оқытуды ілгерілету бағытында жасалып жатқан жұмыстардың ақпарламасы



Дата26.08.2017
өлшемі35,99 Kb.
#29087
Маңғыстау облысы бойынша үш тілді оқытуды ілгерілету бағытында жасалып жатқан жұмыстардың ақпарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрліктерінің 2015 жылғы 5 қарашадағы №622 бірлескен бұйрығы негізінде Маңғыстау облысының білім басқармасы «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» бұйрығын шығарды.

Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыруы білім берудің барлық деңгейлерінде оқу бағдарламалары мазмұнының жаңаруына; бірыңғай білім беру ортаның аясында үш тілде білім берудің бірізділігін қамтамасыз етуіне; үш тілде білім беруді тиімді енгізу үшін педагогикалық кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың жүйесін жетілдіруіне; Қазақстанда үш тілде білім беру саласындағы тиімді ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз етуге; «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобасын  дәріптеуге бағытталған. 

         Жол картасында 7 стратегиялық бағыттар қарастырылған:

1. Үш тілде білім берудің нормативтік және құқықтық базасын жетілдіру;

2. Үш тілде білім берудің мәселелерін зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу қызметі;

3. Үш тілде білім берудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;

4. Кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру;

5. Үш тілде білім беруді институционалдық тұрғысынан қолдау;

6. Үш тілде білім беруді ақпараттық қолдау;

7. Үш тілде білім беруді қаржыландыру.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №11 «Үш тілді білім беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Өкімін орындау мақсатында Маңғыстау облысының жалпы білім беру ұйымдарында 2015-2016 жылдарға арналған үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталды.

Маңғыстау облысында 3 мектеп: облыстық дарынды балаларға арналған мектеп - интернаты, қазақ-түрік лицейі және Ақтау қаласындағы экономикалық лицейі 2006 жылдан бері жаратылыстану-математикалық пәндерді ағылшын тілінде оқытып келеді. Аталған пәндерді ағылшын тілінде оқытып жүрген пән мұғалімдері жылдан-жылға өсуде. Былтырғы оқу жылында 14 болса, биылғы оқу жылында 25 педагог сабақ береді. Осыған орай көптілді білім беру, үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, іске асыру, Елбасы саясатын жүзеге асыруды жалғастыру мақсатында үш тілде білім беретін мектептер саны білім басқармасы тарапынан 2015-2016 оқу жылының ІІ жартыжылдығынан бастап және келесі оқу жылында көбейту қолға алынды.

Жоғарыда аталған жоспар негізінде Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен, Елбасының «Үш тұғырлы ел» саясатын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №11 «Үш тілді білім беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Өкімін орындау мақсатында 2015 жылдың 23 қараша күні облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының ғимаратында «Үш тілде білім беруді енгізу - бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басым факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге білім басқармасы, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің өкілі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО Ақтау қаласындағы филиалының директоры, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ өкілі, пән мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Қазіргі таңда үш тілде білім беріп жатқан мектептер мен 2015-2016 оқу жылының ІІ жартыжылдығынан, 2016-2017 оқу жылынан бастап ашылатын мектептерден келген пән мұғалімдері сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 3 ақпан күні Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаттың базасында «Білім беру ұйымдарында үш тілде білім беру арқылы оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге аудан, қалалардың білім үйлестіру орталығының директорлары, үш тілді оқытуды жүзеге асырып жатқан білім беру ұйымдарының басшылары мен үш тілде сабақ беретін жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің мұғалімдері қатысты.

Жергілікті Қазақстан-Ақтау телеарнасымен бірігіп облыстың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді үш тілде оқытатын мұғалімдеріне арналған «Тіл үйренейік» бағдарламасы жасалып, түсірілім жұмыстары басталды. 2016 жылдың 10 сәуірінен бастап «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан көрсетіледі.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-мен бірігіп 2016 жылдың сәуір айына үш тілде оқытуды енгізіп жатқан мектептердің 21 мұғаліміне ақылы курс ұйымдастырылды. Биылғы 2015-2016 оқу жылының ІІ жартыжылдығынан бастап Ақтау қаласының №4 гимназиясы математика, №13 гимназиясы биология, Жаңаөзен қаласының Жаңаөзен мектеп-гимназиясы физика, Бейнеу гимназиясы биология, Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-лицейі физика, №1 мектеп-лицей математика пәндерін үш тілде оқыту жұмыстары басталды. 2016-2017 оқу жылынан бастап Ақтау қаласының №4 гимназиясы биология, №13 гимназиясы математика, №7 лицейі математика, биология, Жаңаөзен мектеп-лицейі биология, география, Бейнеу лицейі физика, Қызылтөбе және Шетпе лицейлерінде физика және Қарақия ауданының Құрық мектеп гимназиясында математика, физика пәндерін оқыту жоспарланды.


     

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет