Магистратура



бет23/33
Дата03.06.2020
өлшемі0,55 Mb.
#72132
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Алматы қаласы жастарының демонтративті тұтынуы

Кесте 6 жалғасы




%Қымбат брендтер - ақшаны бекерге жұмсау

11,4%

15,2%

13,4%

13,2%

8,6%

13%

18-21

%Жасы

19,6%

20,6%

18,6%

17,6%

23,5%

100%

%Қымбат брендтер - ақшаны бекерге жұмсау

19,0%

12,8%

28,4%

17,0%

41,4%

20,4%

22-25

%Жасы

21,5%

31%

13,3%

25,3%

8,9%

100%

%Қымбат брендтер - ақшаны бекерге жұмсау

32,4%

29,9%

31,3%

37,7%

24,1%

31,6%

26-29

%Жасы

22,3%

39,4%

10,3%

19,4%

8,6%

100%

%Қымбат брендтер - ақшаны бекерге жұмсау

37,1%

42,1%

26,9%

32,1%

25,9%

35%

 Барлығы

%Жасы

21,0%

32,8%

13,4%

21,2%

11,6%

100%

%Қымбат брендтер - ақшаны бекерге жұмсау

100%

100%

100%

100%

100%

100%


Жастарға тауарды көрсетіп тұтыну тән, ол ең басты образы «Менін» іздеумен, өзінің индивидуалдылығын, ерекшелігін көрсетуге, басқалардан даралану, өзіне көңіл аудартумен байланысты. Қоғамда нақты бір тұрақты орнын әлі де таба қоймаған жастардың «басқалардың ортасынан ерекшеленуіне» демонстративті тұтыну көмектеседі, әсіресе бұл көп уақыт өткізуге болатын кафе желілерінің, кинотеатрлардың, клубтардың көбеюімен тез таралуда. Тұтынушылардың иемденетін заттары, тауарлары, қызмет түрлері адаммен белгілі бір контактқа түспей-ақ ол туралы сипаттама берудің белгілі, символы ретінде қолданылады.

Мысалы, жастардың ерекшелеп тұратын қымбат киім кимейтін немесе басқа да заттарды тұтынбайтын өзге де замандастарына деген пікірін білмек мақсаттағы сауалымызға, респондент жастардың 57 пайызы «оны ондай қымбат дүниелер қызықтырмайды» деп бағалайтынын білдірген. 19 пайызы қаржылық жағдайы нашар деп танитынын айтқан (Сурет 19).



Сурет 19  Респонденттердің «Материалдық игіліктерінің көзге көрінетін атрибуттары: брендік киімдер, аксессуарлар, қымбат телефоны, т.б. жоқ адам туралы не ойлайсыз?» сұрағына жауаптарының көрсеткіші
Тауардың құны жастарды демонстративті тұтынуға итермелеуші басты фактор емес екенін анықтадық. Брендің маңыздылығы тауардың басқа да қасиеттерінен кейінге қалатынын көріп отырмыз (5%; 18%). Сұралған жастардың пікірінше материалдық игіліктердің көзге көрінетін атрибуттарының болмауы тек адамның ондай белгілермен қызықпайтынын ғана көрсетеді (57%). Десе де қымбат брендтерге қомақты қаржыны жұрсау – бекер кеткен ақша емес деп біледі (53,8%). Бұл тек бір болжамға ғана алып келеді – мәселе брендтік құнында. Бренд қаншалық қомақты қаржыны талап етсе, ол адамның оны басқаларның назарына ұсынуға қолайлы жағдай жасайды. Егер де брендтің құны арзан болса, оны демонстрациялаудың ешбір маңызы қалмайды. Бұл көрсеткіш қазіргі нарықа дәоме-дәл келіп тұрған секілді. Интернет дүкендеріндегі жастарға ұсынылатын тауардың барлығы дерлік атақты брендтердің жасанды түрі, яғни баламасы. Интернет желісіндегі онлайн дүкендердің посттарына мониторинг жасау нәтижесінде сұранысқа ие (Комментарийлерде жазылған пікірлерді ескере отырып) тауарлардың атақты «Gucci», «Louis Vuitton», «Alexander McQween», «Giorgio Armani» сияқыт брендердің баламасымен жасалған тауар екені анықталды. Әрине олардың құны әлдеқайда арзан.

Аудиториясы көп интернет дүкендерінің арасынан барлық тап өкілдеріне қолжетімді бағада тауап ұсынатын дүкеннің инстаграм парақшасына талдау жүргізе отырып, жоғарыда айтылған көрсеткіштерге дәлел ретінде суреттерді ұсынамыз (Сурет 20).



Сурет 20  «modnyi_bazar_almaty» инстаграм парақшасынан алынған сркиншот

Осы тұста біз әлеуметтік желілердегі ұсынылатын тауар құны (сәнді брнедті ескере отырып) жаппай халыққа арналғанын байқаймыз. Демек арзан бағаға сатып алынған тауар демонстративті тұтынудың көрсеткіші емес. Өйткені оның құны төмен. Ал егер де құны жоғары болған жағдайда тұтынушының демонстартивті мақсатын біле аламыз. Қалай екенін анықтау үшін келесі бөлімшеде толығымен тоқталамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет