Мағжан Жұмабаев шығармалары Кіріспе



бет6/8
Дата03.06.2023
өлшемі295 Kb.
#178196
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -magzhan-zhumabaev-shygarmalary-36

Қалмақ қызының бейнесі

Талай жорықтың тағдырын шешкен айтулы Батыр Баянның шытырманға тұтылып, одан босанудың жолын таба алмай, қатты арандатқан, ешбір әмір, әді-айла жүрмейтін тұйыққа тірелуіне себепті болған кейіпкер, бұл – қалмақ қызы. Баянның да, ініс Ноянның да сорына орай, ақынның өзіатағанындай "сұм сұлуға"екуі де ғашық болады. Он төрт жасар хас сұлуға ес-түссіз ғашық болмау тіпті мүмкін емес. Мұны Мағжан сөзбен кестелеген қыз келбетінің өзі-ақ айқындап тұр:


Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір саған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын ет, шақпақтай бет, тісі меруерт,
Сөздері –су сылдырап құйылғандай.
Бір улап көзқарасы, бір айнытқан,
Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай
Лебізі – жібек лебі, жұмақ жені,
Кәусардай татқан адам қалар қанбай... [1,32 бет].
Толқыншаш характерінің Ноян бейнесіне қарағанда күштірек көрінетін себебі, тұтқан халіне байланысты ол ертерек есейген.
Жауының бір жорықта бір сұлуын
ЕрБаян алып қайтқан алдына сап.
Баянның алып қайтқан сол сұлуы-
Балдырған бөбек дерлік он төрт жаста-ақ. [1,35 бет].
Он төрт жасар қыз ағайынды екі жігітті шыр айналдырады. Қыз Баянның төредей азамат екенін қатесіз таныса да құшағын оның бауыры Ноянға ашқан. Бір жағынан оны жаулаушы, өзінің еркіндігін жоюшы деп білген.
Сұм сұлу анадайдан "ағатайлап",
Баянда жан қалмаған жандырмаған.
Сонда да сыр шығармай – Батыр баян
Жастық қып жанын естен тандырмаған /1.33/
"Сұм сұлу" деп ақын бекер қолданып отырған жоқ, - дейді С. Ізтілеуова өз еңбегінде [14,45 бет]. "Сұм сұлудың" Баянды ағатайлап қасына жуытпауында салқын есеп бар: Баянға тигенің өз жұртыңнан мәңгі қол үзгенің. Қыз талайдан ойланған ісін албырт, шикі бала арқылы жүзеге асыратыны сезеді.
Қыз бен Ноян кездесіп қалған сәтте:
Қыз сонда: "Ноян бауырым –кебем!"-деді,
"Сүйемін мен де сені тәңірі куә,
Тән түгіл жаным саған берем!"-деді.
"Нояным,бірақ сенен қалауым бар", - деді де сұлу ойға тереңдеді. [1,35 бет].
Яғни қыздың Ноянды жақсы көруі-өзінің ойға алғанын жақсы көруінен. Ноянды сезімнің құлы десек, қалмақ қызын сананың құлы дейміз. Қыз туған еліне қайтуға асық. Ол Отанына оралу үшін өзін құрбан шалуға, тәні түгіл жанын беруге бекем бел буған.
Ақынның:
Қыз сонда: "қалауым бар, Ноян батыр,
Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.
Арқаның аруы боп жүрсем – дағы
Алыста туған, өскен жерім, жатыр,
Айбынды арыстандай құмды кезген,
Күңіреніп қалың қалмақ елім жатыр.
Барқыт бел, қашқан қалмақ қалсын адыра
Ата-анам – айым менен күнім жатыр",-[1,35 бет] деп қыз аузына осындай сөздер салуы қалмақ қызының анасына берген сертіне адалдығын көрсету, екіншіден қалмақ қызының бұл тілегі арқылы, оның елін, жерін, Отанын сүюін өзгелерге үлгі етеді. Үшіншіден, қарсылас қалмақ елінің қазақтармен оңайшылықпен ымыраға келмеген, мықты жау екендігін байқату.
Біз жоғарыда қалмақ қызы Ноянмен өз есебін орындау үшін ған көңіл қосыт дедік. Дегенмен, автордың:
Сонда да кейбір кезде ақ бетіне
Бір нәрсе жүгіруші еді ыстық қандай,- [1,34 бет] деген жолдарына зер салсақ,қыз да Ноянды ұнатқан деген ойға келеміз. З.Т. Жұмағалиев "Шындық және көркем әдебиет" деген еңбегінде қалмақ қызы жайында: "...ақылды да әдетті ару қадірменді ағаның алдында ештеңе болмағандай, Ноянмен жұптасып, тұрмыс кешуін ыңғайсыз санап, көз көрмес алысқа қоныс аударуды жөн санаған",- деген пікір айтады [2,57 бет].
Ал, Балтоғаева осы жайлы мынадай ой айтады: "Біздіңше поэмада патриотизм екі образға қатысты бейнеленеді; бірі – Баян да, екіншісі –жау елі өкілінің яғни, қалмақ қызының еліне деген махаббаты, антқа деген адалдығы".[8, 97 бет]."




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет