Туризм бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
Кендірлі курортын дамытудың ұлттық деңгейде қолдануы;
орналастыру орындары дамуының оң динмикасы;
Маңғыстау туризм колледжімен ынтымақтастық;
туризм басқармасының веб-сайты арқылы туристік өнімдерді жылжыту.
|
дестинациялардың әлсіз менеджменті;
жаңадан салынып жатқан бұрыннан бар туристік объектілер мен маршруттарға апаратын сыртқы инфрақұрылымның жоқтығы;
сараланбаған туристік қызметтер;
туристік қызметтердің төмен сапасы;
туризм субъектелірінің әлсіз үйлестірілуі;
жоғары баға саясаты.
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
облыстың бірегей табиғат жағдайлары (Каспий теңізі, Үстірт шоқысы) және мәдени-тарихи көрнекі жерлер;
ҚР туристік кластерін 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына кірген Батыс Қазақстан туристік кластерінің орталығы ретінде даму;
шетелдік инвесторларды тарту;
балалар мен жасөпірімдер туризмін дамыту және ҚР-дағы қызметтер саласын дамыту бағдарламасының аясында гидтерді оқыту;
ЭКСПО-2017 іс-шараларына қатысу.
|
инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі;
өнеркәсіптік қалдықтардың себебінен экологиялық жағдайдың нашарлауы;
бюджеттік шығыстардың қысқаруы;
әлемдік макроэкономикалық ахуалдың нашарлауы салдарынан ішкі және келу туризмі көлемінің қысқаруы.
|
Туризмді дамытудың негізгі проблемалары:
негізгі туристік өнімдерге арналған бағалардың жоғары деңгейі;
негізгі туристік объектілерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділіктің төменгі деңгейі;
туристік қызметтердің төмен сапасы;
туристік орналастыру объектілерінің бір бөлігінің тозуы;
туристік инфрақұрылым – паркингтермен, биоәжетханалармен жеткілікті жарақталмауы;
салада жұмыспен қамтылған мамандардың кәсіптік даярлау деңгейінің жеткіліксіз деңгейі;
жергілікті кәсіпкерлердің туристік өнімдерді дамыту және әртараптандыру бойынша бастамалары жеткілікті дамымаған;
туризмді дамытуды талқылау және жоспарлау үшін әріптестік тәсіл әлсіз дамыған.
2.1.2.7. Үш тілді дамыту
2011-2015 жылдарға арналған АДБ іске асырылған кезеңде тілдерді дамыту жөніндегі қызмет өңірде тұрып жатқан барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталды. Нәтижесінде, 2012-2014 жылдарда мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 75-тен 92%-ға дейін артты. Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі бойынша социологиялық сұрақ-жауаптар тек 2014 жылдан бастап жүргізіле бастады (2014 жыл – 4,72%, 2015 жыл – 6%).
Облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тіл үлесінде оң динамикаға қол жеткізілді. 2011 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғандағы аралықта АДБ іске асырылған кезде мемлекеттік органдардағы қазақ тілінде ісжүргізудің үлестік көлемі 96%-дан 99%-ға дейін өсті.
Қазақ тілін оқып-үйрену қазіргі заманғы оқу құралдарымен және оқу-әдістемелік құралдармен жарақталған тілдерді оқыту орталықтарының негізінде жүргізілуде. 2014 жылы мемлекеттік қызметшілердің білімін «ҚАЗТЕСТ» оқу бағдарламасы бойынша бағалау басталды (тесттен өткендердің 60%-дан астамы орта деңгейге және ортадан жоғары деңгейге ие).
Облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету аясында, 3000-нан астам оқу-әдістемілік әдебиет кітаптары таратылды.
2015 жылдың басында тәрбиелеу мен оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі мекемелердің саны 202 бірліктің ішінде 162-ні құрады (оларға балалар контингентінің 64%-ы барады). Жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілдің таралуы туралы мәліметтер 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. Оқитын тілдері бойынша жалпы білім беретін мектептер оқушыларының саны*
оқу жылының басында, мың адам
Оқитын тілі
|
2012/2013 жылдар
|
2013/2014 жылдар
|
2014/2015 жылдар
|
қазақ
|
71,9
|
74,7
|
82,6
|
орыс
|
25,1
|
25,3
|
22,8
|
* Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептерді қоспағанда
Өңірде этностық топтардың тілдерін оқып-үйрену және дамыту үшін жағдайлар жасалған. Облыстың 20 ұлттық-мәдени орталығында 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді (дағыстандық, армян, татар). Жексенбілік мектептермен 60-тан жоғары тыңдаушы қамтылған.
Қазақстан халқының тілдерін дамыту және насихаттау мақсатында, Қазақстан халқы тілдерінің облыстық фестивалі, «Қазақстан – көпұлтты мемлекет» фестивалі, қазақ емес ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуге қазақ ұлтының жастары арасында орыс тілін білуге арналған республикалық конкурстардың іріктеу турлары жыл сайын өткізіліп тұрады.
Маңғыстау облысында оралмандарды мемлекеттік және орыс тілдеріне, Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздеріне оқытуды көздестіретін оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы жұмыс істейді, бұл – облыстың тіл кеңістігін тұрақты дамытуға ықпал етеді.
Елді мекендердегі көрнекі ақпарат пен жарнаманы «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша шаралар қабылданып, сыртқы жарнамада, бұқаралық ақпарат құралдарында 23 бұзушылық жағдайы анықталды.
Үш тілді дамыту бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99% құрайды;
мемлекеттік тілді оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі құрылды;
мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды құру және енгізу қамтамасыз етілді;
өңірде тұратын этникалық топтардың тілдерін зерттеу және дамыту үшін жағдайлар жасалды;
мемлекеттік тілді меңгерген халық санының артуы;
облыс халқының жүргізіліп жатқан тіл саясатын қолдауының жоғары деңгейі.
|
мемлекеттік тілге оқытудың бірыңғай стандарттарының болмауы;
тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі;
қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуының жеткіліксіз дәрежесі;
өңірлік тілдерді оқыту орталығы жекешелендіруге жатады;
мораторийге байланысты жеке кәсіпкерлер объектлерінің көрнекі ақпаратына тексеру жүргізуге мүмкіндіктің болмауы.
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
жоғары көші-қон қозғалысы, облыс халқы санының соңғы жылдарда күрт өсуі, облысқа оралмандардың, сондай-ақ елдің өзге өңірлері тұрғындарының көптеп келуі, жан-жақты экономикалық және әлеуметтік саясат болмаған кезде тіл саясатының әсерін төмендетуі мүмкін.
|
қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл рөлінің көтерілуі;
тілдік әралуандықты сақтау кезінде мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу;
қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту.
|
Үш тілді дамыту бойынша негізгі проблемалар:
қоғам өмірінің барлық салаларында (ұлттық компанияларда, акционерлік қоғамдарда, жеке меншік құрылымдарда) мемлекеттік тіл қолданылуының жеткіліксіз дәрежесі;
тілдерді оқыту инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;
өңірлік тілдерді оқыту орталығы жекешелендіруге жатады.
2.1.2.8. Ішкі саясат
ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл
Маңғыстау облысында 508 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 90-ы белсенді жұмыс істейді. Түрлі бағыттағы үкіметтік емес сектордың жұмысына белсенді азаматтық позицияны ұстанатын 1,5 мыңнан аса адам тартылған.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға тартылған ҮЕҰ саны 4 жылда 4,5 есе (2012 жылғы 28-ден 2015 жылы 85-ке дейін), ал осы жобаларды іске асыру үшін бөлінген сома 4 есе (2012 жылғы 50,1 млн. теңгеден 2015 жылы 221,865 млн. теңгеге дейін) өсті.
ҮЕҰ субъектілері 2012-2014 жылдарда түрлі бағыттарда 250 жобаны іске асырды.
Негізгі бағыттарды айқындау және ұсынымдар дайындау үшін облыс әкімдігінің жанында консультациялық-кеңесші орган – ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес жұмыс істейді.
Саяси партиялармен өзара іс-қимыл
Облыста 6 саяси партияның филиалдары бар: «Нұр Отан» партиясы, «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Бірлік» партиясы, «Азат» партиясы және Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партия.
01.10.2016 жылғы жағдай бойынша қалалар мен аудандарда саяси партиялардың 16 филиалы жұмыс істейді. Оның ішінде, партия филиалдарының саны: «Нұр Отан» партиясы - 7, ҚКХП – 2 және «Ауыл» партиясы – 7.
Этносаралық және конфессияаралық қатынастар
Маңғыстау облысында ішкі саяси тұрақтылықты нығайту ісінде, ұлтаралық қатынастарды үндестіру мәселелерін шешуде және бірқатар әлеуметтік мәселелерде Маңғыстау облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясы үлкен рөл ойнайды. Ассамблея 20 этно-мәдени бірлестіктің қызметін үйлестіріп, бағыт береді. Маңғыстау облысының ҚХА мүшелерінің жалпы саны 93 адамды құрайды. Сондай-ақ, ҚХА мүшелері облыс әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдарының көпшілігінде жұмыс істейді. ҚР Президентінің тапсырмасын іске асыру мақсатында, ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін үйлестіру және өңірдің түрлі этностарын біріктіру жөніндегі «Достық үйі» мемлекеттік кәсіпорны құрылуда.
Ақпараттық саясат
Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын баспа және электронды БАҚ-ның саны 2015 жылы 26 бірлікті құрады (2012 жылы – 26 бірлік). 01.10.2016 жылғы жағдай бойынша облыста 38 БАҚ есепке қойылған. 9 мемлекеттік БАҚ-ын біріктіретін «Маңғыстау Медиа» ЖШС жұмыс істейді.
«Қазақстан-Ақтау» облыстық телеарнасы тәулігіне 14 сағат хабар таратады және облыстың барлық елді мекендерін қамтиды. 2013 жылғы қазаннан бастап «Қазақстан-Жаңаөзен» телеарнасы цифрлық және аналогты форматта хабар таратады.
Өңірлік БАҚ-ын мемлекеттік ақпаратпен қамту мақсатында 2012-2015 жылдарда бюджеттен 1363,6 млн. теңге бөлінді.
Гендерлік саясат
Өңірдегі әйелдердің рөлі аса елеулі екенін атап өту қажет. Маңғыстау облысында түрлі салаларда 12 000-нан жоғары басшы әйелдер жұмыс істейді.
Өңірде 12 гендерлік ҮЕҰ белсенді жұмыс істейді. Әйелдер бастамаларын жылжыту жөніндегі 2016 жылға дейінгі жоспар әзірленді.
Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
облыс ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемінің өсуі қамтамасыз етілген;
облыстың аудандары мен қалаларында үкіметтік емес ұйымдарға арналған өңірлік ресурстық орталықтар белсенді жұмыс істейді;
ауылдық жерде белсенді жұмыс істейтін ҮЕҰ-дың саны артты;
мемлекеттік органдардың жетекші облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-мен өзара іс-қимылының кешенді жүйесі ынтымақтастық негізінде жолға қойылды.
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
аудандық деңгейде үкіметтік емес сектор дамуының төмен деңгейі;
ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен;
әлеуметтік маңызды жобалардың орындалу сапасын бағалауға арналған бірыңғай өлшемдердің жоқтығы;
журналист кадрлардың құқықтық сауаттылығының төмендігі.
|
МҮМКІНДІКТЕР:
мемлекет пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік әріптестігін одан әрі тереңдету;
Маңғыстау облысының Қазақстан халқы ассамблеясының сессиялары қызметінің тиімділігін көтеру, Достық үйін құру;
әлеуметтік шиеленісудің әлеуетті ошақтарын уақытылы айқындап, оларды жою бойынша тиісті алдын алу шараларын қабылдау.
|
ҚАТЕРЛЕР:
облыс халқында әлеуметтік оптимизмнің төмендеуі;
мемлекеттік емес БАҚ-да өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың шығуы.
|
Ішкі саясат саласындағы негізгі проблемалар:
аудандық әкімдіктердің ҮЕҰ-мен және БАҚ-мен өзара іс-қимылының төмен деңгейі;
ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен;
әлеуметтік маңызды жобаларды тиімді іске асырудың мониторингі мен олардың бағалаудың нақты пайымы мен тетігінің жоқтығы;
білікті журналист кадрлардың жетіспеушілігі;
азаматтық қоғамды және халықтың жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатында ҮЕҰ мен БАҚ-ның жеткіліксіз өзара іс-қимылы.
2.1.3. бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
2.1.3.1. Қоғамдық қауіпсіздік
Құқықтық тәртіп
Ішкі істер органдары қызметінің негізгі көрсеткіші облыстағы қылмыстық ахуал жөніндегі статистика болып табылады.
1-кесте. Басқа облыстармен және ҚР-мен салыстырғанда өңірдің тіркелген қылмыстар көрсеткішінің динамикасы
|
Қылмыстардың жалпы саны
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Маңғыстау облысы
|
17 082
|
4 368
|
6 380
|
6 334
|
6 678
|
Атырау облысы
|
21 473
|
6 192
|
7 637
|
7 644
|
10 085
|
Қызылорда облысы
|
31 011
|
9 784
|
11 300
|
9 927
|
11 120
|
Қазақстан Республикасы
|
955 949
|
276 008
|
347 614
|
332 327
|
368 679
|
2012-2015 жылдардағы кезеңде тіркелген қылмыстардың жалпы санының 52,9%-ға (ҚР бойынша 33,6%-ға) немесе 2310 фактіге өскені байқалады.
2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысы бойынша мына көрсеткіштерге қол жеткізілмегені байқалды: «Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы» - жоспар 7,7% болғанда, нақтысы 11,8% құрады, «Көшелерде жасалған бұзақылық деңгейінің төмендеуі» - жоспар 33,1% болғанда, нақтысы 42,2% құрады.
Қылмыстардың өсуі халық санының күрт өсуімен, сондай-ақ қылмыстарды тіркеудің ашықтығы бойынша жұмыстың тиімділігін арттырумен түсіндіріледі, яғни дәрежесіне (ауырлығына) қарамастан анықталған барлық қылмыстар тіркеледі.
2-кесте. Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық көрсеткіштердің динамикасы
10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылық деңгейі
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
МО ІІД
|
76,9%
|
108,6%
|
104,3%
|
106,5%
|
Ақтау қаласы
|
140,7%
|
172,2%
|
157,1%
|
173,8%
|
Жаңаөзен қаласы
|
73,7%
|
134,4%
|
139,2%
|
117,8%
|
Бейнеу ауданы
|
24,8%
|
28,5%
|
34,6%
|
48,0%
|
Қарақия ауданы
|
53,2%
|
84,3%
|
50,7%
|
71,2%
|
Мұнайлы ауданы
|
27,0%
|
46,1%
|
54,7%
|
60,8%
|
Маңғыстау ауданы
|
38,3%
|
64,5%
|
62,7%
|
51,2%
|
Түпқараған ауданы
|
49,1%
|
92,3%
|
86,2%
|
81,2%
|
Ахуалды жақсарту мақсатында, облыс ІІД-нің бөлімшелері 2015 жылда облыс аумағында «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Мигрант» сияқты және тағы да басқа 60-тан астам жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді, тұтастай алғанда бұл өңірдегі қылмыстық ахуалға оң әсер етті.
Облыс ІІД бойынша 2012-2015 жылдардағы қылмыстардың ашылу динамикасы 3 және 4 кестелерде көрсетілген. 2015 жылы қылмыстардың ашылуының өсуі тіркелді.
3-кесте. 2012-2015 жылдарда ашылған қылмыстар динамикасы
|
Қылмыстардың жалпы саны
|
Оның ішінде, қылмыстар:
|
Ауыр
|
Аса ауыр
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
МО
|
718
|
742
|
497
|
697
|
680
|
635
|
448
|
647
|
83
|
62
|
49
|
50
|
ҚР
|
30387
|
33199
|
27614
|
27225
|
27576
|
30805
|
25639
|
25255
|
2811
|
2394
|
1975
|
1970
|
4-кесте. 2012-2015 жылдардағы қылмыстардың ашылуы
|
Адам өлтіру
|
Ауыр дене жарақаттары
|
Бұзақылықтар
|
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
МО
|
37/ 76,2%
|
35/ 84,4%
|
22/
88,9%
|
21/
100%
|
48/
69,0%
|
40/
78,7%
|
34/
84,6%
|
37/
97,6%
|
454/
43,4%
|
774/
60,8%
|
795/
63,6%
|
763/
72,7%
|
ҚР
|
1263/ 77,4%
|
1118/ 81,0%
|
902/
84,4%
|
860/
92,8%
|
1786/
71,8%
|
1777/
78,4%
|
1538/
82,5%
|
2251/92,2%
|
17351/33,6%
|
29983/37,8%
|
25489/
45,6%
|
21984/
57,8%
|
Достарыңызбен бөлісу: |