Мағжанға Сәбиттен


Істің түпкі нәтижесіне келгенде, мәселе сенің күнәларыңда емес, совет жазушысы деген атты қалай алып жүресің, соған байланысты...»



бет15/29
Дата22.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#502
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Істің түпкі нәтижесіне келгенде, мәселе сенің күнәларыңда емес, совет жазушысы деген атты қалай алып жүресің, соған байланысты...»
Бұл арада Мұхтардың «жазушы» деген атқа кір түсіріп, абыройын кетіргені меңзеліп отырған жоқ. Қайта «Абай» романы арқылы туған әдебиетін шырқау биікке көтерді. Алайда, Сәбит Мұқановтың ойының астарында қалайда Әуезовті идеологиялық, таптық тұрғыдан шеттету пиғылы байқалады. Салқындық сезіледі. Тіпті салқындық емес, онымен ескі дұшпандарша сөйлеседі. Мұхтарға ондай қағажу көру онша таңсық емес. Дегенмен де он жыл бойы қарауылдың ұшында тұрып, нысанаға үнемі іліне беруі – жүйкесін тоздырғаны да шындық. Мұны Мұқанов та мойындайды, түсінеді, бірақ, қайталап айтуын да қоймаған.

Неге?


«Сен суреткер ретінде «Абай» романына жазғанша кеңестік кезеңге дейінгі деңгейіңе көтеріле алмадың, керісінше, көптеген жағдайда құлдырап кеттің, бұған менің көзім (өзгелердің де) анық жетеді. Адамдарда, оның ішінде менің де көкейіме мынадай заңды сұрақ үйіріледі: Кешегі қайталанбайтын тамаша сурткер, бүгінғ яғни, өзінің қатесін мойындаған соң, неге тарфереттік шығармалар жазады? Суреткер ретінде барлық мүмкіндікке ие бола тұра неге биікке көтеріле алмайды?

Мен мұның екі себебі бар деп ойлаймын: бірінші, өзіңнің қателігіңді мойындаған соң, бұрын өзің сенбеген өмірді газеттегі мақалалардың әсері арқылы ғана қабылдадың, көпшіліктің ішіне барып, ұлы құрылыстың жетістіктері мен кемшіліктерін бөліспедің. Сенің кеңес тақырыбына арналған көптеген шығармаларыңдағы схематизм, көркемдік бәсеңдік осыдан туындап отыр. Осы арада сен менен: «Маған жөн көрсеткен жерге сенің өзің неге бармайсың?», – деп сұрауың мүмкін. Заңды сұрақ. Біздің социалистік құрылысымыз орнатып жатқан жаңалықтардың барлығын мен де толық біле бермеймін. Бірақ та кеңестік ауылдың өмірін мен сенен жақсы білемін десем, қателеспеймін. Өйткені мен: ауылдағы алғашқы кеңестік ұйымды, алғашқы партия ұйымын, алғашқы шаруашылық мекемелерін, алғашқы мәдени ағарту мекемелерін құруға тікелей араластым жәнеолардың әрі қарай дамуына да белсене қатыстымү

Сен тағы да бір мынадай сұрақ қоюың мүмкін: «Жарайды, сен кеңестік ауылды артық білуің мүмкін, ендеше айтшы маған, сен менен асып қандай шығармалар жаздың? – деп. О, құрметті Мұхтар! Сен мені бәрән бітіріп тастадым дейтін мақтаншақ адам деп ойлама. Маған және менің халқыма бақыт сыйлаған өз отаныма мен өте аз қызмет көрсеттім, әрине, бұл мені толғандырады. Өзімнің бұл кемшілігіме іштей мазасызданып, өзімді-өзім: мен ұлы күрестен тыс қалғамын жоқ, өзімнің қолымнан келгенінше қабілетіме қарай бәрін де істедім. Өзімнің бұл әрекетімді әлі де жалғастыра беремін – деген оймен жұбатамын.

Сенің толыққанды көркем шығарма жаза алмауыңның екінші себебінің тамыры – сенің қадамыңның сенімсіздігінде жатыр, әлдебір нәрсе бүліне қалатындай жан-жағыңа көп жалтақсайсың. Сен: көркем шығарманың – шыңдалу екенін білмейсің. Қателік кез-келген жазушыда болады. Қателіктен қорықпау керек. Тек табан тіреген топырағың тайғанақ болмасын, кеңстік тірек болсын. Ұлы Лениннің өзі: қателіктер жасаймыз, сол қателіктерден үйренеміз – деп айтты емес пе. Сен әлі мұндай батыл қадам жасамай, мұндай шыңдалудан өтпей кібіртіктеумен келесің, сондықтан да кеңестік тақырыпты игеруің ақсап келеді. Ренжі, ренжіме, мейлі, тура айтайын (көптеген адамдар да айтып жүр): Сен суреткер ретінде өзіңнің кеңестік рухыңды шығармаларыңда талантыңа сай көрсете алған жоқсың. Сен бұл сұраққа өзіңнің замандастарыңның алдында жауап беруің керек».

Хатты оқып отырғанда бұл сөздерде ешқандай оғаштық жоқ сияқты. Бәрі де дұрыс көрінеді. Кеңес тақырыбына жазылған Мұхтар Әуезовтің шығармаларығ шындығында да, бұрынғы деңгейіне көтеріле алған жоқ. Оның басты себебі, Мұхтардың талант қуатының әлсірегенінде емес, кеңестік идеология, соның ішінде Сәбит Мұқановтың өзі қатаң ұстануды талап етіп отырған «мазұны социалистік, формасы ұлттық» социалистік реализмнің талаптарында еді. Ірі талнтқа сай ірі оқиғаларды қамтуға бейім М.Әуезовтің қаламына ұлт зиялыларының қудалануы, ақ пен қызылдың ойраны, отыз екінші жылғы ашаршылық, отыз жеті-отыз сегізінші жылға қуғын-сүргін сияқты тақыптар лайық болатын. Күрделі көркем ойлау жүйесі мен қою да кесек сөз бояуы, құрмалас сөйлемдердің күрделі үйлесімі тағаны тақыр оқиғаларды баяндауға икемделе алмайтын. Оны сөз иесі ретінде Мұхтар Әуезов те, Сәбит Мұқанов та жақсы түсінеді.

Алайда, соған қарамай, айыптай сөйлеу, Мұхтарды өзімен тең ұстамай, алшақтау ұстап, «тақтаға шығарып қойып» сөйлесуге бейімділік байқалады. Сәбит көрген ауылды Мұхтар көрмеді ме? Мұхтар губернияны, республиканы билеп, ұлтын ашаршылықтан құтқарудың амалында күйінді боп жүргенде Сәбит Мағжанның атының шылбырын ұстап жүрмеді ме? Жалпы осыдан артық қандай өмірлік дерек керек? Біз де Сәбтитің ізімен санамалап бірнеше уәж келтірейік.

Біріншіден: Мұхтардың 1932 жылға дейінгі шығармаларын неге совет дәуірінен бұрын жазылған деп бағалайды. Керісінше, «Қорғансыздың күнінен» – «Көксерекке» дейінгі дүниелер 1920-1928 жылдары жазылды ғой.

Екіншіден: Сәбиттің өзі жиырмасыншы жылдардағы «асыра сілтеген» қателіктерін мойындай отырып, сол қателіктерін көрсетіп, Абайдан бас тартудың теріс пікір екенін дәлелдеген Мұхтардың мақаласы неге «ашық жаулық» ретінде бағаланады? Демек, ол дұрыс айтты емес пе.

Үшінші: «Қолыңмен істегенді – мойныңмен көтер»,– деп нығырлай тұқыртып алады да, «оларға пысқырып та қарама» деп неге ақыл береді. Төртінші: «1932 жылдан соң сен бірде-бір көркемдігі жоғары шығарма бермедің»,– деп бағалайды. Сонда «Абай» трагедиясын, «Абай» романын көзге ілмей, жай қатардағы туындының есебіне қосуға бола ма? Он жыл да емес, бүкіл өмірінде дәл «Абайдай» бір шығарма жазған жазушы – нағыз жазушы ғой. Әлде, ол «совет жазушысы» атану үшін аз ба? Және хатының басында Сәбиттің өзі санға емес, сапаға жүгін демей ме?

Бесінші: 1941 жылға дейін де Мұхтар совет жазушысы атанбап па еді. Ендеше, сол уақытқа дейін одақтың тізіміне ілінбеуі қалай?

Міне, гәп осында.

Екі жазушының арасындағы араздық осыдан басталып, бірте-бірте ұлғая түскен. Бірі – кеме капитанының, екіншісі кемедегі жолаушының орнында болған. Жағдайлары да, қоғамдағы беделдері де әрқилы. Қиын кезде қол ұстасып, ауыртпалықты тең бөліскен қос алып бейбіт күнде көңілдеріне көлеңке ұялатқан. Бір-бірін айыптауға көшкен. Сәбит Мұқанов:

«Сен тарихи тақырыптарда үлкен беделге ие болдың, оның ішінде «Абайға» дейін халық әдебиетіндегі дайын сюжетті пайдаландың («Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Бекет», «Қалқаман-Мамыр») және оларды тың шығарма деп ұсындың. Сен кейде өзіңше, халық сюжеті жұтаң болатын, мен оны байыттым деп ойлайсың. Меніңше, олай емес сияқты. Сенің нұсқаң – асып кеткенде халықтың нұсқасымен теңеседі, бірақ одан жоғары емес», – дейді хатында.
Бұлғ енді, нағыз қиянат.Қазір жоғарыдағы Шәкерімнің дастандары халыққа кеңінен мәлім болды. Ал, оны пьесамен салыстыруға бола ма? Екеуі – екі бөлек дербес туындылар. Ал енді осы пікірі үшін Сәбитті қаралауға бола ма? Қайдам. Өйткені ол мұның барлығын шын көңілімен «таптық тұрғыдан» бағалап отыр ғой.

Ол кейін өз қателігін түсініп, алғашқы пікірінен бас тартты. Осы хатта да «Абай» трагедиясы жөніндегі бұрынғы пайымдауларының жаңылыс айтылғанын, өзінің әділетсіздік жасағанын шын ашық мойындайды. Тарихи тақырып туралы тұжырымдарының терістігін түйсіне келіп, байсалды пайымдауға көшеді. Кейбір сынының орынсыздығын да тілге тиек ете отырып, «Абай» романына жоғары баға береді. Бірақ та пьеса мен романды бір-біріне қарсы қойып, қарабайырлау тәсілмен салыстырады. Бұл шығармалардың жанрлық өзгешілігін былай қойғанда, жазушының көркемдік шешімі мен әлеуметтік-философиялық астарының мүлдем басқа екендігін ескермейді. Ал, мұны аңғармау – өзге-өзге Сәбит Мұқанов іспетті тәжірибелі қаламгерге мін және үлкен мін. Оның бұл мінезін Мұхтардың теріс түсінуі де заңды.



«Сен «Абай» пьесасында Абайдың образын жасадың. «Абайды» оқу кезінде мен өзімнің біраз наразылығымды білдірдім. Содан кейін мен бұл мәселенің төңірегінде көп ойланып, менің пікірлерім қате екен деген тұжырымға келдім. Гуманист есебіндегі Абай образын сен тәуір шығардың. Бірақ та, «Абай» пьесасындагы өзге образдардың толық бітпей тұрғаны жөніндегі пікірімнен қайтпаймын. Москвада жасалған соңғы нұсқаны оқымағаным өкінішті. «Абай» романы туралы пікірім жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет