Мағжанға Сәбиттен



бет4/29
Дата22.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
«Мұхтар!

Бұдан бірер жыл бұрын біз екеуміз екі таптың жыршысы ек. Марксизм объекті мен субъектіні бірінен бірін айырмайды. Объективно тап тартысында бір-бірімізбен майдандасқан адам болғандықтан, сені білмеймін, менің өз қара басымды алсақ, сені субъективно да ұнатпайтын ем. Сөйткен саған менің осы хатты жазуымның өзі көлденең қараған адамға ұқпайтын нәрсе сықылды көрінуі мүмкін. Өйткені тап тартысы біз майдандасатын кезде күшеймесе кеміген жоқ. Таптар біткенмен, тап өкілдерінің татулығы болу мәселесі әлі ерте. Және қарсы таппен біз татуласып жақындаспаймыз, жоямыз.

Сенің газеттерге жазған хатыңды, Жазушы ұйымының жиналысында айтқан сөзіңді оқыған адам, марксизмге таныс адам, әрине, бұл хаттағы жазылғанға таңданбайды. Бұл заңды хат... Біз сені қас (дұшпан – Т.Ж.) күніңде де бағалайтын ек. Өйткені Мағжан мен сен кеңес үкіметіне қастықтарыңды ашып айтатын едіңдер. Сондықтан сенің пролетариат тілегіне келуіңді де адал келу деп ойлаймын. Бұл сенің көңліңді көтеру емес, шыным... Менің де өз қара басым сені қорқудан емес, ұяттан келген адам (не перед страхом, а совестью) деп оплаймын. Олай болса, күдіктің орны болмауға тиіс. Және болуға мүмкін де емес. Өйткені әрбір адамгершілік санасы бар адамның негізгі ойы – біреуді құлданбауда, адам баласы теңдес өсуде болу керек.

Егер сен бұрынғы Мұхтар болсаң, «қанжығада көрісермізбен» айдай берер ек. Қазір ол пікірден, әрине, аулақпыз. Түзелуіңе бізден керекті жәрдем болса қолдан аянбаймыз. Сенің міндетің – біздің алдымызда емес, пролетариаттың алдында (біз де соның ішіндеміз ғой) сөзіңді іс жүзінде айту», – деген алғашқы хатындағы «пролетарлық уәдесін» орындады Сәбит.

«Ескілік көлеңкесіне» жазылған алғы сөз бір жылдан соң Сәбиттің өзіне оқ боп атылды. Әйгілі отыз жетінші жылдың «қара дауылы» тұсында Сәбит Мұқанов та зауалға ұшырап, орнынан алынды. Іле партия қатарынан шығарылды. Оған себеп болған нәрсе, «Казахстанская правда» газетінің сентябрь айының ортасындағы санында жарияланған белгілі мақаладағы мына жолдар:



«Қазақ даласын совет келгеннен бері қара пәле қаптаған деп суреттеу, ақ боран астындағы өліктей суреттеу ұлтшыл жазушының шығармаларындағы негізгі идеялық мотиві болған. Әуезовтың бұл әңгімесінің сарыны да сол ізбен кеткен сарын. Совет үкіметінің жолына, саясатына қарсы жазылған бұл әңгімелердің бүгінгі жұртшылыққа қаншалықты керек екенін автор Әуезов те, кіріспе сөз жазған Мұқанов та, редактор Жаманқұлов та түсінсе керек еді. Бірақ, практикада бұлай болмай шықты, ұлтшыл бағыттағы әңгімелерді басып шығарды. Әуезовтың бұл жинағына кіріспе сөз жазған Мұқанов жолдас: «Осы басып отырған әңгімелер болсын, басқа еңбектері болсын, идеологиясын былай қойғанда Мұхтардың ірі суретші екеніне айқын дәлел» (5-бет). «Өзі идеология жағынан жат, зиянды болсын, сүйтсе де, ол бізге пайдалы, керек нәрсе» - дейді. Осындайда жауапсыз сүрініп, жағынған пікір бола ма екен? Мұқановтың бұл сөзінің баяғы Сұлтанбек Қожановтың алашорда ақыны Жұмабаевтың контрреволюцияшыл өлеңдері жинағына жазған сөз басынан несі кем?

Егер, шығарма пікір, идея жағынан бізге қарсы, залалды болса, ол шығармада ешбір шындық жоқ, ондағы көркемдік жат идеяға бағынулы болады. Идеясыз, пікірсіз ешбір көркемдік – көркемдік болып танылмайды. Мұқанов жолдас Әуезовтің шығармаларының зиянды пікірлерін ашып, алдын ала жұртшылыққа ескертіп айтамын деп, өзі теріс пікірлер ұсынып отыр. Мұқанов шын қырағы болса – Әуезовтың бұл әңгімелерін бастырмауы керек еді. Бірақ бұл Мұқановтың да, Жаманқұловтың да большевиктік батылы жетпеген. Жазушылар ұйымы бұл сорақылықты да көрмеді, бұл жайында жұмған аузын ашпай отыр».

Бұл мақала – Сәбит Мұқановтың партиядан шығарылуына «септігін» тигізді. Өзге-өзге, бүкіл саналы өмірін пролетариатқа қызмет етуге жұмсаған Сәбит үшін партия қатарынан шығарылудан артық әділетсіздік жоқ еді. Осындай ауыр жазаға ұшырауына Мұхтарға жасаған жақсылығының «себі» тиді. Сондай қасіретті қарбаластан аман шыққан екі тұлға араға екі жыл салып барып қырғи қабақ күйге көшкен. Оған не себеп болды? Екеуі де бір күнгі еркіндікті көтере алмады ма? Мүмкін.

Егерде: Мұхтар үнемі жазықсыз жапа шекті, оған жасалмаған жауыздық, көрсетпеген қиянат қалмады, дос таба алмады, халық қолдамады және оны өзі сезінбеді, тұрмыста да жарым көңіл күй кешті, ылғи да от пен судың ортасында жүрді, жалғыз қалды десек – онда шындықтың бетін шымылдықпен бүркегеніміз және бұдан асқан қиянат болмайды. Өкінішке орай бір кесе шайының өзін күдіктене ішетін секемшіл, жапа шеккен жасқаншақ жан етіп көрсеткісі келген дүниелердің пайда болғаны да рас Мұхтарды қорлаудың ең оңай жолы бұл! Мұхтарды ешкімнің мүсіркеуге хақысы жоқ және мүсіркетпеген де. Еркелесе – еркелеткен шығар. Бірақ басына шығарып, басындыртпаған. Өз есесін емін-еркін алып, емін-еркін төрде отырған. Қатты ренжітіп, өкпелесіп, ұзақ сілкілескен кездері бар. Ол – қатыгез дұшпандықтан, өмір сүруін көп көрген өшпенділіктен ада, таза пендешіліктен туған ұсақ реніштер. Мүмкін, кейбірінің тым ушығып барып басылуы да. Ал, Мұхтардың көзін жойып, атын өшіру үшін исі қауым бірігіп, қасақана қастандық әрекет жүргізді деу – оқиғаны өз ыңғайына қарай бұра, әдейі өршіте түсу үшін әрекеттенгендердің далбасасы.

Рас, Сәбит Мұқановпен біраз уақыт ренжісіп, араларын суытып алғаны шындық. Оны жасыру – екеуін де жала мен өсектің өртінде қалдыру деген сөз. Әуелі де әзіл-қалжыңнан басталған өкпе-наз біразға дейін түсініспеушілікке итермелеген. Кейбір мәжілісте, отырыста Сәбит те шалған. Мұхтар да қарымтасын қайырған. Бірақ бұл реніш екеуінің өзара жеке бастарының кірбіңінен асқан жоқ. Тақырыптан озып барып айтарымыз, 1949 жылы «Абай» романының екі кітабын бірінші дәрежелі Сталиндік (Мемлекеттік – Т. Ж.) сыйлыққа және 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ұсынған өзге емес тура Сәбит Мұқанов болатын. Мұндай кесек мінезді адамдар халық игілігіне қуанбаса, кері тартпайды. Ал, екі алыптың араздығынан пайда тауып, қасақана өрт қоюшылар болған. Оларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Аттарын атамай-ақ қояйық, бірақ тұғалар тағдырымен айналысқан қырық жылдың ішіндегі біз білген шындық соған жетелейді.Және көбінің аты қазір ұмытылған, еске түсірудің өзі қиын, кім екені белгісіз жандар. Сол «Пәлен мен Түгеннің» бірінші тобына ресми мемлекеттік тыңшылар жатады. Кеңес өкіметі тұсында әр мекемеде міндетті түрде құпия тыңшы ұсталып, ол адам қауіпсіздік комитеті тарапынан материалдық, қызметтік көмек алып отыратын. Тұлға дәрежесіне көтерілмесе де түбі тұтқалы есіктен табылатын. Түрме әфсанасындағы Әбдірахман Байділдин, Шаймерден Тоқжігітов сияқты тікелей мемлекеттік мекемеде басшылық орында істеп, тұлғалардың арасындағы «қақтығыстарды» ұйымдастырып, арандатып, ресми мәліметке жақын жалған ақпараттар таратын. Мұндай адамдардың арасынан ірі тұлғалар да шықты, классик атанғандар да бар. Екінші топтағылар, сол мекеменің, сол саланың заңды тұлғасы болып табылатын «қызметсіз қызмет» істейдіндер. Бұлар қатардағы әлдебір мінезімен өкіметке жақпай қалған немес таланты әлсіз, талабы зор, пәле іздеген қызметкер болуы мүмкін. Олар ешқашанда қызметтен шығып қалмайды, оның есесіне, барлық мәліметті құпия түрде жеткізіп отырады. Халық ауызындағы кәдімгі салпаңқұлақтар. Үшінші топ ең сүйкімсіз топ. яғни, жақын дос-жараның, араласың, ағайынының. Олар тұрақты тыңшы емес, «қызық үшін» қызмет етеді. Айқын Нұрқатовтың:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет