Демонстративті тұтынудағы жастардың қаржылық жағдайы
Жастардың демонстративті тұтынуының ерекшеліктерін анықтау барысында әлеуметтік-демографиялық топ ретінде олардың құндылықтық бағдарларына міндетті түрде мән беруіміз керек. Жоғарыда аталып өткен зерттеушілердің еңбегіне сүйене отырып, сондай құндылықтардың бірі – қаржы мәселесін қарастырамыз.
Бүгінгі жастардың өздерінің қаржылық табысын ескере отырып, қаншалықты тұтынады және демонстративті тұтынуға қаншалықты қаржылай шығынға ұшырауға дайындығын білу мақсатында қойынған бірнеше сұрақтардан келесідей нәтижелер алынды.
Әдеттегі жағдайларда жас адамның тұтыну кезіндегі жария қылатын, яғни басқа қоршаған адамдарға көрінетін тауарларды алу үшін өз кірісінің қанша пайызын жұрсағаны жөн деген сұраққа ресонденттердің көп бөлігі (35,6%) табатын табысының 30% бен 60% аралығында болу керек есептесе, 23 %-ы 10%-дан 30%-ға дейін деп көрсетті, көзге көрінетін атрибуттарды алу үшін отбасының қолдауынсыз жас адам әдеттегі жағдайда кірісінің 10%-дан төмен соммасын ғана көзге көрінетін, басқаларына жария қылуға болатын тауарларға жұмсайтынын респонденттердің 4,8%-ы көрсетті. Ал сұралғандардың 3,4%-ы үшін бағасы маңызды емес, қалаған затыма қажетті қаржым жетпесе кредит алуға дайын екенін белгіледі (Сурет 5).
Сурет 5 Респонденттердің «Сіздің ойыңызша, көзге көрінетін атрибуттарды алу үшін отбасының қолдауынсыз жас адам әдеттегі жағдайда кірісінің қанша пайызын жұмсауы тиіс?» сұрағына жауаптарының көрсеткіші
Жастардың тұтыну мінез-құлқына әсер теуші басты фактор - экономикалық жағдайы. Ол индивидтің бюджетінің шығын бөлігінің деңгейі мен тұрақтылығына, жинағы мен активтерінің көлеміне, кредит төлеу мүмкіндігіне және ақша жинауға дене қарым-қатынасымен анықталады.
Тұрмыстық шаруалардағы өзгерістер де басты фактор ретінде танылады. Мысалға ата-анамен бірге тұру мен жеке отбасын құру, бала-шағаның пайда болуы тұтынушылық сұранысқа және жастардың тұтынушылық іс-әрекетіне міндетті түрде әсер етеді.
Кесте 2 Қиылысу кестесі. Көзге көрінбейтін заттарға үнемдеутініңізді біле отырып, көзге көрінетін атрибуттар сатып алуға қомақты қаржыны жұмсауға дайынсыз ба?
|
Сіз қайда тұрасыз?
|
Барлығы
|
Ата-анаммен бірге
|
Жеке пәтерімде
|
Пәтер жалдап түрамын
|
Жатханада тұрамын
|
Көзге көрінбейтін заттарға үнемдеутініңізді біле отырып?
|
иә
|
61,4%
|
1,8%
|
36,8%
|
0%
|
100%
|
жоқ
|
33,6%
|
10,7%
|
55,7%
|
0%
|
100%
|
жағдайға байланысты
|
33,6%
|
12,6%
|
21,4%
|
6,5%
|
100%
|
Достарыңызбен бөлісу: |