Магнит өрісінде тогы бар өткізгішті орын ауыстыруда
атқарылатын жұмыс
Магнит өрісінде тогы бар өткізгішті орын ауыстырғанда істелетін жұмыс - ток күшін қозғалатын өткізгішті қиып өтетін магнит ағынына көбейткенге тең:
dA = ІdФ. (6.5)
Өткізгіш бөлігі dh-қа орын ауыстырғанда, Ампер күші оң жұмыс атқарады. мұндағы , – ауданын қиып өтетін магнит индукциясы векторының ағыны.
7. ЗАТТАҒЫ МАГНИТ ӨРІСІ
Магнетиктер деп - магниттік қасиеттері қарастырылатын кез-келген денелерді айтады.
Магнетиктің бірлік көлеміндегі магнит моментін магниттеліну деп атайды:
мұндағы – магнетиктің магнит моменті, ол сан жағынан жеке молекулалардың магнит моменттерінің қосындысына тең. Әлсіз өрістерде магниттелу берілген сыртқы өрістерінің кернеулігіне тура пропорционал:
мұндағы – заттың магнит сезімталдығы, ол магнетикті сипаттайтын өлшемсіз шама.
(7.1)
бұдан
( ) өлшемсіз шаманы әрпімен белгілеу қабылданған, оны ортаның магнит өтімділігі деп атайды. -ті жоғарғы өрнекке қойсақ:
Магнит сезімталдығы және абсолют шамасы жағынан аз магнетиктер диамагнетиктер деп аталады. Олар үшін <1.
Магнит сезімталдылығы (>1) және шама жағынан аз болатын магнетиктер парамагнетиктер деп аталады.
Магнетиктердің тағы бір түрі – ферромагнетиктер, олар үшін және >>1 өте үлкен мәнге ие бола алады.
Диамагнетиктер деп - сыртқы магнит өрісі болмаған жағдайда атомдары мен молекулаларының магнит моменттері нөлге тең заттарды айтады. Сыртқы магнит өрісі болмаған кезде атомдардың магнит моменттері нөлге тең болмаса парамагнетиктер деп аталады. Ферромагнетиктерге сыртқы магнит өрісі жоқ болған кездің өзінде магниттелінуге ие болатын заттар жатады.
Ферромагнетиктің магниттік қасиеттері жоғалатын температура Кюри температурасы деп аталады.