ХОЛЛ ЭФФЕКТІСІ - Сыртқы магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр орналастырлыған өткізгіш пластинаның бойымен тығыздығы j ток жүргенде, пластинаның шеткі жақтары арасында потенциалдар айырымы пайда болады, яғни бағыттарына перпендикуляр бағытта электр өрісі пайда болады. Бұл құбылыс Холл эффектісі деп аталады.
- Ток тығыздығының j бағыты суреттегідей белгілі болса, оңнан солға қарай қозғалыс жасайтын электронға әсер ететін Лоренц күші жоғары қарай бағытталады. Пластинаның жоғарғы жағында – электрондардың молдығы, ал пластинаның төменгі жағында – электрондардың жетіспеушілігі болады. Сонымен, пластиналардың арасында төменнен жоғары қарай бағытталған көлденең электр өрісі пайда болады. Бұл өрістің кернеулігі төмендегідей:
- мұндағы – Холл эффектісі нәтижесінде пайда болатын көлденең потенциалдар айырмасы; – пластинаның ені; – электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы.
- мұндағы d – пластина қалыңдығы, n – электрондар концентрациясы.
- – затқа тәуелді Холл тұрақтысы.
- Көлденең потенциалдар айырымы ток күшіне І , магнит өрісі индукциясына B тура пропорционал да, пластина қалыңдығына d кері пропорционал.
|