Әлеуметтік институттардағы демонстративті тұтынушылық
Денсаулық
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз. Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ:» денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық мәдени адамның тұтыну және құндылық иерархиясында алғашқы орында. Өйткені қоғамдағы қажеттіліктерін қанағаттарндыру үшін сол қоғам мәдениетіне енуі қажет. Біздің зерттеу пәнімізге байланысты айтар болсақ, жастардың мәдени құндылықтары тұрақты мекенін ауыстырумен қатар, үлкен аудиторияға кіру, көпшілікке қосылумен бірге өзгеріске үшырайды. Бұл жерде урбаницазия үрдісінің ерекшеліктері жағдайды толықтыра түрседі. Алматы қаласының мегаполис ретінде жеке тұлғанын қала мәдениетіне бейімделуіне барлық жағдай жасайды. Оған анық дәлел ретінде жастардың жиі демалатын ойын-сауық, сауда орталықтары, ондағы сатылатын, тұтынушыларға ұсынылатын тауарлардың сипаты мен басқа да ерекшеліктері.
Денсаулық көрсеткіші, әсіресе денсаулыққа мән беру, онымен қарқынды түрде айналысу қоршаған адамдардың назарын аудартуда және өзіндік қанағаттануда қазір үлкен мәнге ие. Және оны демонстрациялауға барынша мүмкіндікке ие. Іріктеліп алынған жастар сұрау барысында адамның материалдық жағдайының жоғары көрсеткішіне адамның фитнеспен, қомақты қаржы жұмсалатын спорт түрлерімен айналысу, сонымен қатар косметологиялық салондар мен медициналық орталықтарға жиі баруды жатқызды. Олардың пікірінше, танымал медициналық, косметологиялық орталықтарда адамның жиі барып өзіне күтім жасауы адамның денсаулығына байланысты кемшіліктердің болуынан емес қаржылық жағдайынының соған толығымен мүмкіндік беретіндігін және оны көрсетуге тұратындығын түсінеді. Жоғарыда аталып өткендей, қымбат спорт түрлері адамның материалдық жетістігін көрсеткен. Ал қазіргі күнде материалдың табысы орташа адамның өзі қымбат спорт түрімен шұғылданбаса да фитнес-клубтарға бару арқылы өзінің, ең алдымен денсаулығына күтім жасайтынына, кейін соған ақша бөлуге толық дайын екенін көрсете алады.«Фитнес клубтар/ қымбат спорт түрлері адамның материалдың жетістігінің көрсеткіші бола алатынына келісесіз бе?» деген сұраққа респонденттердің 54%-ы келісті, ал қалғандарының пікірінше (35,8%) фитнес-клубтар барлық тап өкілдеріне қолжетімді, ал қымбат спорт түрлерімен тек оны иегере алатын адамдар ғана айналасады (Сурет 25).
Сурет 25 Респонденттердің «Фитнес клубтар/ қымбат спорт түрлері адамның материалдың жетістігінің көрсеткіші бола алатынына келісесіз бе?» жауап көрсеткіштері.
Алматы қаласында 238 фитнес-клуб саны есептелінеді. Сол фитнес-клубтардың бірінде 3 жыл қызмет етіп келе жатқан фитнес-клуб жаттықтырушысынан сұрау алынған болатын. Респонденттердің 76%-ы кемінде 1 рет фитнес клубқа жазылған (Сурет 26). Және олардың 69%-ы бір айдан артық қатыспаған (Сурет 27).
Сурет 26 Респонденттердің фитнес клубқа жазылу көрсеткіші
Сурет 27 Респонденттердің фитнес клубқа жазылу ұзақтығының көрсеткіші
Бұл жағдай жастардың массалық тұтынуының көрсеткіші. Ал сол үрдіс барысында жасалатын «селфилер» немесе әлеуметтік желілердегі арнайы посттар сол адамнын басқалары секілді қалыпты жағдайын көрсетуге арналады. Анайы сипатта айтылатын болса «жұрттан қалмау үшін» жасалатын іс-әрекеттер ықтималдылығы өте жоғары.
Денсаулық жағдайының жақсылығын әрі оған көңіл аударуды демонстарциялау үшін қазіргі таңда келесідей әрекеттер жасалынуда. Алдымен пайдалы тамақтану. Салауатты салтты ұстанудың алғашқы ұстанымы дұрыс тамақтану екенін жастар еш ұмытпайды. Алайда ол процесс ұзаққа бармайды. Бірақ оның де шешімі жоқ емес. Әр түрлі тамақ қоспалары мен дәрумендер, сонымен қатар протеиндер қолданылады. Соңғы үш жылдың ішінде протеинді сатып алушылардың саны артты. Олардың көбі әрине жастар. Сонымен қатар пайдалы тағамдарды ұсынатын арнайы пакеттер бар. Оларды инстаграмнан жеңіл тауып алуға болады. Бағасы да арзан емес. Олардың тұтыну көрсеткіші де аз емес деп естідім. 1 айға арналған ең арзан баға 80-90 мыңның шамасында.
Жастардың, әсіресе студенттердің сапалы тамақтану мәселесі әлеуметтік тұрғыда өте өзекті. Студенттердің тамақтануының сапасының төмен болуы олардың кейін денсаулықтарына ақау алып келетіні анық. Десе де жастар ол жағдайды біле тұра пайдалы, сапалы тамақтануға көп талпына бермейді. Бірақ пайдалы тамақтануды ұстанып жүрген сәтінде оны басқаларға дәріптеуді және сол арқылы өзінің дұрыс жолда екенін көрсетуді жөн көреді.
Сонымен бірге жаппай тұтынуға көне бермейтін бір жағдай жастардың өздерінің физикалық дене бітімін демонстрациялауды атап өтсек болады. Соның бір белгісі ретінде жоғарыда айтылып өткен дұрыс тамақтанумен қатар арнайы детокс бағдарламалар мен тренингтерді келтіруге болады. Физикалық әдемі дене бітімді қалыптастыру барысында да көптеген қоспалар мен арнайы киімдерге сұраныс көп, бұл көп жағдайда жақсы нәтижелер бере бермейді. Аталып өткендей, бұндай тұтынушылықтың соңы денсаулыққа зардабы болатын мейлі физикалық, мейлі психологиялық болсын дерттердің пайда болуына алып келуі мүмкін. Оған мысал ретінде келесі жағдайларды келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |