2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика
Жалпы өңірлік өнім көлемі 2012 жылғы 1640,1 млрд. теңгеден 2015 жылы 2123,8 млрд. теңгеге дейін өсті. ЖӨӨ-нің 2015 жылдағы нақты өсуі (НКИ) 100,1% құрады (2012 жылда – 101,1%, 2013 жылда – 105,2%, 2014 жылда –104%).
1-сурет. Жалпы өңірлік өнімнің 2012-2015 жылдардағы өзгеру динамикасы
Облыс ЖӨӨ-нің республика ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2015 жылы 5,2% құрады, бұл – республика өңірлері арасындағы 9-орын (2013 жылы – 5,4%, 7-орын; 2014 жылы – 5,8%, 7-орын).
Ауыл шаруашылығының үлесі 2012 жылғы 0,3%-дан 2015 жылы 0,6%-ға дейін, тиісінше көлік пен қоймалаудың үлесі 4,8%-дан 8,8%-ға, өзге де қызметтердің үлесі 27,6%-дан 36,4%-ға, көтерме және бөлшек сауданың үлесі 3,7%-дан 3,9%-ға дейін артты. Өнеркәсіптің үлесі 2012 жылғы 56,6%-дан 2015 жылы 47,5%-ға дейін, тиісінше құрылыстың үлесі 7,0%-дан 6,7%-ға дейін дейін азайды.
3-сурет. Жалпы өңірлік өнімнің 2015 жылдағы құрылымы
Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 2015 жылы 3443,0 мың теңгені құрады, бұл – республика өңірлері арасындағы төртінші орын (ҚР бойынша орташа – 2258,1 мың теңге). Көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда (2945,9 мың теңге) 16,9%-ға ұлғайды.
Облыс әлемнің 101 елімен экспорттық-импорттық операцияларды, оның ішінде 41 елмен экспорттық операцияларды, 99 елмен импорттық операцияларды жүзеге асырады. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылғы 8 571,5 млн. АҚШ долларынан 2014 жылы 10187,7 млн. долларға дейін ұлғайды. Тауарларды экспорттау 2012 жылғы 8 098,9 млн. АҚШ долларынан 2014 жылы 9673,7 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайды.
2015 жылы сыртқы сауда айналымының 4555,4 млн. АҚШ долларына дейін немесе 2014 жылдың деңгейіне қарағанда 44,7%-ға төмендегені байқалады, оның ішінде тауарларды экспорттау 57,8%-ға немесе 4076,9 млн. АҚШ долларына дейін төмендеді.
Маңғыстау облысы өнеркәсіптік өндіріс үлесі бойынша елде 2-орын алады (13,2%). Өнеркәсіптік өндірісі негізінен ұлттық кен өндіру өнеркәсібінде үлесі 23% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінен тұрады. Осы салада ірі және орта кәсіпорындардың саны біршама көп.
Өңдеу өнеркәсібі металлургия мен дайын метал бұйымдар өндірісін, машина жасау мен химия өнеркәсібін қамтиды.
Маңғыстау облысы республикалық бюджеттің доноры болып табылады және жоғарыда көрсетілген бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 2013 жылы – 24,6 млрд. теңгені, 2014 жылы – 10,1 млрд. теңгені, 2015 жылы – 16,7 млрд. теңгені, 2016 жылы – 25,7 млрд. теңгені, 2017 жылға арналған жоспар – 29,2 млрд. теңгені құрады.
Облыстың бюджетін қалыптастыратын негізгі салықтар әдеттегідей жеке табыс салығы және әлеуметтік салық болып қала береді.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтан тыс түсімдердің көлемі 2013 жылғы 92,0 млрд. теңгеден 2015 жылы 110,0 млрд. теңгеге дейін немесе 1,2 есе ұлғайды. 2016 жылға арналған жоспар 119,0 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың деңгейіне 108,5% құрайды.
Облыс әкімдігінің 2015 жылдағы тиімділігін бірінші бағыт бойынша бағалау қорытындысында ЖӨӨ-нің жоспарланған НКИ-не қол жеткізбеу байқалады: жоспары 102,6% болғанда нақтысы 100,1% құрады. Негізгі себеп – мұнайға арналған әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты, облыстың ЖӨӨ-де үлесі 50%-дан аса құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі көлемнің төмендеуі. Мұнай-газ саласындағы сервистік қызметтердің көлемі және мұнай-газ секторына бағдарланған басқа қызметтер саласындағы көлем төмендеді.
2016 жылы ахуалды жақсарту мақсатында, 2016 жылы облыс экономикасының оң өсімін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары қабылданып, экономика салаларындағы өсу резервтерін іздестіру, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының, бірінші кезекте мұнай-газ компанияларының проблемалық мәселелерін шешу бойынша шаралар іске асырылуда.
Өңірлік макроэкономика бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
облыс халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі бойынша 4-орынды алады;
«Ақтау теңіз порты» АЭА қызметінің салдарынан қолайлы бизнес-ора мен инвестициялық ахуал құру;
өңдеу өнеркәсібінің мұнай-газ секторына бағдарланған бірқатар салаларының – машина жасаудың, металлургияның, құрылыс саласының қосылған құны жоғары өнім өндіру бойынша дамуға оң беталысы;
облыс аумағы арқылы «Оңтүстік-Солтүстік» және «ТРАСЕКА» халықаралық көлік дәліздерінің өтуі, Ақтау теңіз портының бар болуы салдарынан жоғары транзиттік әлеует;
айтарлықтай туристік-рекрациялық әлеует;
оралмандардың және Қазақстанның басқа өңірлерінен тұрғындардың келуі есебінен халықтың миграциялық өсімінің жоғарылығы
|
өңір экономикасының мономамандануы (кен өндіру өнеркәсібінің басым болуы);
тұщы судың табиғи көздерінің жоқтығы, ауыл шаруашылығын дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи-климаттық шектеулер;
облыс халқы санының аздығы (облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішінде 16-орын);
облыстың білікті еңбек ресурстарының тапшылығы, біліктілігі төмен мигранттардың көптеп келуі;
облыстағы ішкі тұтыну рыногының шектеулі көлемі және логистиканың жеткілікті дамымауы;
мұнай-газ секторы мен экономиканың қалған секторлары арасындағы жалақының саралануы.
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
мұнай-газ саласындағы, құрылыс индустриясындағы, туризмдегі кластерлік дамыту мүмкіндігі;
көлік пен логистиканы, туризм мен өңдеу өнеркәсібін дамыту есебінен ЖӨӨ құрылымын оңтайландыру;
ауыл шаруашылығын дамытуда инновациялық тәсілдер – тамшылатып суаруды, жылыжайлық өсімдік шаруашылығын, облыс аумағында жем-шөп өндіруді енгізу;
АЭА аумағында экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірістер орналастыру, олар үшін қажетті инженерлік және көліктік инфрақұрылым құру.
|
облыстағы мұнай-газ ресурстарының түгесілу қаупі;
«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық учаскелерінің баяу дамуының салдарынан транзиттік әлеует бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жоғалуы;
Солтүстік Каспий жобасының 2-ші кезеңін іске асыруды ауыстыру салдарынан өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі;
азық-түлік тауарларының және оларды өндіруге арналған шикізаттың тасымалданып әкелуіне байланысты облыстағы азық-түлік қауіпсіздігінің қатері.
|
Өңірлік макроэкономиканың негізгі проблемалары:
өңір экономикасының моношикізаттық бағыты;
ішкі рыногтың тарлығы;
өңірдің республиканың негізгі экономомикалық орталықтарынан шалғайлығына байланысты жоғары көліктік шығындар;
ауыз су тапшылығы;
меншікті ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты импортталатын азық-түлік өніміне арналған жоғары бағалар;
халық табысының жоғары саралануы.
2.1.1.2. Өнеркәсіп
Ел мен өңір экономикасындағы индустриялық сектордың маңыздылығы туралы мынадай деректер арқылы білуге болады: өнеркәсіпте облыс халықының 20%-ға жуығы жұмыспен қамтылған, саланың ЖӨӨ құрамындағы үлесі 50%-дан асады.1
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2012-2015 жылдарда 1,4%-ға өсіп, 2015 жылдың қорытындысында 1568,7 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптің құрылымында негізгі бөлікті үлесі 86,6% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі (1-кесте), оның ішінде шикі мұнай мен табиғи газ өндіру (72%) алады. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 7,4%.
Есепті кезеңде өнерксәсіп құрылымында оң ілгерілеу орын алды: өңдеу өнеркәсібінің үлесі 4,1 пайыздық орынға өсіп, тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 7,2 пайыздық орынға қысқарды.
1-кесте. 2012-2015 жылдардағы өнеркәсіп көрсеткіштері
Салалар
|
Өндіру көлемі,
млрд. теңге
|
НКИ, %
|
Үлес салмақ,%
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Барлығы
|
2170,8
|
2187,3
|
2330,1
|
1568,7
|
100
|
102,1
|
103,5
|
96,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100
|
кен өндіру
|
2 037,1
|
2 023,5
|
2 150,8
|
1358,0
|
100
|
101,7
|
102,7
|
96,1
|
93,8
|
92,5
|
92,3
|
86,6
|
өңдеу
|
71,0
|
89,1
|
105,7
|
116,1
|
84,9
|
110,1
|
118,5
|
87,6
|
3,3
|
4,1
|
4,5
|
7,4
|
электрмен жабдықтау
|
49,1
|
58,6
|
55,1
|
74,3
|
101,8
|
104,9
|
104,6
|
109,4
|
2,3
|
2,7
|
2,4
|
4,7
|
сумен жабдықтау
|
13,7
|
16,1
|
18,5
|
20,2
|
113
|
103,2
|
122,3
|
90,2
|
0,6
|
0,7
|
0,8
|
1,3
|
Қалалар мен аудандар бөлінісінде 2015 жылдың қорытындысында өнеркәсіптік өнімнің мейлінше жоғары көлемі (аумақтарында мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың кен орындары бар болуы есебінен): Қарақия ауданында – 33,2% (2012 жыл – 33,5%), Маңғыстау ауданында – 22,5% (2012 жыл – 28,4%), Түпқараған ауданында – 21,0% (2012 жыл – 23,8%) қалыптасты. Ең аз үлес – Бейнеу ауданында – 3,0% (2012 жыл – 2,5%), Мұнайлы ауданында – 3,2% (2012 жыл – 1,4%), Жаңаөзен қаласында– 7,8% (2012 жыл – 5,3%), Ақтау қаласында – 9,1% (2012 жыл – 5,1%).
Кен өндіру өнеркәсібі: мұнай-газ секторын дамыту
Облыстың негізгі мұнай және газ кен орындары (Қаламқас, Қаражанбас, Жетібай, Өзен, Солтүстік Бозашы, Доңға, Арман, Тасболат және тағы басқалар) Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия аудандарының және Жаңаөзен қаласының аумағында орналасқан. Мұндағы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ сияқты және басқа да компаниялар шикі мұнайдың негізгі үлесін өндіреді (2-кесте).
2-кесте. Мұнай-газ өнеркәсібінің динамикасы, 2012-2015 жылдар
Көрсеткіштің атауы
|
Өл. бірл.
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015
жыл
|
Ескертпе
|
Өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлеміндегі мұнай-газ өнеркәсібінің үлесі
|
%
|
83,6
|
80,8
|
79,0
|
72,0
|
|
Шикі мұнай өндіру көлемі
|
мың тонна
|
17 644,2
|
18 067,1
|
18 493,7
|
18 470,5
|
2015 жылы республикалық көлемнің 27,7%-ы
|
Мұнай-газ кәсіпорындары 30% құрайтын мұнай алу коэффициентін (МАК) арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Ол басқа елдерде полимерлік суландыру технологиясын пайдалану есебінен шамамен 50% құрайды. Мәселен, «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» АҚ және «CPTDC» институттары жұмыс істеп тұрған кен орындарындағы МАК-ін 12% арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қолдану бойынша зертханалық зерттеулер жүргізді, бұл – жаңа кен орнын ашқанмен тең.
Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу есебінен ресурстық базаны кеңейту бойынша шаралар алынуда2. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның облыс аумағында жалпы қоры 3 млрд. 406 млн. тонна мұнай эквиваленті болатын 9 перспективалы учаскені қоса алғанда (оның 5-еуі теңізде орналасқан), геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған 16 учаскесі бар.
Облыс әкімдігінің бастамасымен, Мұнай және газды өндіру және өңдеу, мұнай-газ химиясы, олармен байланысты машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі үшін сервистік қызмет көрсету бойынша ұлттық кластер аясында мұнай-сервистік кластер құру бойынша жұмыс басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |