Өсімдік шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы негізінен көкөністер мен бақша дақылдарын өсіруден тұрады (3-кесте). Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы ықшам, яғни жерасты және су құбырының суармалы суларының жеткілікті дәрежесі бар аумақтарда орналасқан. Бұл – Қарақия және Мұнайлы аудандарында Қызылқұм, Жаңаөзен қаласындағы Төңірекшың (Астрахань-Маңғыстау құбыржолы), Түпқараған ауданындағы Сәубет, Маңғыстау аданындағы Жыңғылды жерлері.
Статистикалық деректер бойынша нақты егіс ауданы 2015 жылы 1615 гектарды құрап, оның ішінде ылғал үнемдеуші технологиямен (тамшылатып суару) 893,5 га қамтылды. Бұл – 2012 жылдың деңгейінен 610,3 гектарға көп.
Өңірде 2015 жылы жалпы ауданы 9,4 га 9 жылыжай, оның ішінде ауданы 6,2 га өнеркәсіптік үлгідегі 3 жылыжай және ауданы 3,2 га фермерлік үлгідегі 6 жылыжай жұмыс істейді. 2015 жылы жабық топырақта 988,6 тонна көкөніс дақылдары өндіріліп, облыс халқына сатып өткізілді.
3-кесте. Өсімдік шаруашылығы бойынша 2012-2015 жылдардағы көрсеткіштер
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2014 жыл/2012 жыл, %
|
Жалпы көкөніс-бақша дақылдарын жинау, тонна
|
11338,6
|
8787,4
|
12088,2
|
12853,3
|
113,35
|
Шығымдылық, ц/га:
|
|
|
|
|
|
Көкөністер
|
110,2
|
183,3
|
84,2
|
92,3
|
83,7
|
Бақша дақылдары
|
136,5
|
168,2
|
64,3
|
114,5
|
83,9
|
2-сурет. 2012-2015 жылдарда көкөніс-бақша өнімдерін өндіру
2014 жылы шығымдылықтың төмендеуі, статистика органдарының 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары мен үй шаруашылықтарының (бақшалардың) алқаптарын есепке алуымен түсіндіріледі. Бірақ, осы деректер жалпы жинауда көрсетілмеген. Ауыл шаруашылығы дақыларының ауданы 2014 жылы 1561,7 га құрады, бұл – 2012 жылғы суарылатын алқаптан 2,07 есе көп.
Балық шаруашылығы. Облыста жағада балық аулаумен 15 шаруашылық етуші субъект айналысады. Балық аулау Каспий теңізінің жағалаудық аймағанда, Қаражанбас, Қаламқас кен орындарың, Сарытас, Қошақ шығанақтарының, Құлалы, Подгорный және Долгий аралдарының ауданында және облыстың батыс жалауында жүргізіледі.
Облыста мұздатқыш және тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталған 7 балық қабылдау пункті жұмыс істейді. Балықты өткізу үшін 28 сауда нүктесі жұмыс істейді. Ауланған балықтың барлығы ішкі тұтыну үшін пайдаланылады.
Балықтардың кәсіпшілік түрлері – балықтардың майшабақ, тікенді және ұсақ түрлері. Жыл мерзіміне қарай Каспий теңізінің оңтүстігінен солтүстігіне және кері көшіп жүретін өрістегіш және жартылай өрістегіш балықтардың маусымдылығына және экономикалық тиімсіздігіне байланысты, теңізде балық аулау дамымаған.
2012 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы аралықта балық аулаудың және лимитті игеру көлемінің 445,3-тен 605 тоннаға дейін немесе 35,8%-ға өсу беталысы байқалады.
Балық өсіруде 2014 жылы «KazakhOsseter» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында қуаттылығы жылына 60 тоннан бекіре балығы болатын тауарлық ферма салу жобасы іске асырылды.
Форт-Шевченко шағын қаласы балық саласын дамыту үшін қолайлы жағдайларға ие: теңізге жақын орналасу, балық шаруашылығы саласында тәжірибенің бар болуы (кеңестік кезеңде мұнда балықты қайта өңдеу бойынша ірі кәсіпорын жұмыс істеді).
2015 жылы облыс бойынша 4290 тонна балық аулауға квота бөлініп, іс жүзінде 1064 тонна балық ауланды.
Биылға облыс бойынша 4090,3 тонна балық аулауға квота бөлінді. Осы уақытқа дейін 2260,8 тонна балық аулауға ғана рұқсат алынып, іс жүзінде 778 тонна балық ауланды.
Статистикалық деректер бойынша, облыста балық пен теңіз өнімдерін бір айда тұтыну жан басына шаққанда 900 граммды, ал жылдық тұтыну – жан басына шаққанда 11 килограмды құрайды. Демеке, облыс бір жылда 6 930 тонна балық пен теңіз өнімдерін тұтынады. Жергілікті балық кәсіпшілігі 1,7 килограмды немесе облыс халқының балық пен теңіз өнімдеріне деген бір жылдық қажеттілігінің бар болғаны 15,35%-ын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде аумақтық инспекциялар және Каспий теңізімен шектесетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін құны 400 млн. теңге болатын теңіз кемесін және 100 млн. теңге сомасына 10 бірлік жүрдек шағын өлшемді кеме сатып алу жолымен материалдық-техникалық базаны нығайту туралы мәселе пысықталуда.
Өнімді қайта өңдеу. Облыста өндірілетін өнімді қайта өңдеу болмашы көлемде жүзеге асырылуда. Негізгі көлем үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарында өндіріліп, өнім негізінен өз мұқтаждықтарына жұмсалады.
Өңірде «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС мен «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нде түйе сүтін қайта өңдейтін цехтар жұмыс істейді. Кәсіпорындар өздері өндіретін түйе сүтін, сондай-ақ Шебір, Шетпе, Жыңғылды, Қызан, Бейнеу ауылдарының қабылдау пункттерінен келетін сүтті қайта өңдеуді жүзеге асырады және олардан шұбат пен басқа да ашыған сүт өнімдерін өндіреді.
«Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС18 млн. теңгеге шұбат құятын және арнайы ыдыс шығаратын желі сатып алып, зауытқа жаңғырту жүргізді және 6 млн. теңге мөлшерінде инвестициялық субсидиялау алды. Нәтижесінде зауыттың қуаттылығы айына 7,5 млн. тоннадан 40 тоннаға сүт өніміне дейін артты. Бұдан басқа, ЖШС Бейнеу ауылында шұбат өндіретін филиал ашуды жоспарлап отыр.
Былғары мен қой жүнінен жасалған тауарлар, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындардың өтінімдері бойынша техникалық киіздер шығарумен айналысатын «Сенек» ЖШС-нің жүн мен терілерді қайта өңдейтін цехы жұмыс жасайды. «Таушық» ЖШС-нде халық тұтынатын тауарлар (түйе жүнінен жасалған көрпелер, киіздер және т.б.) шығарумен айналысатын түйе жүнін өңдейтін цех жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, өңірде өзге өңірлерден (БҚО, Алматы, Қостанай, Ақтөбе облыстары) және шетелден (Ресей Федерациясы) әкелінетін шикізатпен жұмыс жасайтын, ет пен сүт өңдейтін бірнеше субъектілер («Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Ақтау сұт» ЖШС, «Ақ-нек» ЖШС, ДК Поздняков және басқалары) жұмыс істейді.
Өңірде ет өңдеу бойынша 7 мал сою пункті мен 4 мал сою алаңы жұмыс істейді.
АӨК саласын дамыту бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің (жайылымдардың) зор резерві;
мал шаруашылығн дамытуды қолдау үшін, «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бюджеттерден ақшалай қаражаттардың жыл сайын бөлінуі;
жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне деген үлкен сұраныс және салыстырмалы түрдегі төмен өткізу бағасы;
ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға инвестициялар салатын қаржы институттарының жеткілікті саны
|
жергілікті табиғи жем-шөп жағдайларын өсіруге сыналған ауыл шаруашылығы жануарларының шектеулі түрлері мен тұқымдары;
өндірістің ұсақ тауарлығы;
жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;
АШТӨ-дің өткізу рыногтарынан қашық орналасуы;
білікті кадрлардың жетіспеушілігі;
саланың инвестициялық тартымдылығының және мұнай-газ өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты жастарда ауыл шаруашылығы өндірісіне бастамашылықтың болмауы
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
сүт-тауарлық түйе шаруашылығына және етті-майлы қой шаруашылығын дамыту;
мал шаруашылығын дәстүрлі салалаларының тұқымдық және өнімдік сапаларын одан әрі жетілдіру;
мақсатты ғылыми негізделген селекциялық-тұқымдық жұмыс арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу желісін ұйымдастыру және дамыту, тұқымдық, өнімдік және бейімделген сапаларымен (белгілерімен) ерекшеленетін жануарлардың жаңа желілері мен тұқымдастарын, зауыттық үлгілерін шығару
|
саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;
ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалануға жарамды табиғи су көздеріің жоқтығы;
мал басының, тиісінше мал шаруашылығы өнімдерін шығарудың азаюы;
шығарылатын ауыл шаруашылығы өніміне арналған бағалардың өсуі;
шекара маңындағы елдерден аса жұқпалы аурулардың әкелінуінің жоғары ықтималдығы;
ауыл шаруашылығы өнімі импортының өсуі.
|
АӨК саласы бойынша негізгі проблемалар:
өңірде дәстүрлі отарлы мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бермейтін, жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;
өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп базасының жоқтығы;
түйе шаруашылығын дамытудың арнайы мемлекеттік бағдарламасының жоқтығы;
балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қаржылай қолдаудың тартымсыз шарттары;
ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы;
білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда
Шағын және орта кәсіпкерлік
Облыс экономикасын дамытудың басым бағыты шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.
Облыс бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілерінің саны 2015 жылы 53 710 бірлікті құрады, бұл – 2014 жылдың деңгейінен 2,7%-ға (55 195 бірлік) төмен және 2013 жылдың деңгейінен 8,2%-ға жоғары (49 602 бірлік).
ШОК-тің белсенді субъектілерінің саны 2015 жылы 46 488 бірлікті құрады және 2014 жылмен салыстырғанда (35 620 бірлік) нақты мәнде 10 868 бірлікке немесе 30,5%-ға артты және 2013 жылмен салыстырғанда (32 835 бірлік) 13 653 бірлікке немесе 42,0%-ға арту байқалады.
Тіркелгендердің жалпы санындағы ШОК-тің белсенді субъектілерінің үлесі 2015 жылы 86,5% құрады, бұл – 2014 жылдың деңгейінен 22 пайыздық орынға (64,5%) және 2013 жылдың деңгейінен 20,3 пайыздық орынға (66,2%) жоғары.
ШОК саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 2015 жылы 111 665 адамды құрады, бұл – 2014 жылмен салыстырғанда (96 655 адам) 15,5%-ға немесе 15 010 адамға көп және 2013 жылмен салыстырғанда (83 016 адам) 34,5%-ға немесе 28 649 адамға артты.
ШОК субъектілерінің өнім шығаруы 2015 жылы 640,7 млрд. теңгені құрады, бұл – 2014 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 42,4 млрд. теңгеге аз және 2013 жылмен салыстырғанда 315,2 млрд. теңгеге артық.
ШОК өнімінің нақты көлемінің индексі: 2015 жылы – 87,0%, 2014 жылы – 109,0%, 2013 жылы – 96,2% құрады.
2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысы бойынша «ШОК субъектілерінің өнім шығаруының НКИ» индикаторына (жоспар – 107,5% болғанда, нақтысы – 87,0%) және «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы» көрсеткішіне (жоспар – 716,7 млрд. теңге болғанда, нақтысы – 640,8 млрд. теңге) қол жеткізілмеді. Қол жеткізбеу ірі кәсіпорындар тарапынан тапсырыстардың азаюына, қаржы қиындықтарына байланысты дара кәсіпкерлердің өнім, тауарлар және көрсетілетін қызметтер шығаруды төмендетуіне қатысты болды.
Статистикалық деректер бойынша, облыс ЖӨӨ-дегі ШОК-тің үлесі 2015 жылдың қорытындысында 19,9% құрады. Бұл ретте, ЖӨӨ-дегі ШОК-тің үлесі 2014 жылмен салыстырғанда 2,3 пайыздық орынға (17,6%), 2013 жылмен салыстырғанда 10,2 пайыздық орынға (9,7%) артты. Облыс осы көрсеткіш бойынша 2015 жылы басқа өңірлермен салыстырғанда республикада 10-орын алды.
1-кесте. Өңірдегі ШОК дамуының негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
өлшем бірлігі
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Тіркелген ШОК субъектілерінің саны
|
бірлік
|
49 602
|
55 195
|
53 710
|
ШОК-тің белсенді субъектілерінің саны
|
бірлік
|
32 835
|
35 620
|
46 488*
|
Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы белсенді субъектілердің үлесі
|
%
|
66,2
|
64,5
|
86,6*
|
ШОК-те жұмыспен қамтылғандардың саны
|
адам
|
83 016
|
96 655
|
111 665
|
ШОК субъектілерінің өнім шығаруы
|
млн. теңге
|
325 497
|
683 224
|
640 770
|
ШОК субъектілерінің өнім шығаруының НКИ
|
%
|
96,2
|
109,0
|
87,0
|
Облыс ЖӨӨ-нің құрылымындағы ШОК үлесі
|
%
|
9,7
|
17,6
|
19,9
|
*- Халықаралық практикаға сәйкес, ШОК субъектілерінің саны туралы көрсеткіштерді қалыптастыруда бірыңғай тәсілдер қолдану мақсатында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен қарама-қайшылықтар болдырмау үшін, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап «белсенді» субъектілердің орнына «жұмыс істеп тұрған» субъектілер көрсеткіші деп жариялануда.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында 2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК-2020) іске асырылып келеді. Ол 2015 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК-2020 бірыңғай бағдарламасы) деп өзгертіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілді.
Маңғыстау облысында БЖК-2020 бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2013-2015 жылдарда 5,8 млрд. теңге бөлінді.
БЖК-2020 аясында 2013-2015 жылдарда 126 жоба субсидияланып, 51 кредит бойынша ішінара кепілдендіру ұсынылды, 17 грант берілді, 5 кәсіпорын үшін инфрақұрылым тартылды, 13 микрокредит берілді.
2-кесте. «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасының аясында құралдар бөлінісінде қолдау алған жобалар саны
Қолдау құралдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
Субсидиялау
|
25
|
46
|
55
|
Кепілдендіру
|
4
|
13
|
34
|
Гранттар
|
9
|
8
|
7
|
Инфрақұрылым
|
0
|
4
|
1
|
Микрокредит беру
|
|
|
13
|
БЖК-2020 бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру нәтижесінде 2013-2015 жылдары 4,2 мың жұмыс орны сақталып, 1,7 мың жұмыс орны құрылды.
БЖК-2020 аясында 2011 жылдан бастап «Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау» атты 4-бағыт іске асырылуда.
3-кесте. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында құрауыштар бөлінісінде оқудан өткен қатысушылардың саны
Қолдау құралдары
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Барлығы
|
Бизнес-кеңесші 1
|
1 281
|
1 190
|
639
|
Бизнес-кеңесші 2
|
51
|
90
|
125
|
Топ-менеджментін оқыту
|
17
|
16
|
43
|
Іскерлік байланыстар
|
18
|
36
|
69
|
Аға сеньорлар
|
1
|
2
|
3
|
Жас кәсіпкер мектебі
|
61
|
-
|
61
|
2013-2015 жылдары «Бизнес-кеңесші 1,2» құрауышы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау аясында – 3376 кәсіпкер, «Топ-менеджментін оқыту» құрауышының аясында – 43 ШОК басшысы, «Іскерлік байланыстар» құрауышының аясында – 69 кәсіпкер (оның ішінде, 12 кәсіпкер шетелде тағылымдамадан өтті), «Жас кәсіпкер мектебі» бағыты бойынша – 61 адам, «Аға сеньорлар» бағыты бойынша – 6 адам оқудан өтті.
Сауда
Өңірдің бөлшек саудасының көлемі 2012-2015 жылдарда 45,3%-ға өсіп, 2015 жылы 146,7 млрд. теңгені құрады (2012 жыл – 101 млн. теңге, 2013 жыл – 129,3 млн. теңге, 2014 жыл – 145,2 млн. теңге). Бөлшек тауар айналымының НКИ 2013 жылы – 122,8%, 2014 жылы – 104,8%, 2015 жылы– 94,7% (жоспар 105% болғанда) құрады.
Бөлшек сауданың нақты көлемі индексінің төмендеуі бірінші кезекте 2015 жылдың аяғында теңге бағамының әлсіреуімен байланысты болды, ол – халықтың төем қабілеттілігінің нашарлауы, тауарларға арналған бағалардың көтерілуі, тұтынушылық сұраныстың төмендеуі және бөлшек тауар айналымының азаюы болып табылады.
Өңір ЖӨӨ-нің құрылымындағы бөлшек және көтерме сауданың үлесі 2015 жылы 3,9% құрады (2012 жыл – 3,7%, 2013 жыл – 3,9%, 2014 жыл – 3,2%).
Өңірде әмбебап базарлардың санын және аудандарын азайту бағытында сауда базарларын оңтайландыру үдерісі басталды. 2015 жылдың басында облыста ауданы 287 740 шаршы метр болатын 7782 сауда орны бар 24 базар тіркелді (2014 жылдың аяғында – 285 417 шаршы метр болатын 7373 сауда орны бар 22 базар).
4-кесте. Қалалар мен аудандар бөлінісінде сауда базарларының саны
Қала/аудан
|
Базарлар саны (бірлік)
|
Сауда орындарының саны (орын)
|
Сауда ауданы
(шаршы метр)
|
Ақтау қаласы
|
16
|
5 663
|
248 100
|
Жаңаөзен қаласы
|
3
|
1 170
|
24 760
|
Бейнеу ауданы
|
3
|
626
|
9 291
|
Қарақия ауданы
|
-
|
-
|
-
|
Маңғыстау ауданы
|
1
|
179
|
4 129
|
Мұнайлы ауданы
|
1
|
144
|
1 460
|
Түпқараған ауданы
|
-
|
-
|
-
|
Маңғыстау облысы
|
24
|
7 782
|
287 740
|
2011 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғандағы аралықта саланы дамыту Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Оң динамикаға қарамастан, үдеріс баяу жүріп келеді. Өңір үшін қазіргі замандағы сауда форматтарының төмен үлесі, электронды сауданың дамымауы, меншікті ауыл шаруашылығының жоқтығы және тасып әкелінетін азық-түлік өнімдерінің үлкен үлесі (85%) тән. Негізгі себеп – бизнес үшін стимулдардың, кәсіпкерлерде құзіреттердің жетіспеушілігі.
Бөлшек сауда саласы әлеуметтік мәні бар тауарларға арналған бағалар мониторингінің объектісі болып табылады.
Күрделі сыртқы экономикалық шарттардың әсері барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде білінді, оның ішінде инфлицияның өсуіне әсер етті.
Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2015 жылдың желтоқсанында 2014 жылдың желтоқсанына 117,2% (ҚР бойынша – 113,6%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 108,8% (ҚР бойынша – 110,9%), азық-түлік емес тауарларға – 125,1% (ҚР бойынша – 122,6%), ақылы қызметтерге – 119,2% (ҚР бойынша – 108,1%) құрады.
Осы көрсеткіш бойынша 2015 жылы қол жеткізбеу байқалды: жоспар 106,5% болғанда, нақтысы 117,2% құрады. Инфляция өсуінің негізгі себебі – ақылы қызметтердің (тұрғын үйді жалға алуға арналған жалдау ақысының, көрсетілетін қызметтер саласындағы бағалардың) өсуі. Негізгі әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарлары бойынша бағалардың күрт өсуі байқалмады.
Облыстағы азық-түлік тауарларына, жанар-жағармайға, сұйытылған газға, дәрілік құралдарға және басқа да тауарларға арналған бағаларды тежеу жөніндегі арнайы құрылған мобильді жұмыс топтары, 2015 жылғы тамыздан бастап желтоқсанды қоса алғандағы аралықта бағалар мониторингі, олардың негізсіз өсуіне жол бермеу үшін күніне екі рет тиісті объектілерді тексеріп тұрды.
Сырттан әкелінетін өнімдерге арналған бағаларды тежеу мақсатында ірі жеткізушілермен әлеуметтік маңызды тауарларды өткізу кезінде жиынтық үстеме бағаны өндірушінің босататын бағасынан 15-20% көтермей белгілеу туралы 60 меморандумға қол қойылды.
Өңірде қазіргі замандағы форматтағы (А класты) көкөніс қоймасының жоқтығы, маусымдық азық-түлік тауарларының жыл сайынғы тапшылығына алып келеді, бұл – өз кезегінде бөлшек сауда бағаларының негізсіз өсуіне ықпал етеді. Осыған байланысты, өңірде инвесторларды тартумен Ақтау қаласында 5000 тонналық және Жаңаөзен қаласында 2000 тонналық көкөніс қоймаларын салу жоспарланған.
Индустрияландыру картасының аясында Әзербайжан компаниясы – «Азерсун Өндіріс және Логистика Орталығы» ЖШС-нің «Ақтау теңіз порты» АЭА-да кейіннен өткізу арқылы азық-түлік тауарларын сақтау үшін ауданы 178,7 мың шаршы метр болатын қоймалық орынжайлар құру жобасы іске асырылды
Өңірдің ерекшелігі сұйытылған газды, оның ішінде автомобиль көлігінің үлкен көлемде тұтынуы болып табылады. Жалғыз өндіруші – «ҚазГӨЗ» ЖШС сұйытылған газды жеңілдетілген бағалар бойынша сату мүмкіндігін тауысты. Зауыт ай сайын 12 мың тоннаға жуық газ өндіреді. Зауыт өндірілген газдың бар көлемін ішкі рыногтағы бөлшек сауда өткізушілеріне, оның ішінде «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-не өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |