2.1.2. бағыт. Әлеуметтік сала
2.1.2.1. Білім беру
2011-2015 жылдарға арналған АДБ іске асырылған кезеңде6 өңір білім беру саласында нақты жетістіктерге жетті: жалпы білім беретін мектептер желісі –12%-ға, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі – 35%-ға кеңейді, балаларды мектепалды даярлықпен қамту 90%-ға қамтамасыз етілді, мектептердің 40%-дан астамы электронды оқыту жүйесін енгізді, мектептердің 24%-ы инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасады, колледждердің 68%-ы дуальді білім беру жүйесіне көшті.
Мектепке дейінгі білім беру
Маңғыстау облысы халықтың өсу қарқыны жоғары өңірлердің қатарына жатады7. Халықтың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының (МБҰ) қызметтеріне қажеттілігі үнемі өсуде (1-кесте). 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын алуға арналған кезекте 30042 бала тұрды.
1-кесте. Мектепке дейінгі білім беру көрсеткіштерінің динамикасы, 2012-2015 жылдар
Жылдар
|
МБҰ саны, бірлік
|
Балалар қамтылды, адам
|
3-тен
6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %
|
1-ден
6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %
|
5-тен
6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %
|
Жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі, %
|
2012
|
172
|
23864
|
63,4
|
37,7
|
75,7
|
27,2
|
2013
|
183
|
26172
|
67,9
|
39,6
|
92
|
21,1
|
2014
|
202
|
28275
|
68,2
|
40,8
|
92,3
|
20,5
|
2015
|
233
|
39878
|
77,4
|
48,08
|
89,4
|
20,5
|
МБҰ санының тез өсуіне қарамастан, 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 48,08% құрайды, бұл – орташа республикалық көрсеткіштен төмен (53,8%8).
Балаларды мектепалды даярлықпен қамту 93%-ға қамтамасыз етілген. Қалалар мен аудандар бөлінісіндегі деректер 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Қалалар мен аудандар кесінінде балалардың МБҰ-мен қамтамасыз етілуі
№
|
Қалалар мен аудандардың атауы
|
МБҰ-ның барлығы
|
1-ден 6 жасқа дейінгі балалар саны
|
МБҰ балаларының саны
|
Қамту %-ы
|
1
|
Ақтау қаласы
|
72
|
23513
|
14961
|
63,63
|
2
|
Жаңаөзен қаласы
|
45
|
20320
|
9029
|
44,43
|
3
|
Бейнеу ауданы
|
23
|
9386
|
3726
|
39,7
|
4
|
Қарақия ауданы
|
18
|
5225
|
2600
|
49,76
|
5
|
Маңғыстау ауданы
|
25
|
6120
|
2678
|
43,76
|
6
|
Мұнайлы ауданы
|
31
|
18307
|
5881
|
32,12
|
7
|
Түпқараған ауданы
|
15
|
3813
|
2334
|
61,21
|
|
Облыстық ұйымдар
|
4
|
|
465
|
|
|
Облыс бойынша
|
233
|
86684
|
39878
|
48,08
|
Мұнайлы, Маңғыстау және Бейнеу аудандарында 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 40%-дан төмен (ең жоғары көрсеткіш Ақтау қаласында – 63,63%).
2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысы бойынша «Мектепке дейінгі (3-6 жас) білім алуға мұқтаж балалар санын төмендету үшін ашылған жаңа орындардың үлесі» көрсеткіші толықтай орындалмады: жоспар – 18,8%, нақтысы – 16,6%. Себеп – бюджет қаражатының оңтайландырылуы, құрылыс салу жөніндегі жеке жаңа бастамалар қолданбады.
2015 жылы 39 объектіні ашу 39 объектіні ашу және пайдалануға беру жоспарланып, іс жүзінде 5257 орынды қамтумен 35 МБҰ, оның ішінде құрылысын салу есебінен – 4080 орындық 18 МҰ; ғимаратты қайтару есебінен – 280 орындық 1 МҰ; мектептер негізінде ашу есебінен 50 орындық 2 шағын орталық; ашу есебінен – 847 орындық 17 жекеменшік МҰ пайдалануға берілді.
2016 жылы МБҰ желісін одан әрі кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. 1.10.2016 жылғы жағдай бойынша облыста 32,5 мың бала қамтылған 241 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (2015 жылға қарағанда 103,4%). 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 81,8% құрайды.
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде.
МБҰ-мен қамтамасыз ету мәселелерінен басқа, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері де бар (жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі 2012 жылғы 27,2%-дан 2015 жылы 20,0%-ға дейін төмендеді).
Жалпы орта білім
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірде 145 жалпы білім беретін мектеп (2012 жылы – 130) (оларда оқитындардың саны – 114425 адам), оның ішінде 132 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп, 7 кешкі мектеп, 4 мемлекеттік емес мектеп жұмыс істейді.
2015-2016 оқу жылының басында өңірде 2 авариялық мектеп жұмыс істеп9, 3 ауысымдық мектептердің саны 3 бірлікті құрады (2012 жылға қарағанда 50%-ға қысқарды)10.
Облыс мектептерінің жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтамасыз етілуі республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары11: жаңа физика кабинеттері 72 мектепте (54,5%), химия кабинеттері – 86 мектепте (65,1%), биология кабинеттері – 92 мектепте (69,7%), лингафондық-мультимедиялық кабинеттер 114 мектепте (98,2%) бар.
Электронды оқыту 44 мектепте енгізілген (2012 жылы – 17 мектеп). Облыстың 132 мемлекеттік мектебінің 118-нде (89,4%) дербес веб-сайттар жұмыс істейді (2012 жылы – 74 мектеп).
Облыстың 132 мемлекеттік жалпы білім беретін мектебінің ішінде 127 мектепте немесе мектептердің 96,2%-нда ыстық тамақ ұйымдастырылған. 5 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепте асханалар жоқ (Қарақия ауданында – 2-еу, Маңғыстау ауданында – 3-еу).
7164 оқушы немесе мұқтаж оқушылардың 100%-ы тасымалдаумен қамтамасыз етілген.
Мектептері жоқ елді мекендер саны – 12. Қарақия ауданында – 4 (Аппақ-149, Бостанқұм-1, Қызылсу-0, Төлеп-0), Маңғыстау ауданында – 7 (Қияқты-6, Басқұдық-3, Тасмұрын-2, Тиген-13, Сазды-12, Жарма-17, №15 Бекет-3), Мұнайлы ауданында – 1 (Бірлік ауылы-189). Олардағы оқушылар саны – 395. Оның ішінде күн сайын тасымалдаумен 325 оқушы қамтамасыз етілген. Қалған оқушылар мектеп жанындағы интернатта тұрады және күн сайын тасымалдауға мұқтаж емес.
Жалпы білім беру мекемелерінде 9833 педагог (2012 жыл – 7272) жұмыс жасайды. Бірінші және жоғары санаттағы оқытушылар үлесі орташа республикалық деңгейден төмен14 және 42,4% (2012 жыл – 43,7%) құрайды.
Облыстың ҰБТ көрсеткіштері 2012-2015 жылдарда орташа республикалық көрсеткіштен төмен болды. 2014-2015 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы бойынша облыстағы орташа балл 75,7-ні құрады (2013-2014 оқу жылында – 74,5), республикалық көрсеткіш 79,4-ті (2012 жылы – 70,9) құрады.
Мектептерде білім беруді 12 жылдық жалпы орта білім беруге ауыстыруды дайындау бойынша пилоттық режимде жұмыстар жүргізілуде.
«Үш ауысымдық және авариялық мектептердің орнына пайдалануға берілген жаңа мектептердің саны» көрсеткішін орындау тұрғысында 2015 жылы үш ауысымдық және авариялық мектептердің орнына 3 мектеп пайдалануға берілді:
Қарақия ауданының Жетібай станциясындағы 624 орындық орта мектеп, объект 2015 жылғы 1 қыркүйекте ашылды (авариялық мектептің орнына);
Қарақия ауданының Құланды ауылындағы 624 орындық орта мектеп, объект 2015 жылғы 1 қыркүйекте ашылды (авариялық мектептің орнына);
Мұнайлы ауданының Атамекен ауылындағы 1200 орындық орта мектеп, объект 2015 жылғы 12 қарашада ашылды (үш ауысымдық проблемасын шешу үшін) .
Сондай-ақ, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 120 орындық жатақханасы бар 550 орындық орта мектепті салу (жер қойнауын пайдаланушылар қаражатының есебінен) және 2015 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған болатын, алайда объект 2016 жылдың басында тапсырылды.
Бұдан басқа, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2016 жылы Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында 900 орындық мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, облыс бойынша 943 баланы жалпы қамтитын 5 арнайы (түзету) мектебі мен 5 арнайы ұйым (2 психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация, 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 1 оңалту орталығы) жұмыс істейді.
2014 жылы 74 мектепте (24%) инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасалды (2012 жылы – 18,7%). Білім беру ұйымдарының жалпы санында инклюзивтік білім берумен қамту көрсеткіші 2015 жылы 24,6% құрады (АДБ бойынша жоспар – 24,6%). Қол жеткізе алмаудың негізгі себебі – облыстағы мектептердің жалпы санының күрт өсуі, нәтижесінде жалпы сандағы үлес төмендеді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны – 587, оның ішінде 178 балада бекітілген үй бар. Бекітілген тұрғын үйі жоқ балаларды тұрғын үймен қамамасыз ету мәселесін шешу мақсатында, 2014 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында жинақтау шоттары ашылды. Сондай-ақ, 2015 жылы 97 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаға пәтерлер бөлінді.
Өңірде отбасылық тәрбиенің балама нысандарын дамыту мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде, 2015 жылы интернат мекемелердің 15 тәрбиеленушісі қорғаншылыққа және қамқоршылыққа берілді, 1 бала патронаттық тәрбиеге берілді, 12 тәрбиеленуші асырып алынды, 23 бала туған отбасыларына қайтарылды.
Техникалық және кәсіптік білім беру
Облыста 2015 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін 25 (2012 жылы – 25), оның ішінде 14 мемлекеттік, 11 мемлекеттік емес оқу орны жұмыс істеп тұрды. 2015-2016 оқу жылында ТжКББ-дің оқу желісі 1 бірлікке көбейді. Ақтау қаласында мемлекеттік емес Маңғыстау көпсалалы «Келешек» колледжі ашылды.
Облыс колледждерінде 2015-2016 оқу жылында 23314 оқушы (2014 жылы – 27031), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 11139 адам (48%) адам оқыды. 2012 жылы барлығы – 27092 адам, мемлекеттік тапсырыс бойынша – 14205 адам (52%).
Кадрлар даярлау 84 мамандық бойынша жүзеге асырылуда. Оның ішінде, техникалық мамандықтар (мұнай-газ ісі, энергетика, автомобиль шаруашылығы) – 34%, технологиялық мамандықтар - 7% (машина жасау, слесарь және токарь жұмыстары), құрылыс және коммуналдық шаруашылық – 4%, білім және өнер – 22%, гуманитарлық мамандықтар (құқықтану, әлеуметтік жұмыс, іс жүргізу) – 4%, медициналық мамандықтар – 14%, сервис және экономика – 11%.
Ауылдық аудандардың аумақтарында Бейнеу, Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандарында және Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында 6 колледж жұмыс істеп тұр. Жетібай кәсіптік колледжі 2013 жылы республикалық бюджет қаражатының есебінен салынған Құрық ауылындағы жаңа ғимаратқа көшті.
Дуальді білім беру жүйесі 25 колледждің ішінде 17 колледжде енгізілген.
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітіріп шыққан мамандар 2014 жылы 4946 адамды құрады (2013 жылы – 4919). Оның ішінде, жоспар 3851 адам болғанда, 2849 адам (58%) жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастырудың төмен болуының себебі – жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдау кезіндегі көтеріңкі талаптары (тәжірибенің, жұмыс өтілінің болуы), Қашаған кен орнының 2-фазасын іске асыру мерзімдерінің ауыстырылуына байланысты, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмыс көлемінің қысқаруы.
Білім беру бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
балабақшалар, шағын орталықтар, оның ішінде жекеменшік балабақшалар салу және жаңаларын ашу, бұрынғы ғимараттарды қайтару және қайта құру есебінен МБҰ желісінің кеңеюі;
қосымша мектептер салу есебінен оқушылар орны тапшылығының біртіндеп жойылуы;
мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының ашылуы;
интернат мекемелерінде балалар санының қысқаруы және балалардың отбасыға орналастырылуы;
колледждер желісінің кеңеюі және колледждерде оқушылар мен оқытушылар санының артуы;
оқу үдерісіне оқытудың дуальді жүйесі элементтерінің енгізілуі:
даярланған кадрларды жұмысқа орналастыру мәселелерін болдырмайтын Корпоративтік білім беру қағидаттарының пайдаланылуы.
|
мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орындар тапшылығы, оның ішінде ауылдық елді мекендерде сақталуда;
мектепке дейінгі ұйымдардың білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі;
күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің жыл сайын артуы;
үш ауысымда оқытатын мектептердің болуы;
бейімделген үй-жайларда орналасқан мектептердің, әсіресе ауылдық жерде болуы;
инклюзивті білім берудің жеткілікті дамымауы;
тұрмысы қолайсыз отбасы мен баланы анықтаудың бірыңғай өлшемшарттарының жоқтығы;
жетім балалардың қатарындағы түлектерді жұмысқа орналастыру тетігінің пысықталмағандығы;
мектепке дейінгі балалар ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі.
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
мектептерді бейімделген орынжайларға орналастыру практикасын жою мақсатымен және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін, орта білім берудің қазіргі заманғы объектілерін салу саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту;
отбасыларды – әлеуетті бала асырып алушыларды, қорғаншыларды, қамқоршыларды іріктеу, дайындау және сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсететін халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ жобаларының гранттарын пайдалану.
|
жекеменшік сектор бастамасының әлсіздігі;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі;
жалақының төмен деңгейі педагог кадрлардың кетуіне әкеледі;
балаларды отбасына орналастыру мәселелерінде интернат мекемелері әкімшілігі мен қызметкерлерінің әлсіз уәждемесі;
ата-ананың қамқорлығынсыз және оларды алмастыратын отбасылардың қолдауынсыз қалған балаларды отбасылық өмірге орналастыру бағдарламаларына оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламаларының жоқтығы.
|
Білім беру саласындағы негізгі проблемалар:
мектепке дейінгі және мектепте білім беруде оқушылар орындарының тапшылығы;
білім беру ұйымдарының әлсіз материалдық-техникалық базасы;
орыс тілінде оқытатын мектептерде кадрлардың тапшылығы сақталуда;
білім беру жүйесіндегі тексерулер санының көптігі, ол білім беру қызметінен басқаға алаңдатады;
инклюзивтік білім беру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі (пандустар, лифтілер, шкафтар және т.б.);
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің төмендігі;
қалалық жердегі студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі;
колледж түлектерін жұмысқа орналастыру проблемалары;
колледждердің көпшілігінің үлгілік емес ғимараттарда орналасуы.
Жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың басты мақсаты жастардың әлеуетін жан-жақты дамыту болып табылады. 1.01.2016 жылға жастардың (15-28 жас) саны 165,2 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 26%-ын құрайды.
Мемлекетттік жастар саясатын іске асыру мақсатында, өңірде жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстың қалалары мен аудандарында 8 жастардың ресурстық орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, барлық жоғары және техникалық-кәсіптік оқу орындарында 26 Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істейді.
Жастар саласындағы проблемаларды шешу және анықтау үшін, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастардың ҮЕҰ-мен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Облыс бойынша жастардың ҮЕҰ-ның саны 30 бірлікті құрайды, оның ішінде 20-дан астамы белсенді жұмыс істейді. Олардың көпшлігі Ақтау қаласында орналасқан. Облыстағы жастардың үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік тапсырыс жүйесі арқылы жастар арасындағы әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге белсенді тартылуда.
Социологиялық сұраулардың нәтижелері бойынша, жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа 14-тен 29 жасқа дейінгі халықтың қанағаттану деңгейі 2015 жылы 88% құрады.
Осыған қарамастан, өңірде жастар саясатын іске асыру саласында бірқатар өзекті мәселелер бар. Біріншісі – жастар жұмыссыздығының проблемасы. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2015 жылы ҚР бойынша 4,3% болғанда (2012 жылы – 4,6%, 2013 жылы – 7,5%, 2014 жылы – 4,2%), 4,2% құрады. Бұл ретте, мейлінше жоғары деңгей Ақтау қаласында байқалады – 19,9%.
2-сурет. Қалалар мен аудандар бөлінісінде 2015 жылдағы жастар жұмыссыздығының деңгейі
Екінші проблема: 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі (оқымайтын, жұмыс жасмайтын және экономикалық белсенді емес болып табылатын жастардың үлесі) де орташа республикалық деңгейден асып түседі. Статистикалық деректер бойынша, осы көрсеткіш 2015 жылы 12% құрады (ҚР бойынша – 8,5%). 2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысында осы көрсеткішке қол жеткізілмегені байқалды (жоспар – 9%). Себеп – жұмыс тәжірибесінің болмауына, кәсіпорындарда бос орындар санының қысқартылуына байланысты жастардың жұмысқа орналасуда көретін қиындықтары. Жастардың жекелеген санаттары үшін ЖОО мен колледждерде оқу үшін ақы төлеу жоғары және қол жетпейтін баға болып қалуда.
Облыс бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, бірқатар қажетті шаралар қабылданып, «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламалары іске асырылуда. Осы бағдарламалардың аясында 2012-2015 жылдарда 9235 адам немесе жұмыссыз жастардың 56,7%-ы жұмысқа орнаастырылды.
3-сурет. 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, %
Достарыңызбен бөлісу: |