Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы
МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
6М060900 - География мамандығы бойынша
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
|
БЕКІТЕМІН
С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры
___________ Өрсариев А.А.
20__ж. «___»____________
|
6М060900 - География мамандығы бойынша
магистратураға қабылдау ЕМТИХАНының БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушылар_______ п.ғ.к, қауым.профессор Есимова Д.Д.______
___________ г/м.ғ.к., қауым.профессор Ажаев Г.С._______
География және туризм кафедрасы
География және туризм кафедрасының отырысында ұсынылған 20__ж. «____» ________ Хаттама № ____
ГжТ кафедрасының меңгерушісі ______ Есимова Д.Д. 20__ж. «____» ______
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 20__ж. «____» ________ Хаттама № ____.
ОӘК төрайымы ___________ Бүркітбаева Ұ.Д. 20__ж. «_____»___________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ХТжЖ факультет деканы ___________ Ахметов К.К. «____» _________201__г.
1 Емтиханды өткізу мақсаты мен міндеттері
Магистратураға түсу үшін емтиханның қабылдау мақсаты – бұл үміткерлердің білім деңгейі мен оқуға деген құштарлықтарын анықтайды.
Емтиханды қабылдау міндеттері:
мамандықтың сұрақтары бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;
кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;
магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.
2 Емтиханды ұйымдастыру және өткізу әдісі
Емтиханды тапсыру ҚР БҒМ бекітілген күнімен және грифімен өткізіледі. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау кешенді емтихан (КЕ) және аралас түрде (компьютерлік тестілеу – жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу – питч) үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде бірнеше тілдік оқыту концепциясы бойынша қабылданады.
Емтиханды қабылдау кезеңі видеокамераға түсіріледі.
Емтиханды өткізу кезіндегі болжамды уақыты:
- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ – 1 сұраққа 1,5 минуттан);
- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);
- питч – ауызша 2-3 мин, сұрақ-жауап 2 мин.
Компьютерлік тестілеуге магистратураға түсетін барлық үміткерлер кіреді, емтиханның екінші бөлімі оқыту траекториясы бойынша жоспарланған модульдік оқыту бағдарламасы бойынша жеке өткізіледі.
Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.
№
|
Оқыту траекториясының атауы
|
Емтиханды қабылдау түрі
|
1
|
Зерттеу
|
Аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))
|
2
|
Кәсіпкерлік(Start Up - магистратура)
|
Аралас (компьютерлік тестілеу + питч)
|
Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрдегі емтиханды қабылдау:
компьютерлік тестілеу – мамандық бойынша 30 сұрақ, кәсіби әрекетпен байланысты сұрақтар бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;
жазбаша бөлімі – эссе, оқуға және ғылыми-зерттеу әрекетіндегі ынтасын анықтау.
Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + питч) түрдегі емтиханды қабылдау:
Питч сұрақтарға жауап беру (презентациямен 3 мин баяндама және 2 мин комиссияның сұрақтарына жауап беру), географиялық ғылым, гажтехнология, аймақтың жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биоалуантүрлілігі бойынша стартап-жобалар идеясын анықтау және оның коммерция тұрғысында іске асыру.
Қабылдау комиссиясының қызмет саласы мен құрамы. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау комиссиясы (ҚК) қабылдайды, ол университеттің ректорымен бекітіледі, қабылдау комиссиясының құрамына төраға және үш комиссия мүшелері, соның ішінде екеуі география ғылымдарының докторы болуы қажет. Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедрасы, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, әртүрлі ұйымдар өкілдері және комиссия хатшысы болады.
Комиссияның қызметтік саласына кіреді:
мамандықтың сұрақтарындағы үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;
кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;
магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.
Емтиханды жоғарыда жазылған қабылдау комиссиясы видеокөшірмесі бар арнайы компьютерлік аудиторияда немесе бекітілген аудиторияда өткізеді.
Емтиханды өткізу барысы:
үміткер емтиханға аталған күні, аудиторияға белгіленген уақытта келеді;
ҚК мүшелерінің рұқсатымен өзінің орнын алады (компьютердің орнын/жауап беттерін алады;
үміткер жауап бетінде өзінің атын, тегін, әкесінің атын, әрі қарай оқуға өзі таңдап алған оқыту траекториясын немесе мамандығын жазады;
Эссе үшін:
Үміткер 30 мин ішінде эссе жазады (жазған жауабы ұғымды болу керек, соның ішінде кесте, формула, схема және т.б. болуы мүмкін.), ал аралас емтихан түрінде питч түрінде баяндама жасауға дайындалады;
барлық жазған жауаптары 3-4 беттен аспау қажет;
үміткер жазған жауаптарының әрбір бетіне өзінің қолын қояды және де оны қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.
емтиханның жазбаша бөлімінен кейін питч уақыт кестесі бойынша сол аудиторияда жүргізіледі. Питчті тапсыру түрі: үміткер 3 минут ішінде баяндама жасайды, содан кейінгі 2 минутта комиссияның қойған сұрақтарына жауап береді. Үміткердің питчті қорғауда және бағалауда, бір үміткер және комиссия мүшелері ғана отырады.
3 Білімді бағалау
ҚК мүшелері түсушілердің білімдері мен потенциалын балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалайды.
Түсушілердің ҚЕ тапсырғандағы білімдерінің бағалау шешімін, комиссия мүшелерінің дауыс беру жүйесі арқылы жабық отырыс шешімімен қабылданады. Дауыстардың теңдей қорытындысында ҚК төрағасының дауысы негізгі болады. Комиссияның барлық отырыстары протоколдармен рәсімденеді. Протоколды шығарушы кафедраның оқытушылары арасында тағайындалатын ҚК хатшысы толтырады. Протоколда білім бағасы, ҚК ерекше ойлары және т.б. жазылады. ҚК нәтижелері университеттің ақпараттық стендылерінде емтихан тапсырған күні ілінеді.
Түсуші бағаларымен келіспеген жағдайда ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білімді бағалау критерийлері
Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Қабылдау емтиханы бойынша қорытынды балдар кестеге сәйкес цифрлық эквивалентке, әріптік және қалыпты бағаға аударылып, емтихан ведомостыне жазылады.
Баллдық қорытынды баға (Қ)
|
Балдың цифрлік эквиваленті
(Ц)
|
Әріптік жүйедегі баға (Ә)
|
Қалыпты жүйедегі баға (Қ)
|
Емтихан, диф. зачет
|
Зачет
|
95-100
|
4
|
А
|
Өте жақсы
|
Қабылданды
|
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
Қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Қабылданбады
|
5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (максимальды сөз саны - 300):
Магистратурада оқу барысында өзіңіздің ғылыми-зерттеу жұмысыңыздың бағытын қалай көресіз?
Эссе құрылымы А Қосымшасында келтірілген.
Эссе жазу әдістемесі
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Эссе бірнеше бөлімдерден тұрады:
- кіріспе, тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі көрсетіледі (жалпы текстің 10 %);
- негізгі бөлім, автор мәселе бойынша өзінің ойын білдіреді (жалпы текстің 80 %);
- Қорытынды, жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы (жалпы текстің 10 %).
Эссе автордың өз атынан жазылады. Тексты оқуды жеңілдету үшін мағыналы текстыны абзац арқылы бөліп, жаңа ойды жаңа жолдан бастайды.
Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.
6 Питч және оны жазу әдістемесі
Тапсырма:
Таңдап алған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз.
Питч құрылымы Б Қосымшасында келтірілген.
Питчты жазу әдістемесі
Питч (Питчинг, pitch, pitching) – ойды сатып алушыны қызықтыру немесе қаржының бағытын өзіне қарай алу мақсатында сөзбен (кейде визуальды) немесе презентация арқылы көрсету, немесе сценарийды сату. Жақсы жасалған питч 5-10 сөйлеммен ғана берілуі керек (5 минуттан көп емес).
Питч 3 минутқа жасалған презентациясы бар баяндамадан тұруы керек және комиссия мүшелерінің география саласынан 2 минуттан тұратын сұрақ-жауабынан тұруы керек.
Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.
7 Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндердің тізімі.
- Жалпы жертану;
- Ландшафттану;
- Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы.
Магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтарына кіретін негізгі тақырыптар
1 Жалпы жер тану
Қазіргі география
Географиялық ғылымдар жүйесі. Жалпы жертану физикалық географияның бір бөлігі ретінде: мақсаты, мәні, ғылыми және қолданбалы мақсатта алатын орны. Географиялық қабықша түсінігі. Негізгі идеялардың даму тарихы: сипаттау, түсініктеме беру және болжау кезеңдері. Физикалық географиялық маңызды мәселелері. Географияның даму кезеңдері. Алғашқы халықтардың географиялық орналасуы туралы мәліметтер. Көне қоғамдық құрылыс географиясы. Орта ғасырлар. Ұлы географиялық ашылымдар кезеңі. ХVII-XIX ғғ. Ресей мен Батыс Еуропадағы география. Қазіргі отандық және шетелдік географиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы. Кеңес өкіметі кезеңіндегі географияның даму бағыты (1917-1991 жж.). Университеттердегі географиялық мектептер. Д.Н. Анучин, А.И.Войеков, В.В. Докучаев, Л.С. Берг, Н.А. Солнцев, Ю.Г. Саушкин, ХХ ғ. шетелдік география.
Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері
Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері құрылымындағы ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары, энергия көздері, қозғалу мен даму заңдылықтары. Күн жүйесіндегі Жер планетасының алатын орны. Жер планетасы құрылымындағы ерекшеліктер, қоршаған кеңістікпен қарым-қатынаста болуы, ішкі құрылымы туралы мәліметтер. Оның пайда болуы мен дамуын нақтылы мәліметтер арқылы дәлелдеу. Жердің гравитациялық, магниттік және басқа өрістері. Планетаға дейінгі материядан Жер мен Күн жүйесінің пайда болуы туралы гипотезалар. Ыстық және суық бұлттар, заттардың гетерогендік және гомогендік құрамы. Күн мен планеталардың бір уақытта және әртүрлі уақытта пайда болуы. Шағын аспан денелері туралы мәліметтер.
Жер қыртысы пайда болуының бастамасы – планетаның тас денесінің қалыптасу: бастапқы кезеңдегі ерекшелігі, еруі немесе ырғақты күйде болу мүмкіншілігі, толығымен қатаю уақыты, қатты қыртыстың пайда болуы, жер қыртысы құрамының әртүрлі болу себептері. Метаморфизм мәселелері, әртүрлі жастағы тау жыныстарының сақталуы, алғашқы күйі туралы мәліметтер, жаңару жолдары. Эффузивті, интрузивті және шөгінді тау жыныстарының таралу аймақтары мен құрамының өзгеруінің жалпы ерекшеліктері.
Жер планетасының эволюциялық дамуы – массасы мен көлемінің сақталу, сығылу немесе керісінше ұлғаюы, планетаның дамуы. Тектоникалық қозғалыс түрлері. Болжауды мәліметтерге сүйене дәлелдеу, гипотеза салдары.
Газ қабықшасының пайда болуы, планетаның әртүрлі даму кезеңдерінде атмосфера құрамының өзгеруі, осы өзгерістерді дәлелдеу және оның салдары. Жер қойнауы дегазациясы. Ауа құрамының және оның жекелеген компонеттерінің өзгеруінің қоршаған ортаға тигізер әсері, литосфера мен гидросферамен байланысы.
Сулардың пайда болуы: теңіз, жер беті және жер асты сулары; тұзды және тұшы сулардың, гидратацияға ұшыраған тау жыныстарындағы ювенильді сулар, дегазация сулары; Дүниежүзілік мұхит сулары, мұхиттардың пайда болу уақыты. Мұздану мәселелері.
Жердің жер бедері, Жердің даму тарихында құрлықтар мен мұхиттардың таралу ерекшеліктері; мегарельефтің негізгі пішіндері мен ерекшеліктері; өзгеру себептері, рифтогенез.
Жердің даму тарихында геосфералардың байланысы
Географиялық қабықтың пайда болуы, маңызы, ерекшелігі, дамуы. Өткен және қазіргі кезеңдегі зат айналымы. Жер мен Ғарыш кеңістігіндегі зат айналымының эволюциясы мен оның тұйық еместігін дәлелдеу, реконструкция әдістері, реконструкция бағыттары. Табиғи құбылыстар мен үрдістердің ритмикалық өзгерістері, олардың зоналылық ерекшеліктері, географиялық қабықшаның біртұтастығы.
Қоршаған табиғи ортада адамның алатын орны. Антропогендік мәселелер. Географиялық қабықшаға тигізер әсері, оның себеп-салдары. Физикалық географиядағы ізденіс әдістері. Физикалық географиядағы жалпы және пән аралық әдістер: салыстырмалы, аналог әдістері, жүйелеу, математикалық, геохимиялық, геофизикалық. Физикалық географиядағы салыстырмалы – сипаттау, экспедициялық, картографиялық, аэроғарыштық, палеогеографиялық т.б.
Географиялық қабықша түсінігі. Физикалық-географиялық қабықша, эпигеосфера, жер құрылымының қабықшалары, оның төменгі және жоғарғы шекаралары. Ландшафттық сфера. Географиялық қабықшаның сапалық ерекшеліктері мен негізгі заңдылықтары: біртұтастығы, заттардың әртүрлі агрегаттық күйде болуы, екі энергия көздерінің болуы (эндогенді және экзогенді), зоналылығы, ырғақтылығы.
Географиялық қабықшаға ғарыштық және жалпы планеталық әсері
Географиялық кеңістік түсінігі. Географиялық қабықшаның энергия көздері. Галактика, Күн жүйесі және олардың пайда болуы. Жердің Күн жүйесіндегі орны: пайда болу гипотезасы және алғашқы дамуы. Күн мен Жердің байланысы. Магниттік өрісінің әсері. Жердің пішіні мен өлшемдері, Жердің қозғалысы мен оның географиялық салдары.
Географиялық қабықшаның құрамы
Заттық құрамы, көлемі және литосфераның, атмосфераның, биосфераның негізгі бөліктері. Олардың пайда болуы, негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері. Географиялық қабықшада заттар мен энергияның таралуы. Географиялық қабықшаның тік бағыттағы және ландшафттық (көлденең) бағыттағы құрылымы.
Эндогенді факторлар қалыптастыратын құрылымдар
Географиялық қабықшаның ландшафттық құрылымы. Географиялық құрылымдардың ұйымдасуының әртүрлі деңгейлері. Географиялық қабықшаның дамуы мен динамикалық ерекшелігі. Географиялық қабықшаның құрамдас бөліктері және компонент аралық зат алмасуы. Компонент аралық айналымдар. Географиялық қабықшаның құрамдас өліктерінің бір-бірімен байланысы. Құрылым аралық зат пен энергия айналымы. Айналымдар – географиялық қабықшаның динамикалық күйі мен оның тұтастығының негізгі көрсеткіші.
Географиялық қабықшаның дамуы
Даму – қозғалыстың ең жоғарғы сатысы, бір сапалық күйден екіншісіне ауысуы. Географиялық қабықшаның даму формасы. Эндогенді және экзогенді күштердің бір-біріне әсері. Географиялық қабықшаның дамуындағы негізгі кезеңдер: геологиялық кезеңге дейінгі, биологиялық кезеңге дейінгі, биологиялық, антропогендік. Жер беті табиғатының даму заңдылықтары: циклдық, ырғақты формалар, өзгері бағыты т.с.с.
Адам және географиялық орта.
Адамның, қоғамның, материалдық мәдениеттерің негізгі даму кезеңдері. Адамның пайда болуы мен дамуы. Саналы адамның пайда болу және оның табиғатқа әсері. Географиялық орта түсінігі және оның географиялық қабықшаға тигізетін әсері. Ноосфера. Табиғи ортаны қорғау мен тиімді пайдалану мәселелері. Ғаламдық географиялық үрдістерді басқару негіздері. Физикалық-географиялық болжау. Қайтымды байланыстар. Ландшафттық сфераға адамның тигізетін әсері.
Ландшафттану
Кіріспе.
Ландшафттану – табиғи территориялық комплекстердің пайда болуы, дамуы және динамикалық ерекшеліктерінің заңдылығын зерттейтін ғылыми жүйе. Географиялық пәндер жүйесінде ландшафттанудың алатын орны.
XIX-XX ғ. басында ландшафттану ғылымының қалыптасуының ғылыми, әлеуметтік-экономикалық салдары. XX ғасырда ТМД елдерінде ландшафттық географияның даму кезеңдері: а) В.В. Докучаевтың ғылыми мектебі және географиялық ландшафт туралы жалпы түсініктерді тұжырымдау; б) ландшафттар морфологиясын танып білуде қолданылатын әр-түрлі теориялық әдістер мен концепцияларды қолдану, өңдеу; в) структуралық – динамикалық ландшафттану. Шетелдік ғылымдардың ландшафттану ғылымының дамуындағы ролдері. Американдық ағылшын және неміс ғалымдарының жер бетінің табиғи-территориялық-комплекстерін танып білудегі теориялық әдістері мен концепциялары.
Ландшафттанудың теориялық және методологиялық негізі.
Ландшфт – негізгі таксономиялық бірлік. Фациялардың территориялық сәйкес қатарлары – қоныс, мекен, фация. Ландшафт терминінің жалпы және регионалдық түсініктері, оларға баға берру. Ландшафттанудың вертикалдық және горизонтальдық құрылымы. Табиғи аймақтардың морфологиялық бірліктері. Фациялар – қарапайым табиғи геожүйелер.
Табиғи аймақтардың ландшафттық құрылымы. Ландшафттанудың кеңістікте жіктелуінің табиғи факторлары. Ландшафттанудың зоналығы. Жазық және таулы аймақтардың ландшафттары. Ландшафттардың территориялық үйлесімді қатарлары (парагенетикалық, парадинамикалық). Ландшафттық катена түсінігі. Ландшафттық-географиялық өрістер. Экотондар. Геожүйелік концепция - қазіргі ландшафтану ғылымының методологиялық негізі. Дүниені танып білудің жүйелік қағидалары. Жүйе туралы жалпы ғылыми түсініктер мен ұғымдар. Геожүйелік концепцияның және оның маңызының қалыптасу ерекшеліктері. Табиғи-территориялық комплекс (ТТК), «Табиғи геожүйе» түсініктер.
Табиғи компоненттер. Табиғи геожүйе – бір-бірімен тығыз байланысты компоненттер жиынтығы.
Табиғи компоненттер. Табиғи геожүйе – бір-бірімен тығыз байланысты компоненттер жиынтығы. Геокомпоненттік жүйелер – геома, биота. Табиғи компонентттердің заттық, энергетикалық және ақпараттық байланыстары.
Геожүйелер иерархиясы және ландшафттардың морфологиялық құрылымы. Геожүйелер ұйымдасуының негізгі деңгейлері : - жергілікті жерлік (локальдық), регионалдық, планетарлық.
Геожүйелердің тарихы мен шығу тегі.
Геожүйелердің тарихи мен шығу тегі. Ландшафттар дамуының негізгі факорлары. Өздігінен даму. Қазіргі ландшафттарға ретроспективті талдау. Ландшафттар жасы туралы ұғымдағы проблемалар. ТТК-дің шекаралары.
Геожүйелердің дамуы мен динамикасы. Дамудың энергетикалық факторлары. Биогеохимиялық айналым және морфолитогенез.
Ландшафттар динамикасы.
Ландшафттар динамикасы. Оның құрлымының өзгеруіндегі қайтымды және қайтымсыз үрдістер. Ландшафттардың динамикалық жағдайлары – тәуліктік, мезгілдік, жылдық, көп жылдық циклдер. Динамикалық тренд түсінігі. Табиғи геожүйелердің өздігінен қалпына келу проблемалары және табиғи тұрақтылығы.
Ғылыми ландшафттық ізденістердгі модельдердің алатын орны.
Ғылыми ландшафттық ізденістердгі модельдердің алатын орны.Ландшафттық географиялық модельдер. Ландшафттық модельдеу. Ландшафттарға ГИС-ті пайдалану. Ландшафттық классификация (жүйелеу). Дандшафттық картаға түсіру. Ландшафттық карталардың негізгі типтері. Ландшафттық кадастр ұғымы және геоақпараттық жүйелер. Аэрокосмостық суреттер-структуралық-динамикалық модельдер.
Достарыңызбен бөлісу: |