Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет45/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

екен.  Неге  тұрдым,  жай  жатқан  жыланның  құйрығын  басқандай  боп,  мұны 

неге көтердімге қалдым. 

Бір  пәле  болванка  емес,  жаңағы  жігіт  айтқандай,  кеш  жарылатын  снаряд 

болып,  қазір  шарқ  ете  түссе,  менен  бір  жапырақ  та  қалмайды.  Ал,  әлгінде, 

бәріміз  жертөледе  жатқан  кезде  жарылса,  бәлкім  жаралы  болса  да,  тірі 

қалатын ба едім деп ойладым. Осы сәтте қос қолдап көтеріп келе жатқаным 

ауыр қара жылан сияқты боп көрінді. Ол қазір басын қылқаң еткізіп көтеріп 

алып,  менің  мойныма  орала  түсетін  тәрізденді.  Осыдан  кейін  өн  бойымды 

қара тер жауып кетті.  Отыз метр жердегі шұңқырға батпақта отыз километр 

жүргендей болып, әрең жеттім. 

Снарядты  шұңқырдың  шетіне  жатқызып  ептеп  түбіне  қарай  домалата 

бергенімде, ол, шынында да, жыланша ысылдай бастады. Мен жанұшырып, 

кейін қарай қаштым. 

Алқынып  жертөлеге  жетіп,  ішіне  кіре  бергенімде  сырт  жақтан  гүрс  етіп 

жаңағы  снаряд  боп  шыққанын  мен  сонда  ғана  білдім.  Есіктен  ішке  қарай 

домалап  келе  жатып,  капитанның  «алла»  деп  ышқынған  дауысын  тағы 

естідім.  Жертөле  тұсаулы  аттай  бір  секіріп  қалды  да,  оның  төр  жақ  іргесі 

құлап, үстімізге суық топырақ cay ете түсті. Алыстан келген дүмпуі мынадай, 

ал  жаңа  жанымызда  жарылса  төртеуімізді  бірдей  жайратып  кетеді  екен-ау 

деп ойладым ішімнен... 

Меңтайдың  алдында  жатқан  сия  сауытты  көргенде  осы  оқиға  есіме  түсті. 

Бірақ махаббат мысы басқан адамның қозғалуға да халі келмейді екен, оның 

бойында  күш  те,  қуат  та,  қайрат  та  қалмайды  екен.  Кеше  ғана  жарты  пұт 

болванканы  жерден  көтеріп  алып,  жерүйден  аулаққа  апарып  лақтырып 

тастаған  солдатпын,  енді  міне  саусақ  басындай  шишаны  жатқан  орнынан 

көтеріп алуға батылы да, шамасы да жетпеді. 



50 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет