Мағжанға Сәбиттен


«Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің төрағасы ж. Қазақпаевқа



бет8/29
Дата22.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#502
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
«Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің төрағасы ж. Қазақпаевқа

Кеңес жазушылар одағының мүшесі Мұхтар Әуезовтен өтініш

«1930 жылы қыркүйек айында мен ОГПУ мекемесі тарапынан «Қазақ ұлтшылдарының» ісіне байланысты тергеуге тартылып, 1932 жылдың көкек айында тергеу аяқталған соң үш жылға шартты түрде үкім кесіліп, бостандыққа шығарылдым. Бұл үкімнің кесімді уақыты 1933 жылы қыркүйекте аяқталды. Ал мен 1932 жылы Қазақстан кеңестік жазушыларының қатарына өттім.

Міне, 24 жылдан бері драматург, прозашы және әдебиет тарихын зерттеуші ретінде әдебиет майданында еңбек етіп келемін. 1921 жылы жазылған менің «Еңлік – Кебек» атты тарихи пьесам осы күнге дейін барлық қазақ театрларында (академиялық және облыстық театрларда) қойылып келеді. Менің бұрынғы әдеби қығармаларымды былай қойғанда, соңғы тоғыз жылдағы мен атқарған істер партия-кеңес жұртшылығына жақсы мәлім.

1926 жылы Қазақ мемлекеттік драма (қазір академиялық) театры менің «Еңлік – Кебек» пьесаммен өзінің шымылдығын ашты, ал 1934 жылы қазіргі Мемлекеттік опера театры өзінің шымылдығын менің «Айман – Шолпан» атты пьесаммен ашты. Өздері жұмыс істегеннен бері осы театрлар және облыстық театрлар менің тарихи және қазіргі тақырыптарға жазылған көптеген пьесаларымды қойып келеді. Өткен 1940 жылы республиканың жиырма жылдық мерекесін академиялық драма театры Л.Соболевпен бірігіп жазған менің «Абай» атты пьесаммен атап өтті. Осы тоғыз жылдың ішінде мен көптеген әңгімелер мен повестер, оқу құралдарын жаздым. Қазір қазақ әдебиетінің классигі туралы «Абай» атты көлемді роман жазып бітіріп, баспаға ұсынбақшымын. Сонымен қатар мен аударған батысеуропа мен орыс әдебиетінің классиктері Шекспирдің «Отелло», Гоглбдің «Ревизор», қазіргі кеңес жазушылары Погодиннің «Ақсүйектер», Треневтің «Любовь Яровая» т.б. пьесалары Қазақ театрларының репертуарынан орын алған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет