Редактрлеу саймандар тақтасы терезені сол жақ шекарасында орналасқан. Ол графикалық обьектілерді редактрлеу және құру үшін қолданылатын саймандарға рұқсаттарды қамтамасыз етеді. Бұл элементтердің көбі графикалық редактрлармен жұмыс істегендерге таныс. Саймандар тақтасымен жұмыс істеу ынғайлы болу үшін оны төрт бөлікке бөлген.(сурет 2.2):
Tools(Саймандар) нақты сайманды таңдау батырмалары жиналған; бұл саймандар екі түрге бөлінеді; таңдау саймандары және сурет салу саймандары;
View(Түр) бейнені қарауды басқаратын құралдар орналасқан; бұл өрісте екі батырма орналасқан; Hand tool(қол) бұл батырманы шерткенде жұмыс облысын тышқанның көмегімен айналдырма жолағын қолданбай, әртүрлі бағытқа ауыстыруға болады; Zoom tool(масштаб) бұл батырманы шерткенде жұмыс облысындағы бейнені тез масштабтау режимі қосылады; бұл режимді сөндірген кезде Options өрісінде масштабтаудың бағыттарын бақылайтын екі қосымша батырмалар пайда болады.
Colors(түстер) обьектіне толтырылуы және контурдің түсін бөлек таңдауға мүмкіндік беретін батырмалар;
Options(параметрлер) таңдалған сайманның қосымша параметрлерін орнату элементтері орналасқан; қосымша параметрлері жоқ саймандары үшін Options өрісі бос болады.
Ескерту!!!
Алдыңғы FLASH версияларынан айырмашылығы, кейбір сурет салу саймандарының параметрлерін орнатуды қасиеттер инспектор тақтасы көмегімен де орындауға болады.
Қажет емес кезде саймандар тақтасы шекарадан “жылжымалыға” ауысуы мүмкін.
Сурет-2. Редактрлеу саймандар тақтасы
Уақыт диаграммасы
Жұмыс облысы үстінде уақыт диаграммасының тақтасы (timeline) орналасқан. Уақыт диаграммасы, үстел сияқты, фильмнің нақты сценасына жатады. Ол сценадағы қабаттардың өзара орналасуын, сценадағы ұсынылған объектілердің өзгеру түрінің кезектестігін сипаттауға мүмкіндік береді және кейбір басқа операцияларды орындайды. Уақыт диаграммасы анимация құру кезінде және фильмнің интерактивті элементтерінің жүргізулуін сипаттау кезінде негізгі сайман болып табылады.
Уақыт диаграммасының тақтасы өте күрделі құрылымды және басқару элементтерінің саны көп болып келеді. Сонымен қатар, орнатылған параметрлерге байланысты, уақыт диаграммасының сыртқы түрі жеткілікті кең аралықта өзгереді. FLASH-та жұмыстың эффективтілігі уақыт диаграммасымен жұмыс істеу деңгейіне байланысты.
Жалпы жағдайда уақыт диаграммасының тақтасында келесі элементтер ұсынылуы мүмкін (сурет 3):
Фильмнің ағымдағы сценасының қабаттарының сипаттамасы; сипаттама бірнеше бағаннан тұратын, кесте түрінде ұсынылады; оларда қабаттардың аттары және атрибуттары көрсетіледі.
Меншікті уақыт диаграммасы, кадрлердің шкалаларын, «басын санайтын» бейнелерін және сценаның әрбір қабаты үшін уақыт диаграммасын құрайды.
Жылжымалы мәзір, уақыт диаграммасында кадрлерді ұсыну форматын таңдауға мүмкіндік береді.
Уақыт диаграммасы терезесінің қалып күйінде фильмнің кейбір параметрлері туралы ақпарат шығарылады, сонымен қатар үстелден анимация кадрлерінің көрінуін басқару үшін батырмалар бар.
Сурет-3. Уақыт диаграммасының тақтасы
Уақыт диаграммасының элементтерін толығырақ қарастырайық. Кадрлердің шкалаларынан бастайық. Шкала сценаның барлық қабаттары үшін ортақ болып келеді. Онда кадрлердің нөмерлері өсу ретімен көрсетілген. Нөмірлеу қадамы беске тең (ол кадрлердің кез келген форматында өзгеріссіз қалады).
Санау басы (play head) өзіндік индикатор болады, анимацияның ағымдық (активтік) кадрын көрсетеді. Кезекті кадрді құру кезінде және фильмді жіберу кезінде санау басы уақыт диаграммасы басына автоматты түрде ауысады. Қолмен (тышқан көмегімен) анимациялық фильм құрылған соң ғана оны ауыстыруға болады. Оны екі бағытта да орын ауыстыруға болады; бұл кезде анимацияланған объектілердің күйі өзгеретін болады.
Жеке қабаттың уақыт диаграммасы графикалық бейнелердің кадрлар кезектестігімен ұсынылады. Төменде көрсетілген бейненің өзі уақыт диаграммасында ақпаратталған. Берілген қабат үшін қандай анимацияланған әдіс қолданғаның кадр бейнелерінен анықтауға болады. Төменде уақыт диаграммасының әртүрлі форматтарының қысқаша сипаттамасын келтірдім (нақтырақ болсам, онда орналасқан объектілер).
Достарыңызбен бөлісу: |