Мағжанға Сәбиттен


Сіздің кінәңізге пролетариат мемлекеті қашан кешірім жасайтынына қарамастан, мен сізге бір сұрақ қойғым келеді: болашақта сіздің ақындық қаламыңыз кімге қызмет етеді?



бет2/29
Дата22.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Сіздің кінәңізге пролетариат мемлекеті қашан кешірім жасайтынына қарамастан, мен сізге бір сұрақ қойғым келеді: болашақта сіздің ақындық қаламыңыз кімге қызмет етеді?

Сіз маған жауап береді деп сенемін.

Соңғы екі-үш жылда мен Қызыл профессура институтының әдебиет бөлімінде оқыдым.Қарашаның 20-да Алматыға тұрақты қызмет істеуге барамын. Отбасым әзірше Москвада қалады. Оларды алып кетуге мен желтоқсанның аяғында келемін.

Сәлеммен – Сәбит. 2/-ХІ.1934 ж.»

Менің адресім: Москва, 21, Остожкенко, 53, 62-бөлме (алпыс екінші). Мұқанов Сәбитке.».
Шындығында да бұл қаттың мазмұны түсініксіздеу көрінуі мүмкін. Алайда екеуінің де жазушы екенін ескерсек, онда мұндағы емеуіріннің астары тереңде. Біріншіден, тұтқыннан босанған жолаушы арқылы Мағжанның жөнін біліп, хат жазуының өзі мәрттік. Екіншіден, тура осы хаттағы «еңбекпен тәрбиелеу», «біз, коммунистер қайта тәрбиелейміз», М.Әуезов солай істеді, Сіз кімге қызмет етесіз, маған жауабын беріңіз – дегеннен-ақ Сәбит Мұқановтың: Сіз де Мұхтар сияқты ашық жазыңыз,оған жазушылар одағының атынан мен кепілдік беремін, адресім мынау – деп отырғанын Мағжан түсінетінін білген. Кейін Мағжан тура осы мағынада Жазушылар одағына және Халық комиссарлары кеңесіне өтініш жазуы соның дәлелі. Зады, түрмедегі Мағжанға жазылған бұл хатты ешкім білмеген. Әйтпесе, С.Мұқанов партия қатырынан шығумен ғана шектелмейтіні анық еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет