Мағжанға Сәбиттен


Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы – А.Қазақпаев (Қолы)



бет28/29
Дата22.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#502
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы – А.Қазақпаев (Қолы).

Президиумның хатшысының орынына – Х.Байұзақов (Қолы)».
Осы қаулы арқылы Мұхтар Әуезовтің барлық азаматтық құқы қалпына келтірілді. Содан кейін барып Мемлекеттік, Лениндік сыйлықтарға ұсынылуға, депутаттыққа, академиктікке сайлануына жол ашылды. Ол туралы 1957 жылы Сәбит Мұқанов Ленинградтан Ғабит Мүсіреповке жазған хатында:

«Өзіңе белгілі – 1943 жылы Орталық Комитет маған тағы да Жазушылар одағын басқар деп ұсынғанда, мен жалғыз ғана тілек қойдым, оным, со жылға дейін «судимосы» мойнында жүрген Мұхтардан бұл лағынет қамытын түсіру. Бұл тілекті өкімет пен партия қабылдады да, Жоғары совет председателінің кабинетіне бүкіл президиум боп жиналып, азаматтың бетіндегі қара күйені сүртті», деп жазды.
Бұл – Сәбит Мұқановтың Мұхтар Әуезовке жасаған азаматтық парызы мен мәрттік мінезі еді. Ендігі қадам жасаудың кезегі Мұхтар Әуезовке келетін. Сол қадам, өкінішке орай, жасалмай қалды.

Күн бар жерде – көлеңке түспей тұрмайды. Тек, соның барлығына адамгершілік, азаматтық тұрғыдан қарау керек. Сонда ғана адам өмірі мағыналы өтпек. Сәбеңнің, Сәбит Мұқановтың бір тағылымы осы болса керек.

Бұдан кейін екі тұлға да барлық тұрғыдан алғанда марқая бастады. Сәбит Мұқанов нағыз халықтық жазушы, көптің сүйкімдісі, мемлекеттік идеологияның тұтқасына айналды. Ол кеңестік қоғамдағы кез-келген тұлғамен тең сөйлесті, үкімет басшыларымен иықтас тұрды, қазақ елінде онымен теңдесетін бедел ешкімде болмады. Қандай деңгейдегі тізім болса да Сәбит Мұқановтың аты бірінші, ғұлама Қаныш Сәтбаев екінші, ұлы актер Қалибек Қуанышбаев үшінші, екі жағын теңшеп отыратын Ғабит Мүсірепов төртінші, мысын бастырмай тісін басып отыратын Ғабиден Мұстафин бесінші, бұлбұл Күләш Бәйсейітова алтыншы, ұлы Мұхтар Әуезов ... жетінші, кейде алтыншы, бесінші, ал жазушылар арасында үнемі төртінші боп аталып жүрді. Бұл «тізім тәртібі» қашан Мұхтар көз жұмғанша өзгере қойған жоқ. Мұның өзі де кеңестік идеологияның көрінбейтін қысымының бірі болатын. Оған Мұхтар Әуезовтің өзі де үнсіз мойынсынды.

Ал сыртқы дүниеде солай болғанымен де жазушылардың өз ішіндегі ілхамдық талқыда Мұхтардың мысы басым тұрды және ол басымдық «Абай романының кезекті кітабі жарық көрген сайын үдей түсті. 1949 жылы Сәбит Мұқановтың өзі «Абайды» СССР мемлекеттік сыйлығына ұсынып, қол қойғаннан кейін, ол сыйлықтың иесі атанғаннан кейін Мұхтар Әуезовтің беделі одақтық, әлемдік деңгейге көтеріліп, тұлғалардың арасындағы талант салмағы ауытқи бастады.

4.
1948 жылы Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің 1947 жылы «Қазақстан академиясының Тіл Әдебиет Институты жұмысындағы өрескел саяси қателер жөнінде» деген қаулысынан соң осы кітап шыққан еді

1951 жылы «Правданың» «Қазақстан тарихы мәселелерін марксшілдік-лениншілдік тұрғыдан сынау» деген мақаласы


«Правданың», «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан зерттеу үшін» деген мақаласын 1951 жылы талкылау тұсында мен өзімнің ілгергі, соңғы қателерім деп атап өткемді. Әдебиет танудағы өз қателерімді мойындап, Қазақстан Ғылым академиясының жиналысында жазушылар Одағының жиналысында, Тіл Әдебиет Институтында және де Алматының интеллигенциясының қалалық жалпы жиналысында сөйлегемін. Сол жиналыстарда және республикалық баспасөз жүзінде менің қателеріме арналған әділ сындар айтылғаны есімде. Және Қазақстан партия Орталық Комитетінің ҮІІІ пленумында, онан соң Ү-ҮІ партия сьезінде жасалған Шаяхметов жолдастың баяндамаларында менің идеялық-саясаттық өрескел қателерім туралы әділ сын айтылғаны және де есімде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет