Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы



бет2/12
Дата12.03.2018
өлшемі2,06 Mb.
#39057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



Кіріспе


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.

Тесттік бағдарлама құру үшін Macromedia Flash редакторын таңдадық. Бұл редакторды мен жоба жазу барысында үйрендім. Macromedia Flash редакторының мультимедиялық мүмкіншіліктері зор.

Бұл ұсынылып отырған тесттік бағдарламасының жүйесі мен желісі оқушыларды бірден баурап алуды көздейді. Ол үшін тесттік бағдарламаның безендірілуі тартымды да тиянақты болғаны ләзім. Тест 7 сыныпқа арналған. 20 тесттен тұрады, соңында сұрақтардың қаншасына жауап бергені туралы мәлімет шығады.

Теориялық бөлімде Macromedia Flash редакторына мен ActionScript тіліне тоқталдым. Жоба барысында қолданған әрекеттерге, операторларға, функцияларға және т.б. жаздым. Flash жүйесі – бұл World Wide Web-те топшыланған интерактивті анимациялар құру үшін лайықты орта болып табылады. Ол пайдаланушы әрекетіне байланысты бейне таспа құру үшін пайдаланылады және тек қарапайым объектілермен жұмыс істеу үшін қолданылады. Сонымен бірге жұмыстың мақсаты интернетте роликті немесе презентацияны жария ету.

Flash программасы бірінші рет 1996 жылы пайда болды. Векторлық графика негізінде анимациялар ылдам құрылу үшін алғашқы екі версия дүрекі сайманды көрсетті. Үшінші версияда көптеген қосымша құралдар бар, соның көмегімен интернет сайтын құруға болады. Бірақ бұл бағдарлама төртінші версиясы шыққан кезде белгілі болады. Бұл версияда Action Script сценарийдің тілі сияқты қуатты құрал қосылды. 2000 жылдың тамыз айында бұл бағдарлама қазір Macromedia компаниясы шығаратын бесінші версиясы жарық көрді. Жаңа Action Script сценарий тілінің версиясы кез келген бағдарлама тілі үшін стандартты болып табылатын массивтер мен матаматикалық функцияларды қолдайды. Сонымен қатар Flash бағдараламасының бесінші еркін қолдануға болған көптеген библиотекалар кіреді. Мен Flash бағдараламасының жетінші версиясында жұмысымды жасадым. Бұнда ActionScript 2 тілі кіріктірілген.

Практикалық бөлімде, тесттік бағдарламаның жасалуы баяндалады. Macromedia Flash редакторында батырмалар, клиптар, анимациялар және т.б. жасап, оларды кітапханаға орналастырып, керекті жерлерде қолдандым. ActionScript программалау тілін қолданып келесі кадрға көшуді, кадрды тоқтатуды және т.б. жасадым.


Macromedia Flash MX және ActionScript тілі

Негізгі түсініктер


Кез келген Flash-фильмді құру кезінде объектіге–бағытталған жақындау қолданылады. Бұл фильмнің барлық элементтері бір не басқа типтің объектісі ретінде түсіндіріледі, олардың әрбірі үшін кейбір қасиеттері берілген және мүмкін болатын операциялар жиыны анықталған. Мысалы, «мәтін» объектісі үшін символдар өлшемі, сызба әдісі, түсі және т.б. орнатылуы керек. Мәтінді анықталған түрде редакторлеуге, қиюға, көшіруге, оның негізінде мәтіндік гиперсілтеме құруға және т.б. болады. Сол сияқты графикалық бейнелер туралы және дыбыстар туралы да айтуға болады. Flash-пен жұмыс істеу кезінде «объект» түсінігі орнына көбінесе символ (Symbol) термині қолданылады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылығы келесіден тұрады.

Символ анықталған қасиеттер жиынымен объектінің ерекше шаблонын ұсынады. Символ арнайы символдар кітапханасында (Library) сақталады және көп рет бір фильмде де және бірнеше фильмде де қолданылуы мүмкін. Фильмде орналасқан әрбір жаңа символдың көшірмесі, символдың данасы (Instance) деп аталады. Дана символдың өзінің барлық қасиеттерін қабыодап, олардың арасында байланыс орнатылады. Символдың қасиеттері өзгерген кезде сәйкес өзгертулер автоматты түрде оның данасына қолданылады. Мұндай әрекет фильмді құрушынын күші мен уақытын үнемтейтіні анық. Сонымен бірге, символдардың механизмі фильмнің көлемін азайтуға мүмкіндік береді: егер онда символдардың бірнеше данасы қолданылса, онда оның қасиеттері туралы ақпарат қайталанбайды. Сонымен қатар, символ-түпнұсқа қасиетіне әсер етпейтін, нақты данасын кейбір қасиеттерін өзгертуге болады. Мысалы, дананын өлшемі мен түсін өзгертуге болады, ал егер дыбыстық символ туралы сөз болса – эффект қосуға болады.

Ереже бойынша, Flash-фильмдердің динамикасы дананың (мысалы, координатасын, түсін, көлемін, мөлдірлігін және т.б.) қасиеттері уақыт интервалы ішінде өзгереді, яғни дана күйі өзгереді. Дананың әрбір күйіне сәйкес жеке кадры (Frame) байланысқан. Дананың күйіне сәйкес өзгеретін кадрды кілттік кадр (Keyframe) деп атайды. Кілттік кадрдың өзін типке сәйкес келетін объект ретінде қарастырылады, оның қасиеттерін өзгертуге болады. Кілттік кадрлар үшін арнайы функциялар мен командалар алдын-ала қарастырылған.

Фильм кадрының ауысу динамикасы уақыт диаграммасы (Timeline) көмегімен сипатталады. Уақыт диаграммасы параметрі ретінде кадрлардың уақыт жиелігін, объектінің қозғалу сәтінің басы мен соңын және т.б. көрсетуге болады.

Фильмде бірнеше әртүрлі объектілер қолданылуы мүмкін. Олардың әрбірінің күйлері бір-бірінен тәуелсіз өзгеруі, не мүлде өзгермей (егер, мысалы, кейбір объектілер фон ретінде қолданылуы) тұруы мүмкін. Фильмнің әртүрлі элементтерінің әрекетін сипаттауды ықшамдау үшін, олардың әрбірін ереже бойынша жеке қабатқа (Layer) орналастырады. Flash өңдеушілер фильмде қабаттың рөлін түсіндіру үшін оны кальканың мөлдір жапырағымен салыстырады. Мұндай жапырақтарды «бағанға» жинап, қандайда бір сценаны алуға болады, онда әртүрлі «персонаждар» әрекет етеді. Айтпақшы сцена туралы. Сцена (Scene) – бұл Flash-пен жұмыс істеу кезінде қолданылатын тағы бір термин. Қарапайым фильмдер үшін бір қабаттан тұратын, бір – жалғыз сценаны құру және сипаттау жеткілікті болады. Күрделі фильмдер үшін бірнеше әртүрлі сценаларды құру уақыт диаграммасымен кішкене басқа механизммен анықталады. Қарапайым жағдайда фильмнің сценалары реттік нөміріне сәйкес, кезектестікпен орындалады. Күрделі құрылымды фильм үшін ActionScript тілінің құралдары қолданылады.

Күрделі фильмдерді құру кезінде маңызды рөлді тағы бір түсінік - клип (Clip, немесе Movie clip). Клип — бұл символдың арнайы типі. Ол өзі уақыт диаграммасы құрылатын және жеке параметрлері орнатылатын шағын – фильмді ұсынады. Клип, фильмнің кез келген басқа элементі сияқты фильмде көп рет қолданылуы үшін символдар кітапханасына енгізілуі мүмкін. Клиптың әрбір данасының жеке тағайындалуы мүмкін.

Фильмнің кез келген элементі клиптің ішінде қолданылуы мүмкін. «Кіріктірілген» клиптарды да құруға болады. Егер фильмнің ішінде клипті активизациялау кейбір қосымша шарттарды сипаттауды талап етсе, онда ActionScript тілінің құралдары қолданылуы мүмкін. Клиптің құрамына интерактивті элементтерде (мысалы, батырма) енгізуге болады.

Қолданушы интерфейсін ұйымдастыру


Қолданушы интерфейс редакторын ұйымдастыру Windows қосымшасы үшін жеткілікті стандартты болып саналады. Сондай мәзір жолағы, негізгі саймандар тақташасындағы жиі қолданылатын командалардың батырмалары қойылған. Уақыт диаграмма тақтасы жеткілікті өзіне сай болады, бірақ тек қана Dream-weaver-мен таныс еместерге арналған.

Редакторды алғаш жүктегенде экранға негізгі терезе үстіне қосымша сұқбат терезесі welcome шығады, ол сіздің қызығушылығыңызға сәйкес жұмыс ортасы конфигурациясын баптауды ұсынады. FLASH MX негізгі терезесінің ең маңызды элементтері 2.1 суретте көрсетілген. Уақыт диаграмма тақтасының мәзір жолы.





Сурет-1. FLASH MX негізгі терезесінің құрлымы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет