Саладағы негізгі проблемалар:
Ақтау қаласындағы жер учаскелерінің тапшылығы;
инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелердің жоқтығы
әлеуметтік тұрғын үйге қажеттіліктің тұрақты өсімі.
2.1.4.3. Жолдар мен көлік
Облыстың көліктік-коммуникациялық жүйесі қазіргі заманғы барлық көлік түрлерінен және байланыс жүйелерінен тұрады. Облыс «Солтүстік-Оңтүстік» және «ТРАСЕКА» халықаралық көлік дәліздерінің маңызды торабы болып табылады. Облыстың көлік жүйесінің бірегейлігі Ақтау халықаралық теңіз сауда портының жұмыс істеуіне негізделеді. Облыстың көлік инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығы оның Қазақстанның басқа өңірлерінен, әсіресе саяси және іскерлік орталықтардан айтарлықтай шалғайлығымен түсіндіріледі.
Автомобиль жолдары
Маңғыстау облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі 2586,2 км-ді, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1033 км-ді, жергілікті желі – 1553 км-ді, облыстық маңызы бар жолдар – 932 км-ді, аудандық маңызы бар жолдар – 621 км-ді құрайды.
Облыстағы республикалық жолдардың жалпы ұзындығының 41,3%-на асфальт төселмеген (Қазақстан бойынша қиыршықтасты және асфальтталмаған жолдардың орташа үлесі – 37,6%).
Жергілікті маңызы бар жолдар жол жамылғысының түрлері бойынша мыналарға бөлінеді: 1010,1 км немесе 65% – асфальт-бетон жамылғысы; 395,1 км немесе 25% – қиыршықтас-шағылтас; 148 км немесе 10% – жамылғысыз.
Облыстың автомобиль жолдарының жиілігі 13,3 км/ 1000 км2 құрайды, бұл көрші Ақтөбе (17,2), Атырау (18,6) және Батыс Қазақстан (30,3) облыстарындағыдан, сондай-ақ орташа республикалық көрсеткіштен төмен (1000 шаршы километрге 35,4).
Жүргізілген жөндеу мен жаңғырту нәтижесінде қанағаттанғысыз жай-күйдегі автожолдардың үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 40,5%-дан 2014 жылы 22,9%-ға дейін қысқарды.
1-кесте. Аудандық маңызы бар автожолдардың техникалық жай-күйі
Ауданның (қаланың) атауы
|
Аудандық маңызы бар автожолдардың ұзындығы
|
оның ішінде:
|
жақсы жай-күйдегі
|
қанағаттанарлық жай-күйдегі
|
қанағаттанғысыз жай-күйдегі
|
Маңғыстау
|
298,6 км
|
104,6 км /6,0%
|
86 км /8,8%
|
105 км /35,2%
|
Қарақия
|
82 км
|
34 км/41,5%
|
37 км /45,1%
|
11 км /13,4%
|
Түпқараған
|
72 км
|
34 км /41,2%
|
0 км /0%
|
38 км /52,8%
|
Бейнеу
|
85 км
|
21,0 км /26,3%
|
52,1 км /65,1%
|
11,89 км /13,9%
|
Мұнайлы
|
51,1 км
|
16,1 км /31,2%
|
9,3 км /18,0
|
26,2 км /50,8%
|
Жаңаөзен қаласы
|
32 км
|
28 км /87,5%
|
4 км /12,5
|
0 км /0%
|
Маңғыстау облысы басқа өңірлермен (Атырау облысымен) Астрахань – Атырау – Ақтау автомобиль жолы арқылы жалғасады.
Бұдан басқа, өңір «Бейнеу-Ақтау-Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы» автожолы арқылы Түрікменстанға шыға алады. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автожолы арқылы Өзбекстанға (Нүкіске) шыға алады.
Жолаушылар көлігі
2015 жылдың қорытындысы бойынша облыста 16 облысішілік, 17 қалалық, 13 ауданішілік жүйелі маршрут жұмыс істейді. Өңірде халықаралық және облысаралық бағыттар жоқ. Автобус паркінде 413 бірлік бар. 2 автостанция жұмыс істейді (Маңғыстау және Бейнеу аудандарында). Облыста 1000-нан аса адам тұратын 58 елді мекен бар, олардың 15,22%-ы жүйелі автобус қатынасымен қамтылмаған.
Түпқараған, Қарақия және Бейнеу аудандарының орталықтарымен облысішілік бағыттар уақытша жоқ
Облыстың автомобиль көлігімен 2014 жылы 85 523,1 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2012 жылға қарағанда 4,96%-ға көп. Көліктің жолаушылар айналымы 2012-2015 жылдарда 2,85%-ға өсті.
Маңғыстау облысының жүк көлігімен 2015 жылда 227 813,7 мың тонна жүк тасымалданды, бұл – 2012 жылдың деңгейінен 9,7%-ға жоғары.
2-кесте. Ауданаралық бағыттардағы жолдың орташа уақытының есебі
Бағыттардың атауы
|
Арақашықтық, км.
|
Орташа жылдамдық, км/сағат
|
Жолдағы уақыт, сағат
|
Ақтау-Жаңаөзен
|
150
|
70
|
2-00
|
Ақтау-Мұнайлы
|
20
|
60
|
00-20
|
Ақтау-Қарақия
|
60
|
60
|
1-00
|
Ақтау-Түпқараган
|
132
|
70
|
1-30
|
Ақтау-Маңғыстау
|
146
|
60
|
1-30
|
Ақтау-Бейнеу
|
495
|
60
|
9-00
|
Жолдағы орташа уақыт
|
|
|
15,2:6=2,4 часа
|
Теміржол желісі
Жалпылай қолданылатын темір жолдардың жалпы республикалық пайдалану ұзындығындағы Маңғыстау облысының үлесі – 5,2%. Маңғыстау облысының темір жолдарының жиілігі – 1000 шаршы км аумаққа 4,73 км құрайды (республика бойынша – 5,41). Республикадағы темір жолдардың жиілігі және ұзындығы бойынша облыс 10 орында тұр.
3-кесте. Темір жол саласының 2012-2015 жылдардағы өндірістік көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Жүктер тасымалданды
|
млн. тонна
|
15,6
|
15,3
|
14,6
|
15,1
|
Жолаушылар тасымалданды
|
мың адам
|
2777,58
|
2966,7
|
1312,0
|
749,5
|
Маңғыстау облысы темір жол желісі арқылы Құлсары станциясы (тек қана) бойынша Атырау облысына; Тассай станциясы арқылы Ақтөбе облысына (тек қана); Қарақалпақстан станциясы арқылы Өзбекстанға (тек қана); Болашақ станциясы (қоса алғанда) арқылы Түрікменстанға шыға алады.
Облыстың темір жол желісі ҚТЖ-ның «Бейнеу – Өзбекстан шекарасы», «Бейнеу – Ақжігіт», «Бейнеу – Маңғыстау», «Маңғыстау – Жаңаөзен» учаскелерінен және Ақтау теңіз порты мен Маңғышлақ станциясы арасындағы учаскеден тұрады.
Облыстың магистралды темір жол желісінің ұзақтығы: Опорная - Бейнеу – 113,6 км, Бейнеу – Оазис – 82,3 км, Бейнеу – Жарқұм – 154,8 км, Бейнеу - Сайөтес – 178,0 км, Сайөтес – Маңғышлақ – 226,3 км (екі жолды Сайөтес-9 разъезд аралығының I жолы), екі жолды Сайөтес-9 разъезд аралығының IІ жолы – 30,4 км, Маңғышлақ - Өзен – 180,1 км, Өзен - Болашақ – 145,7 км, Бейнеу парк А – Бейнеу парк Б – 4,1 км.
Маңғыстау облысының барлық теміржол учаскелері бір табанды және электрленбеген. Облыс шегіндегі барлық учаскелерде автоматты сигнал беру және телекоммуникация жүйесі орнатылған.
Облыстың темір жол учаскелерінде жолдарды күтіп-ұстау бойынша санат мынадай: Опорная - Бейнеу-II, Бейнеу - Оазис-III, Бейнеу - Сайөтес -II, Сайөтес - Маңғышлақ-III, Маңғышлақ - Өзен-IV, Өзен- Болашақ-III.
Аумақтық бөліністе темір жол желісінің дамуымен байланысты проблемалар тек Түпқараған ауданының аумағында бар.
Өңірдегі сала 2012-2015 жылдарда айтарлықтай дамыды. Жаңа темір жол желілерін, оның ішінде Өзен-Түрікменстан шекарасы, Жезқазған-Бейнеу желілері пайдалануға берілді және салынуда. Нәтижесінде жүктерді Қытайдан және Тынық Мұхит елдерінен тасымалдау мүмкіндігі пайда болды. Бұдан басқа, Түрікменстан және Иран аумағы арқылы Парсы шығанағына шығу қалыптасты. Бұл транзитті кеңейтуге, сондай-ақ темір жол бойындағы облыс аумағын дамыту үшін Маңғыстау облысының аудандары мен қалаларында ШОБ-ті дамытуға ықтимал жағдайлар жасауға мүмкіндік берді. Құрық портында паром кешенін және жағалаудағы аймақта бірнеше жобалар салу жобасын іске асыру үшін инфрақұрылымдық негіз құратын «Боржақты-Ерсай» жаңа темір жол желісінің құрылысы жүргізілуде.
Темір жолмен жолаушылар тасымалдау дамуда. Облыста 2014 жылдан бастап әлеуметтік маңызды облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдау іске қосылды, оның шығындары облыстық бюджеттен субсидияланады. Мәселен, 2014 жылғы қрыкүйектен бастап «Маңғыстау-Бейнеу-Маңғыстау» маршруты ашылды. Нәтижесінде көрсетілген маршрут бойынша 2014 жылы – 109 248 жолаушы, 2015 жылы – 190 892 жолаушы тасымалданды.
Алайда, облыс, дәлірек айтқанда Түпқараған ауданы аумағының темір жолдар желісімен толық қамылмағанын атап өту қажет. Өңірдің темір жол желісі бір табанды және электрленбеген, бұл – өткізу қабілеттілігі, қозғалу жылдамдығы және темір жолмен тасымалдау құны бойынша шектеулер туғызады.
Теңіз жолдары
Ақтау және Баутин екі теңіз портының, сондай-ақ Құрық портының (құрылысы басталуда) бар болуына байланысты, облыстың теңіз көлігі кешені ҚР үшін бірегей болып табылады.
Теңіз порттары арқылы жыл сайын шамамен 12,3 млн. тонна жүк ауыстырылып, тиеледі. Негізгі жүктердің номенклатурасын мұнай, металл, бидай, контейнерлер, тасты тау жыныстары және жүктер құрайды. Бұл ретте, Ақтау порты экспорттық қатынаста жұмыс істесе, Баутин порты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде маманданған.
Қазақстандағы жалғыз халықаралық порты – Ақтау халықаралық теңіз сауда порты Маңғыстау облысының көлік кешенінің негізі болып табылады. Негізгі ауыстырылып-тиелетін жүктердің түрлері – шикі мұнай мен жүктер. Ақтау порты «ТРАСЕКА» және «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерінің құрамдас бөлігі болып табылады.
3-кесте. Ақтау теңіз портының өндірістік көрсеткіштері
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Жүктерді ауыстырып-тиеу, барлығы
|
11 006
|
10 081
|
10 268
|
5 897
|
Мұнай
|
7 591
|
6 283
|
5 954
|
3521
|
Металл
|
1 398
|
718
|
1 229
|
1071
|
Астық
|
644
|
527
|
686
|
501
|
Басқа жүктер
|
437
|
574
|
433
|
338
|
Паром жүктері
|
936
|
1 979
|
1 966
|
466
|
Ақтау порты арқылы ауыстырып-тиеу көлемінің төмендеуіне бірқатар сыртқы фаторлар себепші болды:
мұнай бойынша – тасымалдаудың құбыржол көлігіне қайта бағдарлануы («КТК»);
металл бойынша – Иранда металл өнімдерін импорттауға бөгеу шараларының енгізілуіне және металл өнімдеріне арналған бағалар конъюнктурасына байланысты;
паром жүктері бойынша – әлемдік валюталарға қатысты рубль бағаманың құлдырауынан РФ тарифтерінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты, мұнай өнімдерін Ресей Федерациясының темір жол көлігімен тасымалдауға қайта бағдарлану;
астық жүктері бойынша – 2014 жылғы қолайсыз климаттық жағдайларға байланысты және Иранда астық импорттауға бөгеу баждарының енгізілуіне байланысты экспортқа жөнелтілетін астық көлемінің төмендеуі.
Сондай-ақ, ахауалға әлем экономикасының даму қарқынының жалпы бәсеңдеуі әсер етеді.
Құрық порты Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырымен қосылу үшін Әзірбайжанға мұнай тасымалдау үшін жүк ауыстырып тиеу пункті ретінде белгіленген. Паромдық тасымалдар үшін ауыстырып тиеу пунктін құру мақсатында, «ҚТЖ» АҚ Құрық портында қуаттылығы жылына 4,1 млн. тоннаға дейін болатын паром кешенінің құрылысын жүргізуде.
Баутин порты – теңіз операцияларын қолдау базасы ретінде пайданылып, мұнай өндіруші компаниялар үшін жүк (жабдықтар, құрылыс материалдары, жанар-жағармай материалдары және т.б.) ауыстырып тиеуді жүзеге асырады. Баутин портында негізінен Каспий теңізінің айдынын игерумен айналысатын компаниялардың кемелері орналасқан.
Сондай-ақ, Түпқараған ауданында «Маңғышлақ-Баутин теміржол желісін салу» жобасының ТЭН-і әзірленуде. Осы жобаны іске асыру Каспий теңізінің қайраңындағы теңіз мұнай-газ операцияларына үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, қазақстандық кен орындарынан мұнайды Баутин порты арқылы экспортқа тасымалдауды арттырады, сондай-ақ өңірдің мұнай-газ секторының қажеттіліктерін көлік қызметтерімен, ал салынып жатқан теңізде мұнай өндіруді қолдау базаларын қажетті материалдармен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.
Өңірдің және саланың дамуына әсер ететін негізгі шектеу, қазіргі кезде облыс порттарының жобалық қуаттылықтардың шегінде жұмыс жасап жатқаны болып табылады. Осы проблеманы ішінара шешу үшін, Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл – порттың қуаттылығын жылына 21,0 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
Азаматтық авиация
Облыстың ҚР астанасынан және Қазақстанның басқа өңірлерінен айтарлықтай қашықтықта орналасуына байланысты, әуе көлігі көлік қатынасында маңызды рөл ойнайды.
Облыстың жалғыз әуе айлағы халықаралық және Қазақстан ішіндегі тасымалдауларға қызмет көрсететін Ақтау қаласының әуежайы болып табылады.
Әуежай ISO9001:2008, IATA-ISAGO, ICAO стандарттары бойынша сертификатталған. Мына: Астана, Алматы, Атырау, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Мәскеу, Баку, Стамбул, Астрахань, Минеральные воды, Краснодар, Махачкала, Ереван, Тбилиси бағыттары бойынша тұрақты ұшулар жүзеге асырылуда.
5-кесте. Ақтау халықаралық әуежайының 2012-2015 жылдардағы көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өндірістік қуаттылық
|
2012
жыл
|
2013 жыл
|
2014
жыл
|
2015
жыл
|
Жолаушыларға қызмет көрсету (мың жолаушы)
|
жылына 2,0 млн. жолаушы (450 жол./сағ.)
|
734,1
|
776,3
|
813,7
|
845,7
|
Ұшақтың ұшуы (рейс)
|
сағатына 14 әуе кемесі
|
6392
|
6354
|
6481
|
6632
|
Жүкті өңдеу (тоннамен)
|
__
|
5896
|
4182
|
5115
|
3521
|
Өңірде облысішілік әуе тасымалдары жоқ. Сонымен бірге, шағын авиацияның инфрақұрылымын дамыту, дәлірек айтқанда «Бейнеу» әуежайын қалпына келтіру, аудан орталығы мен жақын жатқан қоныстардың тұрғындарын облыс орталығына дейін және кері әуе тасымалдарымен көліктік қамтамасыз ету мәселелерін шешер еді.
Көлік бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
қанағаттанғысыз жай күйдегі автомобиль жолдарының 40,5%-дан 22,9%-ға дейін қысқаруы;
Қазақстандағы жалғыз халықаралық теңіз портының болуы;
Қазақстанның басқа облыстарымен, әрі шектесіп жатқан мемлекеттермен байланысты қамтамасыз ететін дамыған темір жол желісі (оның ішінде жаңа желілер)
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
облыстағы автомобиль жолдары тығыздығының төмендігі (орташа республикалық көрсеткіштен 2 есе төмен);
облыстағы көлік инфрақұрылымы объектілерінің жеткілікті дамымауы, оның ішінде бірқатар аумақтардың (Түпқараған ауданы, Қарақия ауданының шекара бойындағы аумақтары) инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі, темір жол қатынасының болмауы;
автомобиль жолдарының тозуы;
облыс аумағын жолаушылар бағытындағы қатынаспен толық қамтылмауы;
порт инфрақұрылымының шектеулі қуаттылығы;
облыстың темір жол желісінің электрленбеуі және бір табанды болуы
|
МҮМКІНДІКТЕР:
«Нұрлы жол» бағдарламасының және «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» аясында көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру;
транзиттік жүк және жолаушылар ағынының жандануынан өңір кірістерінің айтарлықтай өсуі;
жұмыс істеп тұрған порттарды кеңейту және жаңғырту, сондай-ақ жаңа порт салу есебінен порт инфрақұрылымының қуаттылықтарын арттыру;
«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің стратегиялық көліктік-логистикалық және сервистік-өндірістік учаскесі ретінде облысты дамыту
|
ҚАТЕРЛЕР:
көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары үшін бөлінген бюджет қаражатын секвестрлеу;
Өзен-Болашақ (Қазақстан) - Берекет (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін толық пайдаланбау салдарынан транзиттік әлеуеттің төмендеуі.
облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі
|
Көлік саласындағы негізгі проблемалар:
асфальт-бетон жамылғысы тозуының жоғары дәрежесі;
автомобиль жолдарын жөндеу мерзімдерінің сақталмауы – күрделі және орташа жөндеу эпизодтық сипатқа ие;
жолдарды ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі;
облыстың жекелеген аудандарының, дәлірек айтқанда Түпқараған және Қарақия аудандарының аудан орталықтарының бағытында жолаушылар қатынасымен толық қамтылмауы;
жолаушылар қатынасы инфрақұрылымының жетіспеушілігі (Ақтау қаласындағы автовокзал, Шетпе және Бейнеу ауылдарындағы автостанциялар);
Түпқараған және Қарақия аудандарының аудан орталықтары бағытындағы маршруттардың залалдығы.
2.1.4.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Электрмен жабдықтау
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (бұдан әрі – МАЭК) облыстағы электр энергиясын өндіретін жалғыз кәсіпорын және облыстың барлық тұтынушыларын энергиямен жабдықтайтын ұйым болып табылады.
Бұдан басқа, кәсіпорын Ақтау қаласы мен оған жақын орналасқан аудандарды ауыз сумен және жылу электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын облыстың қалалары мен аудандарына тасымалдау «Маңғыстау электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның (МЭТК), Ақтау қаласы бойынша «АЭЖБ» МКК-ның электр желілері бойынша жүзеге асырылады. Облыстың қалалары мен аудандары бойынша электрмен жабдықтау мемлекеттік комуналдық ұйымдармен жүзеге асырылады. Электр энергиясын өндіру бойынша энергия кешенінің белгіленген қуаттылығы – 1342 МВт, қолдағы қуаттылығы - 980 МВт құрайды. Қуаттылықтың 200 МВт шегіндегі болмашы қоры бар.
1-кесте. Саланың 2012-2014 жылдардағы дамуының негізгі көрсеткіштері
(мың кВт/сағат)
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Электр энергиясын өндіру
|
4 598 126,2
|
4 612 753,4
|
5 079 997,2
|
4 890 849,6
|
Электр энергиясын тұтыну
|
4 548 891,2
|
4 545 077,1
|
5 009 914,3
|
4 818 556,4
|
Электр энергиясын импорттау/экспорттау
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Электр энергиясының ысырабы
|
49 235,140
|
67676,3
|
70 082,9
|
72 293,2
|
Негізгі тұтынушылар:
|
3 875 463
|
3 897 587
|
4 296 932
|
4 123 108
|
Оның ішінде, өнеркәсіп
|
3 352 933
|
3 383 730
|
3 706 665
|
3 493 771
|
Халық және т.б.
|
522 530
|
513 857
|
590 267
|
629 337
|
Электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 8941,63 км-ді құрайды. Желілердің тозуы облыс бойынша – 61,0% немесе 5454,39 км. Желілер тозуының мейлінше жоғары дәрежесі Маңғыстау ауданында (61%), Ақтау қаласында (47,8%), Түпқараған ауданында (36%), Жаңаөзен қаласында (30%) байқалады.
2011-2015 жылдарға арналған АДБ іске асырылған кезеңде кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен облыс бойынша 693,55 км байланыс желілері мен 592 трансформаторлық пункт жөнделді. Республикалық бюджет есебінен Ақтау қаласындағы бір трансформаторлық 20 қосалқы станцияны екі трансформаторлық қосалқы станцияға ауыстыру арқылы реконструкциялау жүргізілді. Жаңаөзен қаласында бұрыннан бар трансформаторлық қосалқы станцияларды, тарату пункттерін реконструкциялау және кеңейту жүргізілді.Облыста электр энергиясын есептеу құралдарымен 100% жарақталуға қол жеткізілді.
Сонымен бірге, салада облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін проблемалар әлі де бар.
Оның бірі өңірдегі энергия тапшылығы болып табылады. МАЭК-да генерациялайтын жабдықтың табиғи тозуы сөзсіз орын алады, ал өңірдегі электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсімі жылына 6-8% құрайды.
Қазіргі беталыста қуаттылықтардың қолда бар резерві таяу арада таусылмақ және электр энергиясының теңгерімін ұстап тұру үшін облыста оны тұтынуды шектеу немесе энергия торабының шегінен тыс жерлерден тасымалдау қажет болады. Бұл ретте, Маңғыстау облысының іс жүзінде республиканың Бірыңғай энергия жүйесімен байланыс желісі жоқ екенін есепке алу қажет. Осылайша, таяу келешекте өңірде іс жүзінде энергия тапшылығы қаупі туындайды.
Энергия үнемдеу
Өңірдегі энергия тапшылығының ықтимал тапшылығын есепке алғанда, энергия үнемдеу мәселелері ерекше өзекті болмақ.
Энергия үнемдеу бойынша шараларды іске асыру қазіргі кезде өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Маңғыстау өңірінің энергия тұтыну құрылымының талдауы көрсеткендей, оның 82%-ы – өнеркәсіптік секторға, оның ішінде 1,2% - құрылысқа, 3,0% - көлік секторына, 8,4% - жалпы пайдаланымдағы желілердегі шығындарға, 0,5% - ауыл шаруашылығына келеді. Ал, 4,8% облыс шегінен тыс жерлерге жіберіледі.
Маңғыстау облысының 9 ірі өнеркәсіптік кәсіпорны өнеркәсіптік сектор тұтынатын энергетикалық ресурстардың 35%-ын пайдаланады.
Энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру бойынша мәселелерді шешу мақсатында, облыста ірі энергетикалық кәсіпорындарымен жұмыс жүргізуде. Энергия жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленіп, оларда «МЭТК» АҚ, «АЭЖБ» МКК объектілеріндегі жабдықты жөндеу, жаңғырту, энергия тасушыларды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалануға беру, жарықтандыру желілерінде энергия үнемдейтін лампалар пайдалану бойынша іс-шаралар көздестірілді.
«АЭЖБ» МКК ЭТБЕАЖ енгізу жұмыстарын бастады. Дәлдік классы 0,25-0,5 электр есептеуіштер орнатылатын болады, бұл – тұтынылған электр энергиясын өлшеу дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы есепке алу құралдары, тұтынылған электр энергиясы үшін уақытылы ақы төленбеген жағдайда энергия тұтынуды қашықтан шектеуге және тұтынушыны токтан ажыратуға мүмкіндік береді.
Ақтау қаласындағы қаланың 108 қосалқы станциясында СЖ АБЖ-нің (сыртқы жарықтандырудың автоматтандырылған басқару жүйесі) телеметриялық жабдығы орнатылды. Телеметриялық жабдық пен көп тарифтік есепке алу аспаптарын орнату, көшедегі жарықтандырудың жану уақытын қысқартуға және сараланған тарифтер мен нақты тұтыну бойынша ақы төлеуге мүмкіндік берді.
Тұрғындар арасында электр энергиясын үнемдеуді насихаттау жүргізілуде, энергетикалық ресурстарды үнемдеу, ұтымды және тиімді пайдалану, энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша мақалалар жариялануда.
Жаңартылатын энергетика.
Энергия тапшылығын жабудың басқа бір мүмкіндігі жаңартылатын энергия көздерін, бірінші кезекте жел энергиясын пайдалану болуы қажет. Жел электр станцияларын салу үшін перспективалы аймақ Түпқараған ауданы болып табылады. Форт Шевченко жоғары жел жүктемелерінің аймағында орналасқан, бұл – электр энергиясын үлкен ауқымда өндіру үшін жел энергетикасын пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, өңірде энергияның жаңартылатын көздерін пайдалану инвесторлардың болмауынан баяу жүзеге асырылуда. Бұл, бір жағынан мемлекеттік жаңартылатын энергия көздеріне арналған тарифтерді 2014 жылы ғана бекітумен де байланысты.
Жылумен жабдықтау.
Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Маңғышлақ станциясында орталықтандырылған жылумен жабдықтау пайдаланылады. Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 51% құрайды.
Ақтау қаласында жылумен жабдықтау «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ның қазандықтарымен қамтамасыз етіледі. Жаңаөзен қаласында жылумен жабдықтау «Өзенжылу» МКК-ның орталық қазандығымен жүргізіледі.
Аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде жылу көзі ретінде автономды қазандықтар мен газ қазандары қолданылады. Оларды орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру экономикалық тиімсіз.
Облыс бойынша 100 Гкал-дан асатын барлығы 3 бірлік, оның ішінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 қазандықтары, «Өзенжылу» МКК-ның қазандығы бар. 100 Гкал-ға дейінгі қазандықтар саны – 126 бірлік.
Коммуналдық меншіктегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 779,9 км. Желілердің тозуы 54% құрайды.
«КЖСА» МКК желілеріндегі нормативтік техникалық ысыраптар 2015 жылға: ауыз суда – 16,98 %; техникалық суда – 16,98%; ыстық суда – 13,78%; жылу энергиясында – 19,4% құрады.
Жаңа шағын аудандарды жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында, Ақтау қаласында 1-ЖЭО-дан жылумен жабдықтаудың ұзындығы 9 км жаңа магистральдық желісі пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасын жақсарту және жылу энергиясының ысыраптарын азайту үшін, шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту жүргізілуде. Ақтау қаласының бірқатар шағын аудандарында жылу желісінің құбыржолдарын реконструкциялау жүргізілуде.
Облыста жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату бойынша жұмыс жүргізілуде. Заңды тұлғалардың есепке алу құралдарымен жарақтандырылу үлесі 85%, жеке тұлғалар бойынша 2,7% құрайды.
Тұтастай алғанда, 2012 жылы – 21,9 км, 2013 жылы – 13 км, 2014 жылы – 12 км, 2015 жылы – 34, км жылу желісі ауыстырылды. Нәтижесінде жылумен жабдықтау желілерінде орын алған авариялар мен өшірулер саны 2012 жылы – 484 бірлікті, 2013 жылы – 460 бірлікті құрады. Олардың саны 2014 жылы 425 бірлікке дейін, 2015 жылы 402 аварияға дейін төмендеді.
Газбен жабдықтау
Қазіргі кезде облыстағы елді мекендердің табиғи газбен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
Облыстағы газ құбырларының жалпы ұзындығы 2690 км-ді құрайды. Желілердің тозуы 30% құрайды. Облыстың жер асты газ құбырларының 40%-ы электр химиялық қорғау жүйесінсіз пайдаланылуы салдарынан газ құбырларының тозуы орын алуда.
Облыстың тұтынушыларын газбен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, республиканың басқа өңірлеріндегі газбен жабдықтаушы ұйымдардың жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ негізінде көрсетілетін қызмет тарифін реттейтін, желілерді реконструкциялау және жөндеу бойынша бірыңғай техникалық саясат жүргізетін газбен жабдықтау және тарату бойынша бірыңғай оператор құрылды.
Қалалық жердегі сумен жабдықтау.
Өңір шөлейтті аймақта орналасқан, су ресурстары өте аз. Облысты сумен қамтамасыз ету 3 су көзі бойынша жүзеге асырылуда:
1) тұщытылған теңіз суы («МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС);
2) «Астрахань-Маңғышлақ» сутаратқышы бойынша берілетін Еділ суы;
3) жерасты су көздері.
2015 жылдың қорытындысы бойынша қала халқының орталықтандырылған муен жабдықтауға қолжетімділігі 99,5% құрайды (Форт-Шевченко шағын қаласын қоса алғанда). Облыстың қалаларындағы коммуналдық меншіктегі су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 1018,0 км-ді құрайды. Су құбырлары желілерінің 479,7 км-і немесе 44,1%-ы тозған. Осы көрсеткіштің үлкен үлесін Ақтау қаласы желілерінің тозуы құрайды – 83% немесе 334,822 км. ҚЕМ бойынша судың нақты ысырабы 2015 жылға 5 128,893 текше метрді құрайды.
2012 жылы 50,4 км су құбырлары желілері салынып, 1,175 км канализация желілері реконструкцияланды. 2013 жылы 10,57 км су құбырлары желілері салынып, 25,3 км су құбырлары желілері және 7,2 км канализация желілері реконструкцияланды. 2014 жылы 47,5 км су құбырлары желілері салынып, 24,8 км су құбырлары желілері және 7,2 км канализация желілері реконструкцияланды. 2015 жылы 57,65 км су құбырлары желісінің құрылысы және 3,7 км су құбырлары желісін және 9,4 км канализация желісін реконструкциялау жүргізілді. 2016 жылы 27,89 км су құбыры желілерін салу жоспарлануда. Нәтижесінде қала халқын орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамту 99,5% құрамақ.
Форт-Шевченко қаласында тұщы ауыз судың тапшылығы байқалады. Форт-Шевченко шағын қаласын дамытудың кешенді жоспарында «Қала халқын ауыз сумен жабдықтау үшін су тұщыту қондырғысын қолдану» жобасына ТЭН әзірлеу және оны іске асыру болжануда.
Ауылдық жердегі сумен жабдықтау.
2015 жылдың қорытындысында облыс бойынша 30 ауылдық елді мекеннің орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар («МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, Түйесу, Сауысқан, Құйылыс, Торорпа, Онды, Шайыр кен орындары), 27 АЕМ орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады (Сам, Қарағайлы, Аққұдық, Ақмыш, Сауысқан, Ұланақ, Тұщыбек, Бекі, Боздақ кен орындары), 8 АЕМ тасымалданатын суды пайдаланады (Басқұдық, Түйесу, Сауысқан кен орындары).
Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамту 1.01.2016 жылға 47,5% құрады.
Аудандар бойынша сумен жабдықтаудың орталықтандырылған желісіне қолжетімділік дәрежесі аумақтық кесінде (халық саны бойынша) былайша көрінеді: Мұнайлы ауданы – 15,8%, Бейнеу ауданы – 20%, Түпқараған ауданы – 41%, Қарақия ауданы – 88%, Маңғыстау ауданы – 68%.
Ауылдық елді мекендердегі коммуналдық меншіктегі су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 1190,2 км-ді құрайды. 452,4 км немесе 38% су құбырларының желісі тозған. АЕМ бойынша судың нақты ысырабы 435,848 мың текше метрді құрады.
2012 жылы – 185 км, 2013 жылы – 28,44 км, 2014 жылы – 78,36 км су құбырлары желілері салынды. 2015 жылы 78,36 км су құбырлары желілері салынды. 2016 жылы 266,22 км су құбырларын желісін салып, ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 52,5%-ға дейін арттыру жоспарлануда.
Сумен жабдықтау саласындағы негізгі проблема – халық пен экономиканың тұрақты өсуіне қарай облыстағы бұрыннан бар су тапшылығы. Бұл проблеманы, инфрақұрылымының, дәлірек айтқанда облыс үшін негізгі су көзі болып табылатын «Астрахань-Маңғышлақ» сутаратқышының тозуы да қиындата түседі.
Су бұру.
Су бұру және ақаба суларды тазарту жүйелерімен Ақтау мен Жаңаөзен қалалары ғана жабдықталған. Облыс бойынша 31 канализациялық құрылыс жұмыс істейді. Коммуналдық меншіктегі канализациялық желілердің жалпы ұзындығы 403,8 км-ді құрайды, оның 302,26 км-і ауыстыруды қажет етеді. Канализация желілері 30 жылдан астам пайдаланылуда, және олардың 79%-ы, канализациялық сорғы станциялары 80%, канализациялық тазарту құрылыстары 90% ескірген.
Халықтың орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі қалаларда (Форт-Шевченко шағын қаласын қоса алғанда) 2015 жылдың қорытындысы бойынша 87,0% құрайды. Ақтау қаласындағы №2 КТҚ құрылысына (1-кезек) 2016 жылға дейін 2,6 млрд,. теңге бөлінді. Құрылысқа (2-кезек) 2016 жылы 425,7 млн. теңге бөлінді. Аяқтау мерзімі – 2016 жылдың аяғы.
2015 жылдың қорытындысы бойынша 6 ауылда немесе 32 АЕМ-нің 18,5%-да орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген орталықтандырылған су бұру бар. АЕМ-дерде көбінесе септиктер қолданылады.
Бүгінгі күнге ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін 2 ауыл (Шетпе, Құрық) бойынша жобалар әзірленді. Сондай-ақ, осы ауылдарда КТҚ салу жөніндегі жобалар бар. Осы жобаларды іске асыру үшін ҰЭМ-не 2017-2019 жылдарға бюджеттік өтінім жолданды.
2016-2020 жылдарға арналған АДБ аясында шешілуі қажет саладағы негізгі проблема тозуы 80-90% құрайтын инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту болып табылады.
Тұрғын үй қоры.
Облыстың тұрғын үй қоры мейлінше жоғары тозу дәрежесімен сипатталады.
2011-2015 жылдарға арналған АДБ қолданылған кезеңде облыста күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету бойынша тұрақты жұмыс жүргізілді.
Мәселен, «ТКШ-ын жаңғырту» бағдарламасының аясында 33 көп пәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу жүргізілді (Ақтау қаласында – 17 үй; жаңаөзен қаласында 2 үй; Шетпе ауылында – 8 үй; Құрық ауылында – 1 үй; Форт-Шевченко қаласында – 1 үй; Маңғыстау ауылында – 4 үй). Оның ішінде, 4 үй пайдалануға берілді.
Қазіргі кезде күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 20,4% құрайды.
Қазіргі кезде 848,41 мың шаршы метрден астамы күрделі жөндеудің кейбір түрлерін жүргізуді қажет етеді және 77 үй (90,90 мың шаршы метр) немесе 5,14%-ы тұру үшін жарамсыз үй ретінде бұзуға жататын авариялық үйлер болып табылады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
облыстың энергиялық тәуелсіздігі;
облыстың елді мекендері 100% табиғи газбен қамтылған;
жылу желілеріндегі 1,5 есе төмендеуі
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
су тапшылығы, сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылымның барынша тозуы;
газбен жабдықтау инфрақұрылымының 40% тозу дәрежесі;
жылу энергиясының жоғары ысыраптары;
электр желілерінің жоғары тозу дәрежесі.
|
МҮМКІНДІКТЕР:
ЖЭК дамыту есебінен энергия тапшылығының орнын толтыру;
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» іс-шараларын іске асыру есебінен инфрақұрылымның барлық түрлерін дамыту
|
ҚАТЕРЛЕР:
энергия өндіретін МАЭК негізгі кәсіпорнындағы тозу салдарынан қуаттылықтардың істен шығуы және оның салдарынан облыстың энергия тапшылығының ықтималдығы;
халық санының өсуі және жабдықтың тозуы салдарынан экономиканың шектеулі дамуы, облыс халқы үшін судың жетіспеушілігі
|
Саладағы негізгі проблемалар:
тұрғын үй қорының жоғары тозуы, сондай-ақ авариялық тұрғын үйлердің болуы (5,14%);
өңірдегі электр энергиясының ықтимал тапшылығы;
жылу желілерінің тозуы (54%), ол жаңаларын салу және жаңғырту есебінен шешуді қажет етеді;
халықтың және экономиканың тұрақты өсуіне қарай облыстағы бұрыннан бар су тапшылығы;
ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтаумен толық қамтылмауы.
2.1.5. бағыт. Экология және жер ресурстары.
2.1.5.1. Қоршаған ортаны қорғау
Облыстың экономикалық жағдайына оның аумағында ядролық сынақтардың өткізілу фактісі әсер етеді. Бұдан басқа, тарихи ластанулар қоршаған ортаға және медициналық-демографиялық ахуалға теріс әсер етуде. Сонымен қатар, құрғақ жерде көмірсутегі шикізатын өндіру және тасымалдау көлемінің қарқынды өсуі және Каспий теңізінің қайраңында барлау жұмыстарын жүргізудің басталуы онсыз да нашар экологиялық жағдайды қиындата түседі.
1-кесте. Облыстағы экологияға арналған шығындардың негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2012 жыл
|
Облыстық бюджеттен табиғи ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды іске асыруға бөлінген сома, млн.теңге
|
2601,3
|
2603,2
|
4065,0
|
1703,6
|
Экологиялық іс-шараларға бағытталған шығындардың қоршаған ортаға эмиссия үшін алынған жергілікті бюджет кірістеріне арақатынасы, %
|
62
|
23
|
178
|
-*
|
* «CNPC Интернешионал (Бозашы) Инк.» компанияның қосып есептелген 4 256,1 млн. теңге мөлшеріндегі сомасына қайтару жүргізілді.Сол себепті, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем мөлшері 2015 жылы (– 2 807,1 млн. теңге) мөлшерінде теріс сальдо құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |