Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы


Базалық операторлардың топтары



бет5/12
Дата12.03.2018
өлшемі2,06 Mb.
#39057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Базалық операторлардың топтары


Бұл операторларға фильмдерді өңдеудің кезектестігін басқаруға және қарапайым интерактивтілікті құруға мүмкіндік береді. Тіпті осы топтың операторларын білу дизайнердің мүмкіншілігін едәуір кеңейтеді.

GotoAndPlay

GotoAndPlay(scene,frame); - сценада көрсетілген кадрға көшу және сол орыннан бастап фильм ойналады. Егер сцена көрсетілмесе, онда көшу ағымдық сцена щегінде болады.

GotoAndStop

GotoAndStop(scene,frame); - сценада көрсетілген кадрға (аты немесе кадр нөмірі) жалғасыз ойналатындай көшу. Егер сцена көрсетілмесе, онда көшу ағымдық сцена щегінде болады.

Play


Play; - тоқтатылған фильмді жүктеу.

Stop


Stop; - қолданылған объектінің ойнатылуын тоқтатады. Бұндай объект негізгі фильм, ағымдық клип немесе батырма болуы мүмкін. Графикалық объектінің өзін тоқтатуға болмайды – ол үшін объект жатқан клипті тоқтату керек.

StopAllSound

StopAllSound(); - дыбысты сөндіру. Клиптің өзін тоқтатпай, ағымдық клипта өңделетін барлық дыбыстарды тоқтатады.

Батырмаға программалық кодты беру үшін батырманы белгілеп Action Object тақтасын ашамыз. Basic Actions тізімінде батырманы шерту кезінде орындалатын әрекеттер орналасқан.

Команданы таңдағаннан кейін, мысалы, Stop оң жақ терезеде батырма үшін сценарийдің бірінші жолы шығады. Бірінші жолды шерткенде, төменде Even - әсер ету параметрі шығады:


  • Press – батырманың басылуы.

  • Release – батырманы жіберу.

  • Release Outside – батырмадан тышқанды жіберу батырма шекарасынан;

  • Roll Over – тышқан көрсеткіші символдың үстінде.

  • Roll Out – тышқан көрсеткіші объектінің шекарасына ауысуы.

  • Drag Over –символ үстінен тышқан батырмасын басылу кезінде ауысуы.

  • Drag Out – тышқан батырмасын басылу кезінде ауысуы және оның символ шекарасынан кетуі.

  • Key Press – пернетақта пернесі басулы.

Батырмалармен жұмыс кезінде пернетақтамен басқару мүмкіндігін қолданған жөн.

Кодты енгізудің тағы бір мүмкіндігі бар. Бұл клип үшін кодты анықталған оқиғаның пайда болу байланысымен тағайындау. Бұл оқиғаларға клипті жүктеу (оның сценада шығуы), серверден мәліметтерді алу, клиптің координатталарының өзгеруі болуы мүмкін. Бұл айнымалылардың инициализациялау немесе оқиғаға клиптің әсері үшін қолдануға өте ыңғайлы. Клип оқиғасы үшін кодты тағайындауда сценадағы клипті белгілеу және OnClipEvent:OnClipEvent(movieEvent);



{
...
}
өңдеушісіне операторды енгізу жеткілікті.

movieEvent – оқиғаның параметр-қосқышы клип данасының әрекеті үшін тағайындалған орындауды жүктеу керек. Бұл параметрдің келесі мәндері болуы мүмкін:

load - әрекет клип инициализацияланған және фильмде шыққан кезде басталады.

unload - клип хронометриялық сызғыштан өшірілгеннен кейін бірінші фреймде шығады. Әрекет орындалып жатқан фреймдер үшін тағайындалған барлық басқа әрекеттерден ерте орындалады.

enterFrame -әрекет өңделетін әрбір фреймде шығады. Ерекшелігі, әрекет фреймдер үшін тағайындалған барлық басқа әрекеттерден кейін орындалады.

mouseMovie - әрекет тышқанның әрбір ауысу кезінде орындалады. Тышқанның ағымдық координатасын анықтау үшін _xmouse және _ymouse қасиеттерін қолдануға болады.

mouseDown - әрекет тышқанның сол жақ батырмасын шерту кезінде шығады. mouseUp - әрекет тышқанның сол жақ батырмасын жіберу кезінде шығады.

keyDown - әрекет пернені басу кезінде шығады. Басылған пернені анықтау үшін Key объектісінің - Key.getCode әдісін қолдануға болады.

keyUp - әрекет пернені жіберу кезінде шығады.

data - әрекет loadMovie операторын қолдану кезінде серверден мәліметтерді алғанда шығады.


Жұмыс барысы:


Тесттік бағдарламам 8 кадрдан тұрады. 1-ші кадрды ұлттық нақышта ұйымдастырдым. Қария шығып тест тапсырушыларға ақ жол тілейді. Бұл кадрда «Алға» батырмасын шерткенде келесі кадр шақырылады. «Алға» батырмасының ActionScript программалау тіліндегі коды:

on(release) –/батырманы жіберу/

{

_root.gotoAndStop(2); /келесі кадрды шақырады/



{

stopAllSounds(); /барлық дыбыстарды өшіреді/



} }

Бағдарламаның алғашқы беті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет