Байланысты: Алматы қаласы жастарының демонтративті тұтынуы
Әлеуметтік желілер демонстративті тұтынудың кеңістігі ретінде Әлеуметтік желі - Интернетте әлеуметтік қарым-қатынас жасау, көрсету және ұйымдастыру үшін арналған платформа, онлайн-қызмет және веб-сайт. «Instagram» желісінде мониторинг жүргізу барысында желі қолданушылары тамақтанатын орындарын, сатып алынған киім дүкендерін, демалыс орындарын және салондар мен косметологиялық орталықтарды белгілеп қоюы тек жарнама мақсатында ғана емес, сол қызметтерді тұтынушылардың қатарына өзін жатқызатынын көрсету себебі де бар. Өйткені белгіленетін жерлер мен аккаунттер атақты немесе қымбат орындар екені анықталды. Д. Рицер, Д. Степницкидің еңбегінен ағылшын тілінен қазақшаға аударылған «Әлеуметтану теориясы» кітабын адамдар арасындағы барлық коммуникация түрлері белгілі бір ақпаратты таратаны жазылған [66] және соған сәйкес желіге жүктелген кез келген сурет, оның үстіне орны мен бағасы айқын көрінген заттарда үлкен әлеуметтік мән жатыр (Сурет 21). Міне біздің іздеген сауалға жауаптың түкпірі осыда жатыр. Жоғарыда айтылып өткендей, тауар мен қызметтің құны рөл ойнамайды, бірақ егер ол танылмал орын (біздің жағдайда Алматыдағы барлығына таныс қымбат орталықтар мен демалыс орындары) немесе атақты брендтердің оригиналдары мен атақты ательелер болса демонстрациялау үрдісі орын алады. Ал қалған құны жалпыға қолжетімді тауарлар мен қызметтерді тұтынушылар ойындағы демонстрациялық тұтыну ол – жай ғана жаппай тұтыну (mass consumption).
Сурет 21 «Instagram» желісінде «Bar Fly»орнының және «MB Almaty» аккаунты белгіленген суреттер скриншоты
Біздің зерттеу пәнімізге сай бұл желі қолданушысының белгілі бір атақты косметологиялық орталықтың тұтынушысы болу (косметологиялық ауытқуларды ескерместен, тек қымбат қызмет түрін пайдаланумен ғана шектелу түсінігі), бағасы жоғары сән салондарының қызметін қолдану, сонымен бірге трендттік тауарларды сатумен айналысатын онлайн-дүкендерге тіркелу. Бұл жағдай респонденттердің пікірімен сәйкес келіп отыр, сұрауға қатысқан жастардың 69%-әлеуметтік желілер өзін және өзінің тұтынатын заттары мен қызметтерін көрсетуге арналған деп есептейді, 11%-ы желілерде демонстративті тұтыну үрдісін көруге болады, бірақ одан да басқа маңызды ақпараттарды алуға болады деп ойлайды, қалған 17%-ы әлеуметтік желілерді тек адамдар арасындағы байланыс құралы ретінде көреді, ал 3%-ы жауап беруге қиналды (Сурет 22).
Сурет 22 Респонденттердің «Қалай ойлайсыз, әлеуметтік желілер адамның тұтынуын демонстрация жасауда қаншалық орын алады?» сұрағына жауаптарының көрсеткіші