Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті «эем және автоматтандырылған жүйелер»



бет24/32
Дата07.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#83943
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
Методичка ЭВМ и АС

Теориялық мәлімет. Delphi – бұл Borland фирмасымен өңделген және қазіргі даму бағыты мен жоғары ақпараттық технологияларды игерген бағдарламалық құралдарды визуальды жобалауға арналған орта.
Delphi – дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте – бірте кеңейтілген Delphi2, Delphi3, Delphi4, Delphi5, Delphi6, Delphi7 – нұсқалары жарық көрді.
Delphi – де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi – дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады.
Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы:
Іске қосу – Программалар – Borland Delphi7  Delphi7
Delphi ортасында бағдарлама құруға арналған 4 модуль терезесі бар: жоба, қосымша, қасиеттер, объект инспекторы.
Жоба – бұл IDE-де жасалатын Windows қосымшасынан тұратын файлдар жинағы.
Жоба, ұйымдастыру жағынан қарайтын болсақ, қосымшамен жұмыс жасаудың негізі болып табылады. Ол қосымшаның барлық бөліктерін біріктіріп, бір-бірімен өзара жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Күрделі қосымшаны құрайтын өзіндік бөліктерден тұратын бірнеше жобаларды жобалар тобында біріктіруге болады.
Қосымшаның жалпы функционалдығын демеп тұру үшін жоба құрамына өте маңызды кодтан тұратын арнайы жоба файлы кіреді. Ол қосымшаның жіберілуі мен қосымша класы нұсқасының инициализациясын қамтамасыз етеді.
Ал, бағдарламалық жағынан, қосымшаның негізі болып T-Application класы саналады. Бұл класс әрбір жобаның құрамына автоматты түрде еніп отырады.
Delphi-дегі стандартты жоба, жалпы жағдайда, тек қана формалардан құралады. Форма – бұл өңдеу кезеңіндегі қосымшаның тек бір ғана терезесі. Әрбір форманы екі файл анықтайды:

  1. Форма файлы – форманың қасиеттері мен ондағы орналасқан компоненттерді анықтайды.

  2. Модуль – бастапқы код пен форма класы нұсқасының түсіндірмесін құрайды.

Delphi – ді іске қосу үшін:
Пуск – Программы – Borland Delphi - Delphi 7.
Delphi-ді іске қосқан соң экранда 5 терезе пайда болады.

  1. негізгі терезе – Delphi 7

  2. басталу форма терезесі – Form1.

  3. Объекттер, қасиеттері, редакторы террезесі – Object Inspector.

  4. Объекттер тізімін көру терезесі - Object Tree View

  5. код редакторы терезесі Unit1.pas.


Сурет 7.1. Delphi 7.0. ортасы

Негізгі терезеде бұйрықтар менюі, инструменттер панелі және компоненттер палитрасы орналасқан. Басталу форма терезесі дайындалған жұмыс жасаау терезесі болып саналады. Бағдарламалық қамтамасыз ету екіге бөлінеді:



  1. жүйелік

  2. қолданбалы

Операциялық жүйелерді құрайтын бағдарламалар жүйелік бағдарламалар, ал қалғандары бағдарламалар. Қысқаша қолданбалы бағдарламалар приложениелер деп аталады.
Object Inspector терезесі объекттер қасиеттерінің мәндерін редактерлеуге арналған.
Visual жобалау терманологиясында объект - диологтық терезе және басқару элементтері аталады. Объектінің қасиеттері объекттерінің орналасуын, түрін анықтайтын мінездемелері код редакторы терезесінде бағдарламасының мәтіні құралады.
TWinControl класының алыс ұрпағы болып саналатын өте маңызды TForm класында терезенің қасиеттері мен тәртібі инкапсулданған. Өзінің тегінің мүмкіндіктеріне байланысты Delphi қосымшасының терезесі тек қолданушы интерфейсінің жұмысымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, өңдеу кезеңдерінде компоненттер арқылы басқару мен олардың орындалуын қамтамасыз ететін контейнер болып табылады.
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р – кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляциялайды. Осы себепті, қазіргі кезде ол дүние жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компиляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан 10 еседен артық, бір минутта шамамен 120 мың жолдан асады.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар (оларды компонент «паспорты» деп те атайды). Қасиет (Сипаттама) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, фома қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі тағы басқа Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Форманың келесідей қасиеттерін қарастырайық;



Қасиет

Қасиет сипаттамасы

Мәндер мысалы

ActiveControl

Формадағы белсенді объектіні (фокусты) тағайындау үшін

Buttonl, Edit2

AutoScroll

Формада жүгіртпе жолағының болуы

True, False

BorderStyle

Терезе өлшемін өзгерту мүмкіндігі

bsSizeable (кездейсоқ өлшемді терезе), bsDilog, bsNone (тағайындалған өлшемді терезе)

Width, Height

Терезенің пиксель түріндегі ен мен биіктік

503, 224 (сандық мәндер)

Font

Қаріп

Кешенді қасиет, сұхбат терезесінде тағайындалады

HorizScroIlBar VertScrollBar

Жүгіртпе жолағының параметрі

Кешенді қасиет

Icon

Бағдарламаның орындалуы кезінде форманың тақырып жолында орналасатын пиктограмманы тағайындау

(None) - Delphi арналған стандартты пиктограмма немесе белгілі бір *.ico файлдан жүктелген

Name

Форма атауы

Forml (идентификатор)

Caption

Форма тақырып жолындағы атау

Символдардың кездейсоқ жолы

Color

Форма фонының түсі

clGreen, clInfoBk (тізбектелетін тип) немесе $004525В1 (сандық мән - сұхбат терезесінде тағайындалады)

Cursor

Орындалу кезеңінде терезенің бос жеріндегі курсор түрі

crDrag, crCross, crHelp, crArrow (тізбектелген тип)

Enabled

Орындалу кезінде формадағы объектілермен әрекеттер орындау қол жетімділігі /доступность/

True, False

Left, Top

Терезенің пиксель түріндегі сол жоқ жоғары бұрышының координаталары

200, 108 (сандық мәндер)

Position

Бағдарламаны іске қосу кезінде терезенің орналасуы мен өлшемі

poScreenCenter, poDesigned

WindowState

Бағдарламаны іске қосу кезінде терезенің күйі

wsNormal, wsMaximized, wsMinimized

Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы, не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1-суретте көрсетілген: терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады (1-сурет). Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.


Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің) негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма квадрат теңдеуді шешуге пайдаланылатын болса, Form1 орнына KvTend атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.
Font (Шрифт) – формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Times Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.
Әрқашан мәліметтердің үлкен немесе кішігірім массивтермен жұмыс істеу керек болған кезде мәліметтер қорларын пайдалану өте қажет.
Берілгендер қоры – ол ең алдымен кестелердің жиынтығы. Бірақ, мәліметтер қорына процедуралар мен басқа да объектілер кіруі мүмкін. Кестені кәдімгі екі өлшемді кесте ретінде ойлауға болады. Бірақ, екі өлшемді кесте – кейбір объектілер жиынының сипаттамалары дейміз. Кестеге ат беріледі, сол аты бойынша оған сілтеме жасауға болады. Оларды өріс деп атайды. Әр өрістің өзінің аты және сақталатын мәліметтерінің түрі бар болады. Әр түрлі программалар мәліметтермен жұмыс істеу үшін өрістің атымен идентификатор ретінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет