Мағжанға Сәбиттен



бет3/29
Дата22.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
ТҰЛҒАЛАР ТАЛҚЫСЫ

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ПЕН СӘБИТ МҰҚАНОВ

Өнер адамдарының арасындағы қарым-қатынас, достық тілек-ниеттер әртүрлі жағдайда қалыптасып, өмір өзегіне айналады. Тіпті, қиын-қысталаңы мол, қарбалас күндердің өзінде де көзқарас алшақтығына, өзара қарым-қатынастарының кірбіңіне қарамастан жомарт таланттар бір-біріне қол ұшын беріп, қолтығынан демеп жатады. Мағжан итжеккенде жүргенде және қайтып келген соң С.Сейфуллин мен С.Мұқановтың сондай ізгі қадамдары жан сүйсінтеді. Алайда тұлғалар,а тән даралық пен мінез, көркемдік көзқарас, тіршілік танымы үнемі ұштаса бермейді. Әсіресе, өнер адамдарының жолы өзге мамандықтың иелеріне қарағанда бұралаңы мен бұрмасы көп, «соқтықпалы, соқпақсыз» болып келеді. Бұл барша өнер психологиясына тән табиғи құбылыс. Ондай қақтығыстар кейде аса күрделі өнер қақтығысына да алып келеді. Егерде тұлғалардың бұл қайшылығы қоғамдық құрылым мен мемлекеттік саясат тұрғысынан сыпат алса, онда бұл ерегестің соңы ұлт үшін де, жеке бастары үшін де тарагедияға айналуы мүмкін. Айлалы қоғам, айлакер саясаткер, арандату құрылымдары тұлғаларды өзара қақтығыстыру арқылы үнемі өз ұпайын түгендеп отырды.

Қазақ руханияты тарихындағы Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов та сондай тұлғалар болды. Сәбит Мұқанов «кеңестік идеологияның төл туындысы, таптық көзқарастың ту ұстары, ең бастытысы жеңген мемлекеттің үстем табының өкілі болды. Сондықтан да үнемі өктем сөйледі. Ал Мұхтар Әуезов болса «ығысқан идеологияның, жойылған таптың, жазаға тартылған үкіметтің» сарқыты, өмірін «несиеге алған» қалпақ астындағы сынақ тұлғасы еді. Ол еңсесін көтеріп, тік жүруге, ашық та еркін өмір сүруге, пікірін тура айтуға еркі шектеулі мүсәпір пенденің сулығын жамылып жүруі тиіс сияқты көрінді. Кез-келген қоғам дәбірі кез-келген бұрышта оны сұқ саусағымен көрсетуге қақы бар сияқты сезінді. Ал екінші жақтан алғандағ екеуі де ұлттық мәдениеттің мәйегі (носителей культуры) болатын.

Сондықтан да қазақтың екі ой алыбы – Мұхтар мен Сәбиттің бір-біріне деген пейіл-ықыласының кейде риясыз ашық болуы, кейде көлеңке түсіп отыруы заңды. Біздің ойымызша, ол үшін қос дегдардың бірін қаралап, екіншісін ақтаудың реті жоқ. Олардың әр қайсысы өзінің өмірлік мұратын, өнердегі ілхамын қорғады. Қазір: «Мұхтар мен Сәбит үнемі айтысып келді. Олар – бітіспейтін дұшпандар еді», – дегенді жиі естиміз. Рас, араларына от жағып, араздастырушылардың ырқында кетіп, қатты-қатты сөз айтып, қабақ шытысқан тұстары да кездесті. Әсіресе 1951 жылғы «қара дауылда» екеуінің егесі шыңына жеткен. Бірақ та, олар өзінің жеке басының араздығын қиын сәттерде ұмытып, халық мүддесін тізе қоса отырып, ортақтаса көтерген. Біз, бұл әфсанада Мұхтар мен Сәбиттің «жаулығына» сай достығын, күйіндіре отырып сүйіндірген мінездеріне тоқталғымыз келді. Осының өзінен қос алыптың өмірінен тәлім-тағылым алатын біраз жай аңғарылса керек-ті. Ашығын айтсақ, олар өздерінің қатар өткізген отыз жылғы ғұмырында бір-бірімен тіл табысуға ұмтылыпты. Соның бір кепілі – араларына салқындық түскен кезде өзара жазысқан хаттары. Хат жазушы – Сәбит. Барлық хатты Москвадан жолдаған. 1933 жылғы 21 ақпанда жолдаған:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет