МАҢҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2017 жыл мазмұНЫ


Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау



бет8/19
Дата04.07.2018
өлшемі1,34 Mb.
#46321
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

патриоттық өзіндік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті көтеруге бағытталған жастармен өзара іс-қимылдың тиімді моделі (әкімдік – облыстық жастар саясаты орталығы – ҮЕҰ) құрылды;

жастар саясаты жөніндегі іс-шараларға жастардың қатысу пайызы және ақпараттық жастар саясаты қызметінің саны артты;

облыстағы жастардың ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемі өсті;

мемлекеттік органдардың жастардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылының маңызды институттары: барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары құрылды.



бірлесіп орындаушы - мемлекеттік органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысуының төмен деңгейі;

аудандарда және ауылдық жерде жастар инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы;

жастардың ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларының орындалу сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемшарттарының жоқтығы.


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі ілгерілету;

«Бизнестің жол картасы» аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» жобасының аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.


жастар арасында нашақорлықтың, діни экстремизмнің таралу мүмкіндігі;

жастардың іс-шаралары мен жобаларын жеткізе қаржыландырмау.




Жастар саясатының негізгі проблемалары:

жастар арасындағы жұмыссыздық республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары;

дипломы бар жастардың жұмысқа орналасуының қиындығы;

15-28 жастағы NEET үлесінің болмашы төмендеуі;

жастардың тұрғын үймен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі (Соңғы 4 жылда Жаңаөзен қаласында және басқа аудандарда «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының аясында жас отбасылар үшін тұрғын үй салынған жоқ).

2.1.2.2. Денсаулық сақтау

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласында қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде 2012-2015 жылдарда халық денсаулығының медициналық-демографиялық және негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Облыс бойынша халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы 73,24 жасты құрады (ҚР бойынша – 71,95 жас), бұл – 2012 жылдың деңгейінен жоғары (71,56 жас, 2013 жылы – 71,68).

Облыс бойынша бала туу көрсеткіші 2012 жылғы 1000 адамға шаққандағы 30,49-дың орнына 2015 жылы 31,28-ді қүрап (ҚР – 22,69), 2,6%-ға өсті. 2015 жылдың қорытындысы бойынша орташа облыстық көрсеткіштен доғарпы бала туудың өсуі Бейнеу (34,07), Маңғыстау (33,84) аудандарында және Жаңаөзен қаласында (32,52) байқалды.

Облыс бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2012 жылғы 1000 тұрғынға шаққандағы 5,09-дың орнына 2015 жылы 4,61-ді құрап (ҚР – 7,47), есепті кезеңдегі төмендеуі 9,4% құрады. Дегенмен, Ақтау қаласы (5,62), Маңғыстау (5,6) және Қарақия (4,87) аудандары бойынша осы көрсеткіш облыстық көрсеткіштен жоғары күйінде қалуда.

Табиғи өсім көрсеткіші ҚР бойынша 15,22 болғанда, 2012 жылғы 1000 тұрғынға шаққандағы 25,4-тің орнынан 2015 жылы 26,67-ні құрады.

Облыс бойынша нәрестелер өлім-жітімінің 2012-2015 жылдарда 28,8%-ға – 2012 жылғы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 12,67-ден 2015 жылы 9,02-ге дейін төмендегені байқалады (2013 жыл – 9,49). Көрсеткіш ҚР бойынша орташа көрсеткіштен төмен (9,37).

Аналар өлім-жітімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 2012 жылы – 13,50, 2013 жылы – 13,10, 2014 жылы – 11,70, 2015 жылы – 12,50 құрады (ҚР – 12,8).

Аналар және балалар өлім-жітімінің көрсеткіштерін тұрақтандыру және одан әрі жақсарту мақсатында, аналар, нәрестелер өлім-жітімін төмендету жөніндегі штабтың облыстық деңгейдегі жұмысы, медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру, оқу орталықтарындағы тәжірибелік дағдыларды бағалау, ДСҰ-ның қазіргі заманғы стратегияларын енгізу тұрақты жүргізілуде. Біздің облыс 2015 жылы ерте жастағы балалардың, ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын жақсартуға, нәрестелер мен балалар өлім-жітімін төмендетуге бағытталған ЮНИСЕФ жобасы бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық өңір ретінде белгіленді.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру нәтижесінде облыстағы 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2012 жылғы 81,2-ден 2015 жылы 64,3-ке дейін немесе 20,8%-ға азайды. Сондай-ақ, туберкулезден өлім жітім көрсеткіші 2012 жылғы 100 мың тұрғынға шаққандағы 7,7-ден 2015 жылы 2,9-ға дейін (ҚР – 4,1) немесе 62,3%-ға төмендеді (ҚР бойынша – 43,1%-ға). Облыстық көрсеткіштен жоғары туберкулезбен ауыру Қарақия (2015 жылы – 100 мың халыққа шаққанда 86,8), Мұнайлы (2015 жылы – 100 мың халыққа шаққанда 70,9) және Түпқараған (2015 жылы – 100 мың халыққа шаққанда 81,5) аудандарында байқалады.

Есепті кезеңде қан айналымы жүйесінің аурулары (бұдан әрі – ҚАЖА) 37%-ға: 2012 жылғы 2419,5-тің орнына 2015 жылы 1629,1-ге дейін төмендеді. ҚАЖА-ның негізгі көрсеткіштерін жақсартуға Ұлттық скрининг бағдарламасын енгізу, жоғары технологиялық диагностикалау тәсілдерін енгізу, кардиохирургиялық көмекті жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді. Нәтижесінде ҚАЖА-нан өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізілді (1-сурет).



1-сурет. Маңғыстау облысындағы қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім (100 мың адамға шаққанда)
Маңғыстау облысы бойынша қатерлі ісіктерден өлім-жітім 2012 жылғы 100 мың адамға шаққандағы 71,49-дан 2015 жылы 59,3-ке дейін (ҚР бойынша тиісінше 103,98-ден 89,9-ға дейін) немесе 16,9%-ға қысқарды.

Бұл төмендетуге МСАК ұйымдарында ашу 8 онкологиялық кабінет ашу және оларды аудандық онкологтармен толықтыру, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту есебінен қол жеткізілді. Облыстық онкологиялық диспансердің төсек-орындық қуаты 2012 жылғы 45-тен 2015 жылы 70-ке дейін және онкологиялық науқастарды мамандандырылған емдеумен қамту 2012 жылғы 52,3%-дан 2015 жылы 93,3%-ға дейін арттырылды.

Халықтың нысаналы топтарын скринингілік тексерудің тиімділігі көтерілді. Мәселен, скринингілік тексерулердің нәтижесінде 2012 жылы 3 жағдай анықталса, ал 2015 жылы 26 жағдай анықталды.

Дегенмен, позитивті беталысқа қарамастан қатерлі ісктерден өлім-жітімнің жоғары болуы Ақтау қаласында (100 мың тұрғынға шаққанда 90,1), Қарақия (62,1) және Маңғыстау (63,9) аудандарында байқалады. Талдау нәтижесінде мына негізгі себептер анықталды: Ақтау қаласында және көрсетілген аудандарда эндоскопист дәрігерлердің болмауы; Ақтау қаласы емханаларының және аудандық емханалардың онкологтармен, маммологтармен жете толықтырылмауы.

АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші 2012 жылғы 0,004-ктің орнына 2014 жылы 0,033 құрады. АИТВ инфекциясын диагностикамен қамту 12,3% жоғарылағаны байқалуда (2014 жылы 87472 адам тексерілген, 2012 жылы – 77908 адам).

Облыстағы дәрігер кадрлардың тапшылығы басым мәселелердің бірі болып қала беруде. Мәселен, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жадай бойынша Денсаулық сақтау басқармасының 36 ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарында 1470 дәрігер мен 4636 орта медициналық қызметкер жұмысжасайды. Бұл ретте, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу – 22,7-ні (ҚР-32,4), 10 мың тұрғынға шаққанда орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу – 78,8-ді (ҚР-80,6) құрайды.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқына медициналық көмекті 22 аурухана ұйымы, 11 амбулаториялық-емханалық ұйым, 4 МСАК, 29 ДА және 10 өзге де ұйымдар, сондай-ақ дәрігерге дейінгі көмекті 5 фельдшерлік-акушерлік және 15 медициналық пункт көрсетеді. 5 аудандық орталық аурухана мен 2 аудандық аурухана, 1 КДЕ (консультациялық-диагностикалық емхана) жұмыс істейді.

«350 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана» бағдарламасы бойынша 5 денсаулық сақтау объектісі, ауысымына 250 келушіге арналған 2 емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен 1 ДА қатарға қосылды. Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 2 емхана, 21 ДА және 1 ФАП салынды. Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының, 100 төсектік Облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жүргізілуде.

Мемлекеттік бағдарлама аясында, МСАК көрсетудің медициналық-әлеуметтік моделі енгізу мақсатында бастапқы буын деңгейінде штат бірлігі 46 әлеуметтік қызметкер және 20 психолог болатын әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі құрылды.
Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, әлеуметтік мәні бар аурулардан өлім-жітімнің төмендеуі;

медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының аясында салу есебінен кеңеюі;

медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығаюы;

халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі;

Әкімнің гранты бойынша 250 студенттің елдің медициналық ЖОО-да оқуы;

медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармасының 25 басшысының «Алматы менеджмент университетінің» Денсаулық сақтау менеджменті факультетінде оқуы .


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

облыс бойынша 2014 жылы дәрігер кадрлардың тапшылығы 356 маманды, ауылда 52 маманды құрады;

Ақтау қаласындағы МСАК ұйымдары инфрақұрылымының жеткілісіздігі;

бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі;

жекелеген аудандардағы туберкулезбен ауырудың салыстырмалығы жоғарылығы:

әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша алдын алудың жеткіліксіз инфрақұрылымы.




МҮМКІНДІКТЕР:

денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету арқылы жергілікті жерде қалдыру;

аса тапшы мамандарды Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен тарту;

денсаулық сақтау объектілерін, дәлірек айтқанда Жаңаөзен қаласындағы, Мұнайлы ауданындағы объектілерді және Ақтау қаласында ауысымына 500 келушіге арналған емханананы салуды бюджеттік және жеке қаржыландыру көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалану арқылы ұлғайту.



ҚАТЕРЛЕР:

жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы оларды жергілікті жерде орнықтыруға теріс әсер етеді;

еңбек мигранттарының белсенді көші-қон үдерісі;

көші-қон ағындарының салдарынан сырттан әкелінетін инфекциялық аурулардың өсу тәуекелі.




Денсаулық сақтаудың негізнгі проблемалары:

дәрігер кадрлардың тапшылығы, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Маңғыстау облыстық ауруханасының базасындағы және Жаңаөзен қаласындағы инсульт орталығын жарақтандырудың жеткіліксіз деңгейі;

бала табатын жастағы әйелдер денсаулығын,ың төмен индексі;

Ақтау қаласындағы МСАК ұйымдары инфрақұрылымының жеткілісіздігі және Мұнайлы ауданында арухананың жоқтығы.
2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту және халықтың табысы

Облыстың экономикалық белсенді халқының саны 2012-2015 жылдардағы кезеңде 7,5%-ға өсті. Бұл ретте, экономикалық белсенді емес халық саны 7,7%-ға өсті (1-кестені қараңыз).

Экономикалық белсенді емес халықтың негізгі үлесін күндізгі оқу нысанында оқитындар (41%), зейнеткерлер (30%), үй шаруасындағылар (19,6%), денсаулығына қатысты еңбекке жарамсыздар (мүгедектер немесе жұмысқа қабілетсіз адамдар) (4,5%) құрайды.

Облыстағы жұмыспен қамту деңгейі біршама жоғары – экономикалық белсенді халықтың 95%-ы (республика бойынша орташа – 95%).


1-кесте. Маңғыстау облысы бойынша еңбек нарығының негізгі индикаторлары

Еңбек нарығының негізгі индикаторлары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Экономикалық белсенді халық, мың адам

271,7

274,2

261,7

292,1

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам, оның ішінде:

256,3

259,1

248,7

277,2

жалдамалы қызметкерлер, мың адам

237,4

240,8

227,8

261,2

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам

18,9

18,2

20,9

16,0

Жұмыссыз халық, мың адам

15,4

15,1

13,0

14,9

Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

5,7

5,5

5,0

5,1

Экономикалық белсенді емес халық, мың адам

106,8

117,2

137,8

115,0

Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі өнеркәсіпте (35%), дәлірек айтқанда кен өндіру өнеркәсібінің кіші секторында (22,6%) шоғырланған. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында құрылыста – 6,0%-ы, көлік және қоймалауда – 8,1%-ы, ауыл шаруашылығында барлығы – 1,3%-ы жұмыспен қамтылған.

Бұдан басқа, жұмыспен қамтылған халықтың 24,1%-ы бюджеттік (мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау), сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылықтары сияқты табысы төмен салаларда жұмыс істейді.

Облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қатарында өнімді жұмыспен қамтылғандардың жоғары үлесі байқалады. Мәселен, осы үлес 2015 жылы 63,1% құрады (16,0 мың адамның барлығының ішінде 10,1 мың адам). Тиісінше, өнімсіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі азаюда, олардың саны 5,9 мың адамды құрады.

Тұтастай алғанда, 2015 жылы облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үлесінің төменгі деңгейі байқалады (5,8%) (2012 жылы – 7,3%), бұл – орташа республикалық көрсеткіштен едәуір төмен (25,8%). Бұл халықтың, оның ішінде ауылдық жердегі айтарлықтай бөлігінің жалақы деңгейі мейлінше жоғары және тартымды мұнай-газ өнеркәсібі мен ілеспе өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғанына байланысты (вахталық әдіспен жұмыс істейді).

Облыстағы орташа айлық жалақы 2012 жылғы 157,4 мың теңгеден 2015 жылы 234,0 мың теңгеге дейін өсті және ол республика өңірлері арасында ең жоғарылардың бірі болып табылады (орташа республикалық деңгейден 1,7 есе асып түседі). Сонымен бірге, жалақы деңгейі экономика секторларының бөлінісінде әр түрлі болып келеді. Ең жоғары деңгей өнеркәсіпте, кен өндіру өнеркәсібінде (499 856 теңге) (орташа облыстық көрсеткіштен 182%-ға жоғары), көлікте, қоймалауда және құрылыста (294593 теңге) (облыс бойынша орташа көрсеткіштен 80%-ға жоғары) байқалады. Жалақының төменгі деңгейі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, білім беру, ауыл шаруашылығы, аң шаруашылығы мен орман өсіру (облыстағы орташа деңгейдің 34-58%-ы) секторларында сақталуда.

Жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына жыл сайын шамамен 15 мың адам, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарынан да өтініш білдіреді (2012 жыл – 16,4 мың адам, 2013 жыл – 13,1 мың адам, 2014 жыл – 15,3 мың адам, 2015 жыл – 15,3 мың адам). Облыстың қалалары мен аудандарының бөлінісінде жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіргендердің негізгі бөлігі Жаңаөзен қаласына келеді. Мәселен, онда жұмыспен қамту органдарына жыл сайын шамамен 5 мың адам өтініш білдіреді.

Инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды іске асыруды есепке алғанда, облыста 2012-2015 жылдарда 93157, оның ішінде өнеркәсіпте – 15923, құрылыста – 22901, көлікте – 3522, білім беруде – 3755, денсаулық сақтауда – 998, экономиканың басқа түрлерінде – 46058 жұмыс орны құрылды.



Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде, облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 2012 жылғы 5,7%-дан 2014 жылы 5,1%-ға дейін төмендеді (республика бойынша орташа – 5,0%). 2-кестеде аудандар бойынша бөлініп көрсетілген.
2-кесте. Қалалар мен аудандар бөлінісініндегі 2015 жылдағы еңбек нарығының индикаторлары

Қалалар мен аудандар атауы

Экономикалық белсенді халық, адам

Жұмыссыз халық барлығы, адам

Жұмыссыздық деңгейі,%

Маңғыстау облысы

292053

14 853

5,1

Ақтау қаласы

102 374

4 381

4,3

Жаңаөзен қаласы

70 046

4 282

6,1

Бейнеу ауданы

24 287

1 218

5,0

Қарақия ауданы

11 543

642

5,6

Маңғыстау ауданы

15 699

862

5,5

Мұнайлы ауданы

57 178

2 918

5,1

Түпқараған ауданы

10 926

550

5,0

Сонымен бірге, 2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша «Жұмыссыздық деңгейі» индикаторы бойынша қол жеткізбеу байқалды – жоспар 5,0% болғанда, 5,1%. Сондай-ақ, «Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі» көрсеткішіне де қол жеткізілмеді, жоспар 72,3% болғанда, нақтысы 66,4% құрады. Негізгі себеп – кәсіпорындардың жұмыспен қамту органдарына ұсынатын бос орындар санының төмендеуі, жұмыссыздар біліктілігінің қойылған талаптарға сәйкес келмеуі, жалақысы төмен жұмысқа орналасуды қаламау.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі» көрсеткішіне қол жеткізе алмау (жоспар – 28,8%, нақтысы – 37,2%), сұраныстың төмендеуімен, өнім өткізудің қиындығымен байланысты.

Бұл ретте, жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас) 2013 жылғы 7,5%-дан 2015 жылы 4,2%-ға дейін төмендетілді (республика бойынша орташа - 4,3%). Дегенмен, жастар жұмыссыздығының деңгейі қалалық жермен салыстырғанда (3,9%) ауылдық жерде (4,5%) жоғары болып қала беруде. Сондай-ақ, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2012 жылғы 7,8%-дан 2015 жылы 7,9%-ға дейін өсті (республика бойынша орташа – 5,7%).

Батыс макроөңіріне кіретін облыстар арасында 2014 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі (5,6%) ең жоғары болды (Батыс Қазақстан облысы – 4,3%, Ақтөбе облысы – 3,1%, Атырау облысы – 3,2%). Алайда, 2015 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша көрсеткіш 3,8%-ға дейін төмендеді (көрсетілген облыстар арасында 2-орын).

Шетелдік жұмыс күшін тарту тұрғысында, Маңғыстау облысы үшін 2012 жылға – 5050 бірлік (2926 рұқсат берілді), 2013 жылға – 4674 бірлік (3226 рұқсат берілді), 2014 жылға – 4950 бірлік (3606 рұқсат берілді), 2015 жылға – 3951 бірлік (2448 рұқсат берілді) мөлшерінде шетелдік жұмыс күшін тартуға квота берілді.

Облыс халқын жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының аясында бірқатар, оның ішінде қаланың жұмыссыз тұрғындарын мұнайға жатпайтын саланың мамандықтарына қайта бейімдеу, еңбек ресурстарын өңірдің жаңа инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларға жұмысқа орналастырумен өңірдің перспективалы өсу нүктелеріне (Ақтау қаласы, Құрық ауылы, Форт-Шевченко қаласы) көшіру бойынша шаралар қабылдануда.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2016 жылдың қаңтар-қазанында облыс бойынша 22284 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 1347 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 1192 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 16203 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 12702 адам қамтылып, оның ішінде 8989 адам жұмысқа орналастырылды, 3157 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Жұмыспен қамту және халықтың табысы бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

халықты жұмыспен қамтуға, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының», «Өрлеу» жобасының, «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының, Индустрияландыру картасының, «Нұрлы Жол» бағдарламасының, Маңғыстау облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарының аясында белсенді шараларды пайдалану;

жаңа өндірістер ашу, өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы құралдарын белсенді пайдалануы;

жұмыссыз халықты кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру;

облыста шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы бағдарламаларын іске асыру.


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

көлеңкелі жұмыспен қамтудың бар болуы;

кәсіптік даярлаудың еңбек рыногының сұраныстарына сай келмеуі;

кейбір кәсіптік топтар бойынша еңбек ресурстарының едәуiр көптiгi;

еңбек ресурстары біліктілігінің жеткілісіздігі;

жұмыс күшінің төмен жұмылдыруы;

еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз жұмыссыз азаматтар санатының айтарлықтай үлес салмағы.


МҮМКІНДІКТЕР:

еңбек нарығында әлеуметтік әріптестікті дамыту;

жұмыс берушілер жауапкершілігінің деңгейін көтеру және әлеуметтік жауапкершілік өлшемдеріне сай келетін ұйымдар санын арттыру;

тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесін төмендету;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын қолдану;

әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқыту бағдарламаларын іске асыру;

өз ісін ұйымдастыруы үшін микрокредиттер беру арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.


ҚАТЕРЛЕР:

экономикадағы дағдарыстық құбылыстар,, өндірісті жаңғырту нәтижесінде және басқа себептермен қызметкерлердің жұмыстан босауы және жұмыс орындарының қысқаруы;

халықтың бәсекеге қабілетсіз топтарын жұмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы;

жалақы төлеу бойынша ықтимал кешіктірулер.





Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша негізгі проблемалар:

мұнайға арналған бағалардыі әлемдің деңгейінің төмендеуіне, мұнай-севрис компанияларындағы жұмыстар көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыссыздық деңгейінің көтерілу тәуекелі;

жұмыссыз азаматтар біліктілігінің жұмыс берушілер қоятын талаптарға сай болмауы;

жастар және әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейі.


Халықты әлеуметтік қорғау

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (салыстырмалы кедейлік деңгейі) халықтың үлесі 2012 жылғы 3,3%-дан (ҚР бойынша орташа – 3,8%) 2015 жылы 3,0%-ға дейін (ҚР бойынша орташа – 2,7%) төмендеді. Бұған, оның ішінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру бойынша алынған шаралар да ықпал етті.

Статистикалық деректер бойынша, облыстағы халықтың орташа айлық атаулы табысы елдегі ең жоғарылардың бірі болып қалуда. Олар 2012-2015 жылдарда 27,5%-ға, 2012 жылғы 79450 теңгеден 2015 жылы 101302 теңгеге дейін (ҚР бойынша орташа – 67301 теңге) өсті.

Алайда, 2015 жылғы тиімділікті бағалау қорытындысы бойынша «Номиналды ақша кірісінің индексі» көрсеткішінің орындалмағаны байқалады: жоспар 119,7% болғанда, нақтысы 100,1% құрады. Негізгі себеп теңгенің құнсыздануы, инфляцияның (бағалар мен тарифтердің) біршама өсуі болып табылады.

Халықтың табысын көтеру, халықтың кедейшілігін, әсіресе ауылдық жерде төмендету мақсатында, азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының, әлеуметтік көмек төлеудің есебінен халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, азаматтардың табыстарын ұлғайтуға айырықша назар аударылуда.

Заңнамамен көздестірілген әлеуметтік төлемдерден басқа, жергілікті бюджет қаражаты мен өзге де қаражат көздерінің есебінен аз қамтылған азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілуде.



1-кесте. 2012-2015 жылдарда аз қамтылған отбасылар мен аса мұқтаж азаматтарға төленген бір жолғы материалдық көмек

Қалалар мен аудандар

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Сомасы, мың теңге

Саны

Сомасы, мың теңге

Саны

Сомасы, мың теңге

Саны

Сомасы, мың теңге

Саны

Ақтау қаласы

21430,0

584

18732,0

657

21430,0

584

18732,0

657

Жаңаөзен қаласы

76318,9

441

10031,2

520

76318,9

441

10031,2

520

Бейнеу ауданы

16694,5

621

25064,9

99

16694,5

621

25064,9

99

Қарақия ауданы

3666,5

43

1041,5

212

3666,5

43

1041,5

212

Маңғыстау ауданы

10567,0

348

9005,8

461

10567,0

348

9005,8

461

Мұнайлы ауданы

1159,7

134

2743,1

122

1159,7

134

2743,1

122

Түпқараған ауданы

2168,2

80

2857,4

117

2168,2

80

2857,4

117

Барлығы

132004,8

2251

69476,0

2188

132004,8

2251

69476,0

2188































Тұтастай алғанда, 2012-2015 жылдарда аз қамтылған отбасылар санының төмендеп келе жатқаны байқалады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2012 жылғы 7890 адамнан 2015 жылы 3903 адамға дейін немесе 2 есеге азайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 2012 жылғы 1916,8 теңгеден 2015 жылы 2534 теңгеге дейін ұлғайды.

МАӘК алушылар саныныңөткен жылдармен салыстырғанда 2015 жылы азаюы, Маңғыстау облысында 2015 жылғы 1 шілдеден бастап «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек (ШАК) жобасын енгізумен байланысты болды.

Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында келісімшарт жасасу шартымен ШАК-тің мемлекеттік бағдарламасының жобасы әлеуметтік көмек көрсетудің белсенді нысандарын көздестіреді (отбасы бағдарлама шарттарын орындауға өзіне жауапкершілік алады).

Ай сайынғы төлемақы түрінлегі шартты ақшалай көмек ұсынудан басқа, «Өрлеу» жобасы бірнеше мүмкіндіктер ұсынады:

жұмысқа тұруға көмектесу;

мамандыққа оқыту, басқа кәсіп немесе мамандық бойынша қайта оқыту;

отбасыға арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну.

«Өрлеу» жобасына отбасының бір мүшесінің бір айдағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс шамасының 60%-нан төмен отбасы (азаматтар) қатыса алады. Бүгінгі күнге облыс бойынша ШАК алушылардың саны – 1715 адам (331 отбасы).

Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар санының 2012 жылғы 4789 адамнан 2015 жылы 4373 адамға дейін төмендегені байқалады. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының орташа айлық мөлшері 2012 жылғы 782 теңгеден 2015 жылы 1044 теңгеге дейін ұлғайды.

Облыс бойынша 600 орындық 4 медициналық-әлеуметтік мекеме, 40 орындық Тұрғылықты жері белгісіз адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, 1388-ден астам қартайған жалғызілікті азаматтарға, мүгедектерге және мүгедектердің балаларына үйде қызмет көрсететін әлеуметтік көмек бөлімі жұмыс істейді. Мүгедектер протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифло құралдарымен, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен және арнайы қозғалту құралдарымен қамтамасыз етіліп, санаториялық-курорттық сауықтырумен қамтылуда.

2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысы бойынша мына көрсеткішке қол жеткізілмеді: «Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі»: жоспар 6% болғанда, нақтысы – 3,4%. Себеп – конкурстық рәсімдердің кеш өткізілуі, қаражаттың толық игерілмеуі.

«Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі» бойынша жоспар 46,2% болғанда, нақтысы құрады. Негізгі себеп – бұрын ЖСҚ жасау кезінде пандустардың құрылысы есепке алынбады, бір қабатты ғимараттардың төмен болуына (дәлірек айтқанда, ауылдық жерде) немесе кіретін есіктерінің тар болуына байланысты жекелеген объектілерде оларды орнату қиын.

Ағымдағы жылы көрсеткіштерді жақсарту мақсатында қажетті шаралар алынуда. Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның барлық объектілерін паспорттау және мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда. ЖСҚ әзірлеу кезінде осы талаптар сақталып, тексерілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет