Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер
|
Мектеп: «Облыстық санаторлық мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Күні: 04.02.2021ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Балдыкбаева Жазира Демесовна
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар: 11
|
Қатыспағандар: -
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сан аралықтары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.2.2.7
сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану;
6.2.2.8
сан аралықтарды кескіндеу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Координаталық түзуде нүктелерді белгілеу.
Cан аралықтарынының түрлерін білу және ажырату.
Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеу.
Сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану.
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Координаталық түзуде нүктелерді белгілейді;
Cан аралықтарынының түрлерін біледі және ажыратады;
Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндейді;
Сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдаланады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Математикалық сөйлеу манерін қалыптастырады.
Санды теңсіздік, тура санды теңсіздік, сан аралығы, сызықтық теңсіздік анықтамаларын біледі; санды теңсіздіктердің қасиеттерін біледі; теңсіздіктер қасиеттерін біледі; тура санды теңсіздіктерге амалдар қолдана алады; сандық түзуде әртүрлі сан аралықтарын бейнелейді; сан аралықтарын оқи алады және жаза алады;
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
- теңсіздік; санды теңсіздік; қатаң теңсіздік; қатаң емес теңсіздік; сәуле, ашық сәуле; аралық, кесінді; жартылай интервал; сан аралығы; координаталық түзудегі сан аралығына жататын (жатпайтын) нүктелер; өрнектерді бағалау;
Диалогке/жазылымға қатысты тіркестер:
(а; +) белгілеуін «а-дан плюс шексіздікке дейінгі аралық» деп оқимыз;
(–; а) белгілеуін «минус шексіздіктен а-ға дейінгі аралық» деп оқимыз...
|
Құндылықтарға баулу
|
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтарын жұптық және топтық жұмыстарда есептер шығару арқылы іске асырады.
Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;
Өзгенің пікірін құрметтеу;
Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту.
|
Пәнаралық байланыс
|
Берілген шамалар арқылы есептерді шығаруда геометрия, сөздік тіркестерді дұрыс оқуда қазақ тілі пәндерімен байланыстырады
|
Алдыңғы білім
|
Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттерін біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ұйымдастыру 5-8 минут
|
Оқушылармен амандасу.
Оқушылардың назарын шоғырландыру мақсатында сыныпта психологиялық жағымды ахуал тудыру.
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? Үйрену,ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? Тірлік,тірек,адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар орындарында отырып дәптерлерінен тексереді
Өткен сабақты бекіту үшін: «Қағып ал»
1.Санды теңсіздік дегеніміз не?
2. Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?
3. Санды теңсіздіктің бір жақ бөлігін оның екінші жақ бөлігіне орын ауыстырғанда теңсіздік белгісі қалай өзгереді?
4. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп қосуға болады?
5. Қандай теңсіздіктерге қатаң және қатаң емес теңсіздіктер деп атайды?
6. < және >; ≤ және ≥ таңбаларын (белгілерін) қандай таңбалар (белгілер) деп атайды?
7. Санды теңсіздіктің екі жақ бөлігін де бірдей теріс санға көбейтсек немесе бөлсек, теңсіздік белгісін қалай өзгерту керек?
8. 1 теңсіздігіндегі х-тің теңсіздік тура болатын сан мәндерін табыңдар.
9. 1 координаталық тузуде белгілеңіз.
10. -2 теңсіздігіндегі х - тің мәндерін табыңдар.
|
Интербелсенді тақта
Слайд №1
Слайд №2
Слайд №3
|
Сабақтың ортасы
15 мин
2 мин
5 мин
3 мин
2 мин
|
Жаңа сабақ
|