Мағжанға Сәбиттен



бет12/29
Дата22.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#502
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
«Қадірлі Мұхтар!

Біз, соңғы төрт-бес жылда ғана етене танысып, аралас-құралас болдық: осы уақыттың ішінде бір-бірімізге сен деп сөйлесу әдетімізге айналды. Сондықтан да, менің жолдастық, ашық әрі былай қарағанда қатты-қатты айтылғандай көрінетін осы хатымда саған «сен» деп қарапайым сөйлеуімді көңіліңе алмауыңды өтінемін. Біз бір қалада тұрып, жиі кездессек те, саған осы мазмұндас хат жазсам-ау деген ой баяғыдан мазалап жүр еді. Бұндай тілек саған жат көрінгенмен, маған жат емес. Ашығын айтайын, әр адамның өз кемшілігі болады. Сенің бойыңдағы кемшіліктің бірі сол, сен тым өкпешілсің, кейде түкке тұрғысыз нәрсеге бола шала бүлінесің. Сондықтан өз пікірімді саған ашық айтуға батылым жетпеді, ал хат жазуды ыңғайсыз көрдім».
Сәбит Мұқановтың бұрыннан хат жазбақ болып жүргеніне қарағанда және Қайым Мұхаметхановтың естелігінен байқалғанындай, екеуінің іштей өкпелесуі 40 жылдардың басында-ақ басталған сияқты. Араларындағы түсініспестікке не себеп? Сәбитке «болмашы» көрініп тұрған жай, Қ.Мұхамедхановтың «сүйіншісіне» қатысты емес пе екен? Жоқ, одан да өзге себеп бар екен.

«Егерде Москвадағылар сенің мен туралы пікірлеріңді маған айтпағанда, мен әлі де біраз уақытқа дейін тәуекелге бармас едім. Гослитиздаттағылар маған сенің: «Мұқановтың «Жұмбақ жалауын» біз білеміз, ол нашар шығарма, оны жақсы еткен «Дроздов» деп түсінік бергеніңді айтты. Және сондағылар мынаны жеткізді: Сен «Қазіргі қазақ әдебиеті жинағына» жазған өз мақалаңды оқып шығып, «Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетіндегі жетекші жазушылардың бірі», деген сөзді оқып қатты ашуланыпсың. Сол кезде саған өз қолыңмен жазылған мақаланың қолжазбасын көрсетіпті, сен қызарақтап қысқа ғана: «Мен сызып тастаймын ендеше», – депсің.

Бұл сөздерді естігенде менің төбе шашым тік тұрды. Егер де осы шындық болса, менің тура айтқаныма кешір, онда сенің Құнанбай заманынан қаныңа сіңген тобықтылық қаның ойнап кеткен болу керек. Біз қарама-қарсы топтың қатарында жүргенде де менің сен туралы пікірім жоғары болатын. Мен сені біздің заманымыздың ең ірі таланттарының бірі, тек қазақ жазушыларының арасында ғана емес, сондай-ақ көп ұлтты Одағымыздағы жазушылардың, соның ішінде орыстарды қосқанда да ең мәдениетті адамның бірі деп есептегенмін (қазір де солай ойлаймын). Сенің жоғарыдағы сөздеріңді естігенде, мен: «Мұхтардың да осындайға ебі бар ма еді?», - деп таң қалдым.

Мені жек көрінішті ғып көрсеткеніңе, не менің беделімді төмендетіп, қорлағаныңа ренжігенім жоқ. Мүлде олай емес! Меніңше, жазушы өзін-өзі қорлайды. Жақсы шығарма жазсаң – сен жақсысың, жаман жазсаң – сен жамансың».
Реніштің түп-төркіні енді белгілі болды. Сол баяғы ауыздан ауызға таралған қауесет. Сәбитке Мұхтардың пікірін жеткізген адамдардың ниет-пиғылы қандай еді, бұл сөздердің айтылғаны рас па, өтірік пе? Оны анықтаудың мүмкіндігі енді туа қоймас. Мұхтардың жауап хаты болмағандықтан да, саралап-талдау, дерексіз топшылау – ілтипатқа жатпайды.
Дегенмен де, біздің ойымызша, бұл арада Сәбиттің пікірі де, өкпесі де орынды. «Абай» трагедиясы мен «Абай» романы қанша қанат бітірсе де, қиын күндерде қол үшін берген адамның асыл қасиетін ұмыта қоятындай көп уақыт өте қойған жоқ. Оның үстіне қазақ арасы емес, жат көздің ортасында ақ қарға атандыру – ұлттық шамкөстікті де қоздырады. Демек, Мұхтардың бұл мінезі, С.Мұқанов айтқандай, «өзінің деңгейінен төмен» пендешілік. Замандастары жиі айтатын: «Болмашыға өкпелеп, қара сел жүргізіп, ешкімді бетбақтырмайтын» мінезінің расқа сайғаны. Бұдан кейін Сәбит өзін-өзі ақтауға бет бұрады.

С.Мұқанов (хаттың жалғасы): «Кейде қолдан жасалған бедел болады, оның ғүмыры қысқа. Егер, сен менің «дәрежем» туралы білгің келсе, оны мен өзім-ақ айтамын. Мен – өсіп келе жатқан жазушымын. Бұл сөзім саған түсініксіздеу көрінуі мүмкін. «Сен, қайдағы өсіп келе жатқан жазушысың, жасың қырықтан асты, шашыңа ақ кірді, жиырма жылдан бері жазып келесің», – деуің де мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет