Халықты әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
аз қамтылған азаматтар санының немесе МАӘК алушылар санының 2 есе төмендеуі және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар санының 1,1 есе төмендеуі;
халықты, оның ішінде нысаналы топтарды, сондай-ақ мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктердің кеңеюі;
мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жаяу жүргіншілер өткелдерінің дыбыстық құрылғылармен жабдықталуы;
жаңалықтар телебағдарламалар трансляциясының сурдоаудармамен сүйемелдеудің қпамтамасыз етілуі;
«Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орналастырылуы;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормасының ұлғаюы.
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
табысы кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен адамдар санының облысқа көрші өңірлерден келушілердің есебінен толығуы;
өнімсіз жұмыспен қамтылудың сақталуы;
кейбір салалардағы еңбекақының төмен деңгейі (орташа облыстық көрсеткіштен төмен);
ең төменгі күнкөріс деңгейінің және тиісінше кедейлік шегінің жыл сайынғы өсуі.
|
МҮМКІНДІКТЕР:
халықтың нақты табысының өсуі;
ҮЕҰ қызметін жандандыру;
жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану.
|
ҚАТЕРЛЕР:
аз қамтылған отбасылардың жеткіліксіз белсенділігі және масылдыққа бейімделуі.
|
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша негізгі проблемалар:
жергілікті ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту қиындықтарына, өткізу нарықтарының шалғайлығына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғарылығы;
мұнай-газ саласындағы жалақы мен ауыл шаруашылығындағы, бюджеттік саладағы жалақы арасындағы едәуір айырмашылық;
облысқа ТМД-нің таяу елдерінен оралмандардың және елдің басқа өңірлерінен мигранттардың көп балалы аз қамтылған отбасыларының көптеп келуі.
Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану
Облыс экономикасының жетекші салаларының ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының негізінде әзірленген және қабылданған Еңбек жағдайларын жақсарту және санитариялық-сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарларына сәйкес жүзеге асырылуда.
2012-2014 жылдардағы кезеңде өңірде еңбек қақтығыстарының алдын алу және жалақы бойынша берешекті төмендету, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Тексерулер санының 2012-2015 жылдардағы динамикасы 1-кестеде келтірілген. Тексерулер санының 2012-2014 жылдардағы кезеңде төмендеуі, ҚР Президенті жариялаған ШОК субъектілерін тексеруге арналған мораториймен байланысты болды. Бұл ретте, 2015 жылы барлық көрсеткіштер бойынша үдеуші динамика байқалады.
1-кесте. Тексерулер санының динамикасы
Көрсеткіштер
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Жүргізілген тексерулер саны
|
563
|
443
|
210
|
537
|
Есепті кезеңде субъектілерді тексерулер бақылауымен қамтудың %-ы
|
7,5 %
|
5,9 %
|
2,8 %
|
7,9 %
|
Есепті кезеңдегі тексерулердің өткен жылдың тиісті кезеңіне арақатынасы, %-бен
|
-
|
- 21,4 %
|
- 52,6 %
|
+60,8 %
|
Анықталған бұзушылықтар
|
2249
|
1247
|
758
|
1064
|
Берілген ұйғарымдар
|
599
|
379
|
181
|
378
|
Салынған әкімшілік айыппұлдар саны
|
386
|
298
|
201
|
258
|
Салынған әкімшілік айыппұлдар сомасы
|
20 133,6
|
12 957,9
|
9 530,4
|
25 121,8
|
Қарастырылған шағымдар мен арыздар саны
|
1728
|
406
|
607
|
857
|
Ұжымдық шарттар саны
|
1401
|
1429
|
1453
|
1467
|
Жазатайым оқиғалардың саны мен олардың салдары түрлі бағыттағы динамикаға ие (2-кесте).
2-кесте. 2012-2014 жылдардағы кезеңдегі облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарындағы өндірістік жарақаттану динамикасы
Көрсеткіштер
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Жазатайым оқиғалар саны
|
96
|
55
|
70
|
61
|
1000 жұмысшыға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (Жк)
|
0,4
|
0,23
|
0,29
|
0,25
|
Зардап шеккендер саны
|
104
|
74
|
98
|
69
|
Қаза тапқандар саны
|
15
|
13
|
20
|
12
|
1000 жұмысшыға шаққанда өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (Жжк)
|
0,06
|
0,005
|
0,06
|
0,05
|
Салалар бөлінісінде жазатайым оқиғалардың көпшілігі мұнай-газ өнеркәсібінің (игеру және өндіру) кәсіпорындарында орын алады. Мәселен, осы саланың кәсіпорындарында 2015 жылы 18 адам зардап шекті, бұл – зардап шеккендердің жалпы санында 26,1%-ды құрайды (2012 жылы – тиісінше 44 қызметкер немесе 42,3%).
Жазатайым оқиғалардың себептерін талдау, ең көп таралған себептің өндірісті қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы болып табылатынын көрсетеді. Осы себеп бойынша 2015 жылы 17 жазатайым оқиға немесе жалпы санның 31,4%-ы орын алды (2012 жылы – 33 оқиға немесе 34,3%).
Осы саладағы негізгі проблема мемлекеттік еңбек инспекторларының аз саны болып табылады. Облыс аумағындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының саны 2015 жылы 11 бірлікті, ал бақылаудағы объектілер саны 6743 ұйым мен кәсіпорынды құрады.
Осымен қатар, облыс бойынша тексерулерге жатпайтын, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, өндірістің жарақаттанудың алдын алуға, сондай-ақ сақтандыру шараларын қолдану арқылы туындау кезінде жеке және еңбек дауларын шешуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілуде.
Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
жұмыс берушілердің еңбек заңнмасын сақтауын бақылаудың жүзеге асырылуы;
өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар алдын алу, әлеуметтік салдарын жеңілдету шараларын өткізу арқылы дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуы;
тексерулер аясында бару кезінде еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды өткізу;
тексеруші органдар қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін көтеру, себепсіз тексерулерді болғызбау.
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
құқықтық мәдениеттің төмендігі;
жұмысшылардың түсініспеушілігі;
еңбек ұжымының, заңнама аясында қызметкерлердің мүдделерін білікті білдіруге қабілетті сауатты және принципшіл өкілдігінің жоқтығы.
|
МҮМКІНДІКТЕР:
еңбек ұжымдарында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру жұмысының мәселелері бойынша кәсіподақтардың жұмысын жандандыру;
еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтық мәдениетін көтеру, еңбек ұжымының заңды өкілдігін ұйымдастыру;
азаматтардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру жөніндегі тетіктерді іске асыру.
|
ҚАТЕРЛЕР:
мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізіп жатқан жұмыс көлемінің тұрақты өсу беталысы;
мемлекеттік еңбек инспекторларының штат санын арттыру қажеттілігі.
|
Бұл салада мына проблемалар анықталды:
кадр мамандардың жетіспеушілігі кәсіпорындарды тексерулермен толық қамтуды төмендетеді, сондай-ақ үлкен жүктеме мен жұмыс көлемі тексерулер сапасына теріс әсер етеді;
тексерулер санының төмендеуі және жұмыс берушілердің еңбек қаіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қаматамасыз етуге арналған шығыстарды қысқартуы себепші болған өндірістік жарақаттанудың өсуі.
2.1.2.4. Мәдениет
Мәдениет саласы өңір халқын топтастыруда маңызды рөл ойнайды. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 118 мәдениет мекемесі, оның ішінде 2 театр, 39 клуб, 66 кітапхана, 6 мұражай, 1 филармония, 1 кинотеатр, 1 қорық, 1 тарихи-мәдени кешен, 1 облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұрды.
2012 жылдан бастап 2016 жылды қоса алғандағы кезеңде мәдениет мекемелерінің саны 4 бірлікке артты. Жаңаөзен қаласының ішінде орналасқан Қызылсай және Теңге ауылдарында 300 орындық 2 мәдениет үйі, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында мемориалдық мұражай және Бейнеу ауданының Тәжен ауылында кітапхана ашылды. Түпқараған ауданының Таушық ауылында, Маңғыстау ауданының Шебір ауылында бюджет қаражатының есебінен; Қарақия ауданының Аққұдық ауылында демеушілік қаражат есебінен жұмыс істеп тұрған клубтық мекемелер үшін 3 жаңа ғимарат салынды.
Алайда, ауылдық елді мекендерді мәддениет ұйымдарымен толық қамтымау проблемасы бар. Мәселен, облыс бойынша 100 мың тұрғынға шаққандағы мәдениет және өнер ұйымдарының саны 2015 жылда 19,1 бірлікті құрайды.
Өңірде – Ақтау қаласында, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған аудандарында 6 мұражай12 жұмыс істейді (Маңғыстау ауданында 2015 жылы мұражайдың ашылуына байланысты, 2012 жылмен салыстырғанда өсу байқалады). Мұражайға келушілердің саны 2015 жылы 63,6 мың адамды құрады (2012 жылмен салыстырғанда 4,2 мың адамға өсті). Сонымен бірге, Қарақия және Мұнайлы аудандарының орталықтарында мұражайлар жоқ.
2012 жылдан бастап 2016 жылды қоса алғандағы кезеңде өңірде 2 жаңа ауылдық клуб пайдалануға берілді. Бұл ретте, облыстың халқы 1000 адам болатын және одан асатын 10 елді мекенінде (Мұнайлы ауданының Атамекен, Басқұдық, Дәулет, Маңғыстау, Батыр ауылдары, Ақтау қаласының Өмірзақ ауылы, Қарақия ауданының Құланды ауылы, Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов және Баутин ауылдары, Жаңаөзен қаласының Рахат ауылы) клубтар жоқ.
Өңірде 2012-2016 жылдарда бір кітапхана ашылды. Бұл ретте, облыстың халқы 1000 адам болатын және одан асатын 4 елді мекенінде (Мұнайлы ауданының Атамекен, Басқұдық, Дәулет, Батыр ауылдары) кітапханалар жоқ.
Облыстық филармонияның ұжымдары 2015 жылы 240 концерт ұйымдастырып, оларға 52000 көрермен келді (2012 жылға қарағанда 26,6%-ға артық). Облыста 2 театр, Ақтау қаласындағы Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры мен облыстық қуыршақтар театры жұмыс істейді. Театрлардың қызметтері бойынша деректер 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. Театрлар қызметінің көрсеткіштері
2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысында мына көрсеткіштерге қол жеткізілмеді: «1000 адамға шаққандағы кітапханаға келушілердің орташа саны» (жоспар – 153 адам, нақтысы – 150,1 адам), «Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мәдениет ұйымдарының көрсетілетін қызметтерін іске асыру кезінде табылған қаражаттың жергілікті бюджеттен қаржыландыруға қатынасы» (жоспар – 5,7%, нақтысы – 5,4%). Жоспардың орындалмауы Орталық қалалық кітапхана орналасқан Ақтау қаласындағы Абай атындағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізумен байланысты болды (оның жұмысы ішінара тоқтатылды). Жөндеу аяқталды.
«1000 адамға шаққанда театрға келушілердің саны» көрсеткіші 101,7%-ға орындалды (жоспар – 91,6 адам, нақтысы – 93,2 адам); мұражайларға келушілер саны 107,2%-ға (жоспар – 96,2 адам, нақтысы – 103,1 адам); концерттік ұйымдарға келушілер саны 107,7%-ға (жоспар – 78,3 адам, нақтысы – 84,3 адам) орындалды.
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік тізімде 449 тарих және мәдениет ескерткіші, оның ішінде республикалық маңызы бар 21 ескерткіш бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы» Жарлығымен бекітілген «Каспий қақпасы» кластеріне сәйкес, тарихи-мәдени объектілерді археологиялық зерттеу және реставрациялау жұмыстары жүргізілуде. Кластерге мына мына тарихи-мәдени объектілер: Бекет-Ата, Шопан-Ата және Қараман-Ата жерасты мешіттері, Маңғышлақ түбегіндегі қорымдар, Шерқала тауы және тағы басқалар кіреді.
Қазіргі кезде Маңғыстау және Түпқараған аудандарында орта ғасырлық төрт қоныстың орындары белгілі, олар: Жібек жолында орналасқан Қызылқала, Кетікқала, Қорғантас және Қарақабақ кенттері. Оның ішінде, «Мәдени мұра» бағдарламасының, Ұлттық тарихты зерттеу мен зерделеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында Қызылқала мен Кетікқалада археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қызылқала араб географы және саяхатшысы әл-Истахри сипаттаған «Маңқышлағтың алынбас қамалы» болып табылады.
Мәдениет саласындағы талантты қайраткерлерді ынталандыру тетігі енгізілді. Біліктілігі жоғары мамандарды тарту және орнықтыру үшін 2014 жылы 7 пәтер сатып алынды.
Ақтау қаласында жаңа музыкалық-драма театрын және облыстық әмбебап кітапхана салу мәселелері пысықталуда.
Мәдениет бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
мәдениет саласындағы қызметтерге қажеттіліктің өсуі;
облыстың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту халықтың мәдени даму деңгейін көтеру.
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
ауылдық елді мекендердің мәдениет ұйымдарымен толық қамтылмауы;
мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасының жеткілісіз жарақталуы;
мәдениет объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу қажеттілігі;
мамандандырылған кадрлардың, әсіресе ауылдық жерде жетіспеушілігі.
|
МҮМКІНДІКТЕР:
тарихи-мәдени аумақтарды дамытуды есепке ала отырып, тұрғындарға қызмет көрсетудің қазіргі заманғы нысандарын енгізу;
мәдениет объектілерінің желісін дамыту (жаңаларын салу, жұмыс істеп тұрғандарын жөндеу) жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын тарту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдану.
|
ҚАТЕРЛЕР
тарихи-мәдени мұра объектiлерiне табиғи-климаттық жағдайдың терiс әсер етуi;
білікті кадрлардың мәдениет саласынан кетуі.
|
Мәдениет саласындағы негізгі проблемалар:
мәдениет объектілерінің жартысынан көбі (66 кітапхананың 48-і, 39 клубтың 7-еуі) бейімделген ғимараттарда орналасқан;
материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі (музыка аспаптарының, жарық және дыбыс жабдығының, сахна киімдерінің жетіспеушілігі);
мәдениет мекемелері үшін, әсіресе ауылдық жерде кадрлардың (реставраторлар, каталогизаторлар және бағдарламашылар сияқты тар шеңберлі мамандардың тапшылығы);
мәдениет объектілерін ақпараттандырудың төменгі дәрежесі (жылжымалы мәдениет мекемелерінің тапшылығы, 56 аудандық және ауылдық кітапханада Интернет желісіне қолжетімділіктің жоқтығы).
2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт
Облыстағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 2015 жылы 144,5 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 23,2%-ын құрады (2014 жылы – 128,6 мың адам немесе 19,6%, 2013 жылы – 114,7 мың адам немесе 19,6%).
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың мейлінше көп үлесі Ақтау қаласына (59,7 мың адам немесе 32,4%) және Жаңаөзен қаласына (24,4%) келеді. Мейлінше аз үлес Мүнайлы ауданына келеді – 17,3 мың адам немесе 12,3%. Облыстың қалған аудандарында айналысатындардың саны Түпқараған ауданында – 19,8%, Қарақия ауданында – 14,2%, Бейнеу ауданында – 27,5%, Маңғыстау ауданында – 23,6% құрайды.
Облыста 11,2 мыңнан астам балалар мен оқушылар айналысатын балалар мен жасөспірімдердің 17 спорт мектебі жұмыс істейді. 7 жастан 18 жасқа дейінгі айналысатын балалар мен оқушылардың мейлінше көп үлесі Ақтау қаласына (4,1 мың бала), Жаңаөзен қаласына (2,2 мың бала) және Мұнайлы ауданына (1,3 мың адам) келеді. Маңғыстау ауданында – 1,2 мың адам, Бейнеу ауданында – 1,0 мың адам, Қарақия ауданында – 0,9 мың бала, Түпқараған ауданында – 0,4 мың адам айналысады.
2-кесте. Балалар мен жасөпірімдер спорт мектептерінің дамуы
Көрсеткіштің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2013
|
2014
|
2015
|
БЖСМ ұйымдарының саны
|
бірлік
|
15
|
15
|
16
|
БЖСМ-де айналысатандардың саны
|
адам
|
10024
|
10590
|
11213
|
Облыста спорт объектілерінің саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2015 жылғы 1 қаңтарға спорт объектілерінің жалпы саны 555 бірлікті құрады (2014 жылғы 1 қаңтарға – 534 бірлік), оның ішінде:
|
Ақтау қаласы – 9;
Жаңаөзен қаласы – 3;
Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы – 1;
Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы – 1;
Қарақия ауданының Құрық ауылы – 1.
|
|
Ақтау қаласы – 2;
Жаңаөзен қаласы – 1;
Бейнеу ауданының Бейнеу ауылы – 1;
Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы – 1.
| |
Ақтау қаласы – 5;
Жаңаөзен қаласы – 3;
Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы – 1;
Қарақия ауданының Құрық ауылы – 1
| |
Ақтау қаласы – 65;
Жаңаөзен қаласы – 30;
аудандар бойынша – 92.
|
Бұл ретте, салада облыстағы дене шынықтыру мен спортты дамытуды тежейтін проблемалар бар. Мәселен, облыс орталығында және ауылдық жерде спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі өткір күйінде тұр.
Облыс орталығында 200 мыңнан астам адам тұрады, оларға 67 спорт залы залы келеді. Олардың 52-сі білім беру мекемелерінде орналасқан. Ауылдық жердегі 99 спорт залының 76-сы білім беру мекемелерінде орналасқан және оқу сабақтарын жүргізуге арналған.
Облыста жұмыс істеп тұрған 15 спорт кешенінің үшеуі ғана ауылдық жерде орналасқан. Бес ауданның ауылдық жерлерінде бір ғана жүзу бассейні бар.
Бұдан басқа, 61 ауылдық елді мекенде спорт бойынша 39 әдіскер жұмыс істейді. 20 ауылда тұрғындар саны 700-ден аз адамды құрайтынын және спорт бойынша әдіскерге қажеттілік жоқ екенін есепке алғанда, әдіскерлер саны норманың 95%-ын құрайды.
Дене шынықтыру және спорт бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
дене шынықтырумен және спортпен айналысушыларды қамтудың артуы;
жұмыс істеп тұрған спорт объектілерінде спорт топтары мен секциялардың саны артуда;
Олимпиада ойындарының, Азия ойындарының, Азия мен Әлем чемпионаттарының чемпион спортшылары мен жүлдегерлері дайындалды.
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
спорт инфрақұрылымының, әсіресе ауылдық жерде нашар дамуы;
спорт залдары мен спорт кешендері, жүзу бассейндері және спорт кешендері санының жеткіліксіздігі, осының салдарынан бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау кемшіндеу;
бапкерлердің төмен жалақысы.
|
МҮМКІНДІКТЕР:
бұқаралық спортты дамыту, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру және дамыту бойынша жұмысты жандандыру;
сабақтан тыс уақытта балаларды бос қоймаудың негізгі буыны ретінде балалардың, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аулалық клубтарының желісін дамыту;
балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту.
|
ҚАТЕРЛЕР:
спорт секторындағы бюджет ұйымдары қызметкерлері еңбекақысының төмендігінен кадрлардың кетуі орын алуда және осы бағытта жұмыс жүргізуде мамандардың мүддесі төмен;
спорт құрылыстарының жеткілікті саны жоқ, өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың саны аз болғандықтан, балалардың, оқушылардың және жастардың арасында қылмыстардың өсу фактілері артуы мүмкін.
|
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы негізгі проблемалар:
облыс орталғында және халық саны 3 мыңнан асатын ауылдық елді мекендерде спорт инфрақұрылымының жеткіліксізлігі;
спорт мектептерінде білікті персоналдың жетіспеушілігі;
балалардың аулалық клубтары желісінің, оның ішінде дене шынықтыру бойынша жеткілікті дамымауы.
2.1.2.6. Туризм
Өңір айтарлықтай туристік әлеуетке ие: бірегей мәдениет13 (тарихи туризм), әдемі тұмса табиғаттың бар болуы (экологиялық туризм), Каспий теңізіндегі жағажайлық және круиздық туризм, спорттық туризм, экстремалдық туризм.
Мейлінше дамыған туристік дестинациялар – Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалалары, Шетпе ауылы. Сәулет ескерткіштерінің, табиғи объектілердің мейлінше көп саны Түпқараған, Маңғыстау және Қарақия аудандарының аумақтарында орналасқан, олар – Үстірт шоқысы, Бекет-ата, Шакпақ-ата, Сұлтан-епе жерасты мешіттері және Шерқала тауы, Торыш алқабы, Тамшалы, Саура шатқалдары, Қарақия ойпаты, Кендірлі шығанағы. Кендірлі, «Tree of Life», «Стигл» демалыс базалары жұмыс істейді.
2015 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 63, оның ішінде Қарақия, Мұнайлы және Маңғыстау аудандарында бір-бірден, Түпқараған ауданында – 8, Бейнеу ауданында – 11, Жаңаөзен қаласында – 8, Ақтау қаласында қалған 33 орналастыру орны жұмыс істейді. Осы орналастыру орындарында 2512 орын бар, бұл ретте бір мезгілдегі сыйымдылық 3946 төсек-орынды құрайды. Оның ішінде, санаттары бар 16 қонақ үй, санаттары жоқ 38 қонақ үй, 9 өзге де тұратын орын бар.
1-кесте. Туризмнің даму көрсеткіштерінің 2012-2015 жылдардағы динамикасы
Көрсеткіштің атауы
|
Өл. бірл.
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2012 жылға қарағанда 2015 жылы, %
|
Орналастыру орындарының саны
|
бірлік
|
44
|
53
|
55
|
63
|
143
|
Қонақ үйлердің
толтырылымдылығы
|
%
|
50,3
|
35,1
|
32,4
|
21,2
|
42,1
|
Келушілерді орналастыратын орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі
|
млн. теңге
|
3579,9
|
5010,4
|
5097,6
|
4656,5
|
130
|
Келу туризмі келушілерінің саны
|
адам
|
32835
|
29162
|
29870
|
47840
|
145
|
Ішкі туризм келушілерінің саны
|
адам
|
144617
|
147136
|
144616
|
128228
|
88
|
2-кесте. Туризм даму көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы, 2015 жыл
Көрсеткіштің атауы
|
Өл. бірл.
|
Маңғыстау облысы
|
Атырау облысы
|
Батыс Қазақстан облысы
|
Орташа республикалық көрсеткіш
|
Орналастыру орындарының саны
|
бірлік
|
63
|
65
|
58
|
146
|
Қонақ үйлердің
толтырылымдылығы
|
%
|
32,4
|
31,5
|
34,9
|
22,0
|
Келушілерді орналастыратын орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі
|
млн. теңге
|
4656,5
|
7314,0
|
1970,2
|
4569,2
|
Келу туризмі келушілерінің саны
|
адам
|
47840
|
70709
|
15178
|
43265
|
Ішкі туризм келушілерінің саны
|
адам
|
128288
|
146488
|
79283
|
194713
|
Аумақтарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысында ұлттық маңызы бар туристік объект – Кендірлі курортты аймағын дамытуда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында туристік саланы дамыту тұжырымдамасына сәйкес, оның негізінде «Батыс Қазақстан» кластері қалыптастырылып бастады.
2012 жылы Кендірлі курортты аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. 2011 жылдан бастап 2015 жылды қса алғандағы кезеңде Кендірлі курортты демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымы объектілеріне ТЭН мен ЖСҚ әзірленді. Курортты аймақтың автожолын салу және оны газдандыру, туристік және көліктік инфрақұрылымды дамыту, туристік өнімдерді жылжыту, кадрлар даярлау бойынша жұмыстар басталды.
Осы кезеңде жаңа қонақ үйлерді: Ақтау қаласында – 5 қонақ үйді, Жаңаөзен қаласында – 3 қонақ үйді, Бейнеу ауданында – 5 қонақ үйді, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында көңіл көтеру орталықтарын, «Tree of Life», «SunSet» демалыс базаларын, Кендірлі шығанағында «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ қаражаты есебінен «Ақбөбек» балаларды сауықтыру лагерін салу есебінен өңірдегі туристік инфрақұрылымды дамыту жүзеге асырылды. Маңғыстау ауданындағы Шетпе ауылында «ЭкоМаңғыстау» ҮЕМ-нің қатысуымен ауылдық қонақ үй, сондай-ақ «Отпан-тау» тарихи-мәдени кешенінің аумағында «Қарашаңырақ» кешені ашылды. Түпқараған ауданындағы Саура шатқалын және Ақтау қаласының жағалауын абаттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Туризм басқармасының веб-сайты құрылды, Каспий маңы өңіріндегі туризмді дамыту мәселелері бойынша халықаралық форум, халықаралық туристік операторлармен БАҚ өкілдері үшін үшін ақпараттық турлар өткізілді. Облыстың туристік картасы әзірленіп, жетілдірілуде. «Түпқарағанның 7 қойнауы» атты жаңа туристік маршрутты әзірлеу басталды. Үстірт қорығын және Маңғыстаудың табиғи объектілерін ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
ҮЕҰ-мен бірге оқушылар мен халықтың әлеуметтік әлсіз жігінен шыққан балалар үшін экскурсиялар ұйымдастырылу жүзеге асырылуда
2009 жылы ашылған Маңғыстау туризм колледжі, халықаралық деңгейде туристік және ресторандық бизнес үшін кадрларды даярлауға шетелдік мамандарды тартумен кадрлар даярлау жүзеге асырылатын республикадаға жалғы оқу орны болып табылады.
2015 жылы Тамшалы және Саура шатқалдарының, Шақпақ-ата және Сұлтан-епе қорымдарының табиғи және мәдени объектілеріне апаратын 4 автомобиль жолына ЖСҚ әзірлеу басталды. Бейнеу-Шетпе автожолының құрылысы аяқталуда, Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолын реконструкциялау басталды.
2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысы бойынша «Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны, резиденттер» нысаналы индикаторына қол жеткізілмегені байқалады: жоспар 146785 адам болғанда, нақты 128228 адамды құрады. Сондай-ақ, «Орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі» көрсеткішіне қол жеткізілмеді: жоспар 5174,1 мың теңге болғанда, нақтысы 4556,5 мың теңгені құрады. Негізгі себеп – орналастыру орындарындағы бағалардың, қызметтерге арналған бағалардың, әуе билеттеріне арналған бағалардың өсуі. Облысқа келетін көптеген туристтер жалдамалы пәтерлерге, туыстарына тоқтайды немесе түнеу үшін палаткаларды, автокөлікті пайдаланады.
Көрсеткіштерді жақсарту мақсатында, 2015 жылы Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ арасында туризм саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі меморандумға қол қойылды. Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктер арқылы субсидиялау үшін жобаларды қарау бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасын іске асыру аясында, Еуроодақ сарапшыларымен бірлесіп туризм саласындағы шағын және орта бизнесті дамытуды көздестіретін Маңғыстау облысының туризмін дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеу жүргізілуде.
2016 жылғы наурызда өңірдің туристік операторлары мен туристік агенттері үшін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу аясында туристтер тарту мәселелері жөнінде семинар-тренинг өткізілді.
Өңірдің туристік әлеуетін алға жылжыту мақсатында, облыс өкілдері қазақстандық делегацияның құрамында облыстың туристік әлеуетінің таныстырылымы өткізілген «MITT 2016» Мәскеу халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Сондай-ақ, облыстың туристік әлеуеті Алматы қаласындағы КИТФ-2016 қазақстандық туристік көрмесінде де таныстырылды.
2016 жылғы сәуір айында қазақстандық туристік операторлары үшін ақпараттық тур өткізіліп, оның қорытындысында «Турист» ЖШС мен Астана және Алматы қалалары туроператорларының арасында шарттар жасасылды. Өңірде көп мөлшерде турист тарту үшін Германияның, Швейцарияның, Италияның, Ресейдің, Жапонияның, Қытайдың туроператорларына ақпараттық турлар өткізілді. Екатеринбург қаласының (Ресей) туроператорлары үшін Астана ЭКСПО-2017 желісі бойынша ақпараттық тур ұйымдастырылды.
2016 жылғы 3 қыркүйектен бастап 27 қыркйүекті қоса алғандағы аралықта Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған туризм аптасы өткізіліп, оның аясында семинарлар, сәндiк-қолөнер туындыларыларының конкурстары,халықаралық туристік форум, «Каспий ханшайымы» конкурсы, мас-реслинг бойынша спорт жарыстары ұйымдастырылды.
Туризм басқармасының «Mangystau.info» сайтын толықтыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп, «MTravel» жаңа мобильдік қосымшасы әзірленуде.
Достарыңызбен бөлісу: |