8.2 Өздік индукция құбылысы - Тұйық контурда ток күшінің өзгеруі осы контурды қиып өтіп жатқан магнит өрісінің ағынын өзгертеді, ал магнит ағынының өзгерісі өз кезегінде осы контурда индукциялық ЭҚК-ін тудырады. Бұл құбылыс - өздік индукция құбылысы деп аталады.
- Контурдың ауданын қиып өтетін магнит ағыны (Ф=BS) контурдағы токқа тура пропорционал болады:
- Пропорционалдық коэффициенті L=Ф /I контурдың индуктивтілігі деп аталады. Ол сан мәні жағынан ток күші бірлігіндегі магнит ағынын сипаттайды. Индуктивтілік өлшемі бірлігі генри (Гн) . Контурдағы ток күші 1А болғанда, магнит ағыны 1 вебер болса, онда контурдың индуктивтілігі 1 Гн-ге тең болады.
- Өздік индукция ЭҚК-ін жалпы индукция заңын пайдаланып табуға болады:
- Бұл формуладағы минус таңбасы Ленц ережесінен шығады, ток өскенде өздік индукция ЭҚК-і ε < 0 немесе өздік индукция тогы сыртқы ток көзінен пайда болған токқа қарсы бағытталған, сондықтанда оның өсуіне кедергі жасайды. Егер ток азаятын болса, онда өздік индукция ЭҚК-і ε > 0 болады да, контурдағы азаюшы ток пен өздік индукция тогының бағыттары бірдей болып, токтың азаюы баяулайды.
- мұндағы n–бірлік ұзындықтағы орам саны.
|