Шағын және орта бизнес, сауда бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
ШОБ субъектілерінің сандық тұрғыда артуы;
шағын кәсіпкерлікті дамытатын рыногтық инфрақұрылымның болуы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, МКҰ, кәсіпкерлер қауымдастықтары, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары және Жаңаөзен қаласындағы бизнес-инкубатор;
Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында Кәсіпкерлер қызмет көрсету орталықтарының ашылуы;
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуы;
кәсіпкерлерді қолдау арналған бюджет шығыстарының жыл сайынғы ұлғаюы.
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
кепілдік қамтамасыз етудің болмауына байланысты кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің шектеулі болуы;
банк кредиттері сыйақыларының жоғары пайыздық мөлшерлемелері;
салық салу саласында жеңілдіктердің жоқтығы;
шағын және орташа бизнестің салалық теңгерімсіздігі және оның әртараптандырылуының төмен деңгейі;
қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы, электронды сауданың әлсіз дамуы;
азық-түлік тауарларын басқа өңірлерден және елдерден 85%-ға дейін импорттауға тәуелділік.
|
МҮМКІНДІКТЕР:
ірі және орта кәсіпорындармен франчайзинг және аутсорсинг қағидаттарымен өзара пайдалы кооперативтік байланыстарды жолға қою;
шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы;
рыногтағы сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат берушілер, дайын өнімді сату мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін қалыптастыру.
|
ҚАТЕРЛЕР:
бірқатар шағын және орташа кәсіпорындардың банкрот болуына байланысты жұмыссыздықтың артуы, криминогендік жағдайдың жоғарылауы;
әлемдік рыногтағы мұнайға арналған бағаның құлдырауы себепті мердігерлік жұмыстарды орындау көлемінің төмендеуі;
ішкі рыногтың импортқа тәуелділігінің артуы;
теңгенің құнсыздануына байланысты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағалардың өсуі;
мұнай өнімдеріне арналған бөлшек сауда бағасының ұлғаюы.
|
Шағын және орта бизнестегі, саудадағы негізгі проблемалар:
рұқсат беру рәсімдері мен одан әрі жеңілдету және әкімшілік кедергілерді қысқарту қажеттілігі;
сыртқы экономикалық жағдайға байланысты жалға алу ақысы мен жабдық құнының өсуі;
кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлердің төмен біліктілігі;
ауылдық елді мекендерде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік нысаналы бағдарламалар бойынша іске асырылып жатқан жобалардың төмен деңгейі;
ШОБ үшін нысаналы топ болып табылатын өңір халқының жергілікті өнімге деген сұранысының төмендігі;
қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы;
қосымша азық-түлік қорларын сатып алу үшін көкөніс қоймаларының жоқтығы;
өңірде сұйытылған газды бөлшек және көтерме бағамен сатуды реттеу проблемалары.
2.1.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық
Маңғыстау облысында ел өңірлерімен арадағы республикаішілік кооперация тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіптерінде, машина жасауда, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде, металлургияда, мұнай-газ кешенінде жолға қойылған (1-кесте).
1-кесте. Республикаішілік өнеркәсіп кооперациясы
Өңірге жеткізу
|
Өнім
|
Маңғыстау облысындағы тұтынушылар
|
ҚР-ның басқа өңірлерінен жеткізушілер
|
Ұн
|
Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары
|
«Корпорация «Цесна» АҚ – Астана қаласы; «Ардагер» ЖШС – Семей қаласы
|
Сары май
|
«Маслодел» фирмасы – Алматы қаласы
|
Қағаз бума
|
Алматы қаласы
|
Тот баспайтын қамыттар
|
«Маңғыстау шыны-пластик құбырлар зауыты» ЖШС
|
«KSPSteel» ЖШС – Павлодар қаласы
|
Резеңке сақиналар
|
«Восход» зауыты – Қарағанды қаласы
|
Пластикалық және резеңке бұйымдар
|
«Проминвесткомплект» ЖШС – Алматы қаласы
|
Табиғи газ
|
«ҚазАзот» ЖШС
|
Атырау облысы
|
Буып-түю ыдыстары
|
Ақмола, Алматы облыстары
|
Мұнай-газ машинасын жасауға арналған құрағыш өнімдер
|
«ГММОС» ЖШС
|
Алматы, Атырау облыстары,
Алматы, Ақтөбе қалалары
|
Цемент
|
Құрылыс индустриясының кәсіпорындары
|
ШҚО
|
Сыйымдылық жабдығы, пештер, машиналар
|
Мұнай-газ өндіруші және мұнай-сервистік компаниялар
|
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ – БҚО
|
Өңірден жеткізу
|
Өнім
|
Маңғыстау облысынан жеткізушілер
|
Басқа өңірлердегі тұтынушылар
|
Аммиак селитрасы
|
«ҚазАзот» ЖШС
|
Қарағанды, Жамбыл, Павлодар облыстары
|
Тыңайтқыштар
|
ҚР-ның барлық өңірлері
|
Арнайы киім
|
«Жанарыс» ЖШС
|
Атырау облысы
|
Шыны-талшықты құбырлар
|
«Ақтау шыны-талшықты құбырлар зауыты» ЖШС
|
Қызылорда, Атырау облыстары
|
Болат құбырлар
|
Ақтау құбыр зауыты
|
БҚО, Алматы облысы, Қызылорда облысы
|
Өңіраралық кооперацияның рыногтық әлеуеті өңірде монополист кәсіпорындардың (азотты тыңайтқыштар), не тауашалық өнімдер (диаметрі үлкен құбырлар) өндіретін кәсіпорындардың бар болуымен байланысты. Тиісінше, өңірге облыста шығаруға пайдасыз өнім әкелінеді (ұн, сары май, көкөністер, машина жасауға арналған құрағыш өнімдер).
Батыс макроөңірінің аясында мұнай-газ секторы кәсіпорындарының арасында сервистік қызметтер көрсету және мұнай-химия өнімін жеткізу бөлігінде өңіраралық ынтымақтастық әлеуеті бар.
Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында, өңірде ақпараттық-таныстырылымдық жұмыс (көрмелер, бизнес-конференциялар, семинарлар, кездесулер) тұрақты негізде жүргізіліп тұрады. Оған Павлодар облысының бизнес-делегациясының 2015 жылғы өңірге сапары болып табылады. Кездесу қорытындысында ауыл шаруашылығы өгімін, металл конструкцияларды, машина жасау өнімін қоса алғанда, 5 млрд. теңгеден астам сомаға Павлодар облысының кәсіпорындарының өнімін жеткізуге арналған ниетке қол жеткізілді.
ҮИИДМБ аясында іске қосылған кәсіпорындардың қызметін талдау негізінде, ТШО, ҚазМұнайГаз сияқты және басқа да компаниялардың даму бағдарламаларының аясында өндірістік қуаттылықтарын жүктеу үшін, әкімдік оларға көрші мұнай-газ өңірлерінен әріптестер іздестіруге жәрдем көрсетуде.
Маңғыстау облысы бойынша басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша) 2015 жылда 212,1 млрд. теңгені құрады (2014 жылы – 262 млрд. теңге). Төмендеу, жөнелтілетін өнімнің жалпы көлемінде негізгі үлесті алатын мұнайға арналған бағалардың арзандауымен байланысты болды. Басқа өңірлерге жөнелтілген өнім көлемі 2016 жылдың қаңтар-қазанында 431,2 млрд. теңгені құрайды, ал бағалау бойынша 2016 жылда 505,3 млрд. теңгені құрамақ. Арту теңгеге қатысты доллары бағамының өсуімен түсiндiріледi.
Басқа облыстың резиденттері мен резиденттер еместерінен сатып алынған тауарлардың жалпы қарағанда басқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам көтерме кәсіпорындар бойынша) 2015 жылда 72,6% құрады (2014 жыл – 52,48%). Бағалау бойынша көрсеткіш 2016 жылы 75% құрайды.
Өңіраралық ынтымақтастық бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіптерінде, машина жасауда, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде, металлургияда, мұнай-газ кешенінде жолға қойылған өңіраралық байланыстардың болуы;
өңіраралық ынтымақтастықты жолға қою үшін ақпараттық-таныстырылымдық жұмыстың жүргізілуі;
әкімдіктің облыс кәсіпорындарына көрші мұнай-газ өңірлерінен әріптестер іздестіруге жәрдем көрсетуі
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
өңіраралық ынтымақтастық аясында статистиканың жоқтығы;
өңіраралық ынтымақтастықты дамыту саласындағы жеткіліксіз жүйелі жұмыс және пайымның жоқтығы
|
МҮМКІНДІКТЕР:
өңірде ұлттық мұнай-газ кластерін, мұнай-сервистік кластерді және кәсіпшілік мұнай-химия кластерін құру аясында мұнай-газ секторының кәсіпорындарымен кооперация;
басқа өңірлерден ауыл шаруашылығы өнімін жеткізуді ұйымдастыру;
ҚР-ның басқа өңірлерінде және БЭК елдерінде сатуға арналған тауарларды өндіру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында процессингтік орталықтар құру
|
ҚАТЕРЛЕР:
өңір өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
орталық деңгейде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын мұқият пайымдаудың болмауы
|
Өңіраралық ынтымақтастықтың негізгі проблемалары:
ҚР Батыс макроөңірінің аясында, Өңірдің ел ішінде және БЭК елдерімен өңіраралық кооперацияны дамыту жөніндегі жол картасы әзірленбеген;
Қазақстанның басқа өңірлерінде өндірілуі мүмкін, салынып жатқан құрағыш өнімдер өндірісінің қажеттілігін талдау жүйелі негізгі қойылмаған;
өңірдегі тауарлар, құрағыш өнімдер және шикізат өндірісі туралы ақпараттық база әзірленбеген.
2.1.1.6. Инновациялар мен инвестициялар
Инвестициялар
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012-2014 жылдарда 396 млрд. теңгеден 530 млрд. теңгеге дейін, НКИ 100,1%-дан 114%-ға дейін өсті. 2015 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемінің төмендеуі байқалады, НКИ 82,3% (459 млрд. теңге). Төмендеу, бірінші кезекте тау-кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың, дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың төмендеуімен байланысты болды. Мұнайға арналған әлемдік бағалардың төмендеуіне байланысты, мұнай-газ саласындағы бұрғылау бағдарламасы, геологиялық-техникалық іс-шаралар, жаңа ұңғымаларды игеру сияқты және тағы да басқа жобаларды қаржыландыру тоқтатылды.
1-сурет. Өңір бойынша инвестициялардың 2012-2014 жылдардағы кезеңдегі динамикасы
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша облыстың елдегі үлесі 6,5% құрайды (2015 жылы – республика бойынша 3-орын). Халықтың жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі бойынша (2015 жылда 744 мың теңге) облыс республика өңірлерінің арасында үшінші орында тұр.
Батыс макроөңіріне кіретін облыстар арасында Маңғыстау облысы негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша Атырау облысына кейін екінші орын алады (2015 жылда 458 млрд. теңге).
Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 2015 жылы 2012 жылмен салыстырғанда ұлғаюы Ақтау қаласы бойынша байқалды (25,4%) (1-кесте).
1-кесте. Қалалар мен аудандар бөлінісінде инвестициялар бойынша деректер (2015 жыл)
Атауы
|
Негізгі капиталға инвестициялар
(мың теңге)
|
2015 жыл, 2014 жылдың деңгейіне (%)
|
Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы (%)
|
Маңғыстау облысы
|
458 955 756
|
82,3
|
100,0
|
Ақтау қаласы
|
116 221 611
|
114,6
|
25,4
|
Жаңаөзен қаласы
|
21 217 821
|
70,4
|
4,6
|
Бейнеу ауданы
|
33 169 914
|
55,5
|
7,2
|
Қарақия ауданы
|
110 252 708
|
79,0
|
24,0
|
Маңғыстау ауданы
|
61 464 594
|
96,1
|
13,4
|
Мұнайлы ауданы
|
29 307 423
|
90,6
|
6,4
|
Түпқараған ауданы
|
87 321 685
|
66,9
|
19,0
|
Шетелдік инвестициялардың көлемі 2012-2015 жылдарда 108,1 млрд. теңгеден (үлес - 27%) 137,6 млрд. теңгеге (үлес – 25,9%) дейін өсті.
Инвестиция құрылымының негізгі көлемін өнеркәсіп (100%), оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі (88,3%), өңдеу өнеркәсібі (4,4%) алады.
Негізгі капиталға инвестициялардың айтарлықтай бөлігі жеке меншік нысанындағы кәсіпорындармен (65%), мемлекеттік меншік нысанымен (9%), сондай-ақ Маңғыстау облысында өз қызметін жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен (26%) игерілген.
«Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі» көрсеткішіне 2015 жылда толық қол жеткізілмеді (жоспар – 31,6%, нақтыланған факт – 30%). Үлесі басым мұнай-газ саласындағы (өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі үлесі 90%-ға жуық) бұрғылау бағдарламасы, геологиялық-техникалық іс-шаралар, жаңа ұңғымаларды игеру сияқты және тағы да басқа жобаларды қаржыландыру тоқтатылды.
Сыртқы инвестицияларды арттыру мақсатында, өңірде 2016 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс аясында «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС жанында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. «Маңғыстау облысының инвестициялық тартымдылығы» таныстырылымы әзірленді. Облыстың инвестициялық әлеуеті Орал қаласындағы «WestKazInvest-2016» инвестициялық форумында таныстырылды.
Өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін алға жылжыту мақсатында 2016 жылғы қазанда Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Investment Days of Mangystau» атты бірінші халықаралық инвестициялық форумы ұйымдастырылып, оған шетелдік инвесторлар қатысты. Форум қорытындысында Меморандумға қол қойылып, оның аясында «Битум бұйымдарынан оқшаулау матаериалдарын өндіретін зауыт салу» жобасын іске асыру үшін «BTI Kazakhstan» ЖШС құрылды. Келісімшарт жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Индустрияландыру картасының аясында 2010-2014 жылдардағы кезеңде 33 жоба іске асырлып, инвестициялардың жалпы сомасы 218,8 млрд. теңгені құрады. Жаңадан 3018 тұрақты жұмыс орны құрылды. Индустрияландыру картасының 2010-2014 жылдарда пайдалануға берілген жобаларымен 81,1 млрд. теңгеден астам сомаға өнім шығарылды. Нәтижесінде Индустрияландыру картасына қатысушылардың облыс өнеркәсібіндегі үлесі – 2,4% (ҚР бойынша орташа – 7,7%), өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 52,4% (ҚР бойынша орташа – 13%) құрады.
Индустрияландыру картасының аясында 2015-2019 жылдардағы кезеңге (екінші бесжылдық) облыс бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 163,1 млрд. теңгені құрайтын 28 жобаны іске асыру жоспарланған. Көрсетілген жобаларды іске асыру жаңадан 3074 жұмыс орнын құру көздейді.
Оның ішінде, 2015 жылы 44,1 млрд. теңге инвестициялар сомасына 10 жоба пайдалануға беріліп, жаңадан 670 жұмыс орны құрылды.
Инвестициялар тартылатын негізгі салалар өнеркәсіптік, мұнай сервистік, көлік-логистикалық, туристік және теңіз жобалары болды. Бұл салалар шетелдік, сонымен бірге отандық инвесторлар үшін де тартымды. Мұнда мына жобалар іске асырылды және іске асырылып жатыр:
1) «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы», «Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану» және «Халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейу». Паромдық өткелмен бірге темір жол тармағы порттар арқылы Каспий өңірінің елдеріне және Еуропаға Қазақстанның батыс бағыттағы транзиттік әлеуетін көтеруге ықпал етпек.
2) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ итальяндық «Eni» компаниясымен бірлесіп іске асырып жатқан «Құрық ауылында кеме жасау/кеме жөндеу зауытын салу» жобасы. Ол Каспийдегі теңіз операцияларымен байланысты жобалардың логикалық жалғасы болып табылады.
3) өңіраралық ынтымақтастықтың маңызды буыны болатын «Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы», «Бейнеу-Өзбекстан шекарасы» автомобиль жолдарын реконструкциялау жөніндегі жобалар.
ИИДМБ аясында 2016 жылға 167,3 млрд. теңге сомасына, шамамен 1885 жұмыс орнын құрумен 9 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. 1.12.2016 жылғы жағдай бойынша 5 жоба пайдалануға берілді:
1) Азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру, «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС;
2) Премиум сыныпты газ-герметикалық бұрама қосылыстары бар құбыр кесетін зауыт құрылысы, «Қазақстан Пайп Трэдэрс» ЖШС (Тенарис);
3) Дайын өнімді шығару бойынша өндірістік қуаттылықты арттырумен минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту, «ҚазАзот» ЖШС;
4) Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту, «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС;
5) Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.
Облыс әкімдігі 2012-2015 жылдарда Еуропадан, Қытайдан және БАӘ-нен келген инвесторлармен 25-тен аса келісімге қол қойды.
Инвестициялар тарту мәселесінде «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы республика бойынша (Астана АЭА-нан кейінгі) екінші тиімді дамып келе жатқан АЭА ерекше рөл ойнайды. Құрылған сәттен бастап «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында шамамен 79,8 млрд. теңге тартылып, 234 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, бюджетке 19 млрд. теңгеден асатын мөлшерде салықтар төленді. 1000-нан аса тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Инновациялар
Өңірлік инновациялық саясатты дамыту мамандандандырылған технологиялық ресурстарға негізделген өңірлік бәсекеге қабілеттіліктің өсуін ынталандыруға бағытталған.
Өңірдің инновациялық қызметінің негізгі көрсеткіштері жан-жақты беталысқа ие (2-кесте). Инновациялық белсенділік деңгейі, 2015 жылы орташа республикалық көрсеткіш 8,1% болғанда 4,0% құрады (2012 жыл – 2,4%).
2-кесте. Маңғыстау облысы бойынша инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
ҚР бойынша (2015 жыл)
|
Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны
|
бірлік
|
11
|
20
|
32
|
41
|
2585
|
Инновациялар саласындағы белсенділік деңгейі
|
%
|
1,6
|
2,4
|
3,4
|
4,0
|
8,1
|
Инновациялық өнім көлемі
|
млн. теңге
|
3609
|
1395,4
|
1546,8
|
1234,6
|
377196,7
|
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлер саны
|
адам
|
454
|
612
|
583
|
648
|
24735
|
Достарыңызбен бөлісу: |