Мағжанға Сәбиттен


«Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің президиумына



бет21/29
Дата22.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#502
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
«Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің президиумына

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі азамат Мұхтар Әуезовтен

Мен 1930 ОГПУ мекемесі тарапынан қазақ ұлтшылдарының ісі бойынша тергеуге тартылып, тергеу біткенше түрмеде отырдым, тергеу аяқталғаннан кейін үш жылға шартты түрде кесіліп, босатылдым. Үкімнің күші 1933 жылы аяқталды.

Өзімнің өткендегі ұлтшыл қателігімді мойындай отырып, тергеу орындарынан мені кеңес мәдениетінің сенімді қайраткерлерінің, жазушылардың ортасына оралуға мүмкіндік жасауын, сөйтіп Қазақстанның партия-кеңес жұртшылығының алдында өзімнің сөзімнің шын және нақты екенін көрсету үшін мәдениет майданындағы шынайы да табанды еңбегіммен дәлелдеуге мүмкіндік беруін өтіндім. 1932 жылы Қазақстан жазушыларының ортасына қайтып оралдым. Содан бері жазушы ретінде драматургия, проза жанрында еңбек етіп келемін. Социалистік мемлекеттің құрылысына арналған қазіргі тақыпты қамтитын оншақты пьеса жаздым. Сондай-ақ қазақ кеңес әдебиетінің соңғы жылдардағы жетістігі ретінде аталып өткен бірнеше тарихи пьесаның да авторымын. Осы жылдары «Абай» романы сияқты прозалық шығармамен қатар зерттеу еңбектері де жазылды.

Өмірімнің бірден бір мақсаты коммунистік партияның басшылығындағы өзімнің социалистік отаныма қызмет ету екенін көріп те, сезініп те жүрмін. Мен Жоғарғы кеңес президиумынан менен «сотталған» деген айыпты алып тастауды, сол арқылы менің азаматтық арыма түскен дақты кетіруді өтінемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет