Зерттеу нысаны – Алматы қаласының жастары.
Зерттеу пәні – Алматы қаласы жастарының демонстративті тұтынуы.
Зерттеудің мақсаты: Алматы қаласы жастарының демонстративті тұтынуын әлеуметтанулық талдау.
Зерттеудің міндеттері:
тұтыну және демонстративті тұтыну зерттелуіне қатысты теориялық-әдістемелік қағидаларды зерттеу;
«демонстративті тұтыну», «демонстративтілік», «әлеуметтік статус» және «жастар» категорияларына анықтамалық түсініктеме беру;
жастардың демонстративті тұтынуының конформистік мазмұнын ашу;
жастардың демонстративті тұтынуына әсер етуші факторлардың ерекшелігін анықтау.
Іріктеу: мақсатты іріктеу.
Алматы қаласының ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында қамтылған студенттерден планшеттік сұрау алынды. Мақсатты іріктеудің сапасын арттыру мақсатында квоталық іріктеуге сәйкес жастар таңдап алынды. Іріктеме саны іріктеме жиынтығының сипаттамасы ретінде (жынысы, жасы бойынша) Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің қалалық департаментінің 2016 жылғы 1 қаңтардағы дерегі бойынша (сұрау кезеңіндегі соңғы дерек көзі) есептелді.
Достарыңызбен бөлісу: |