Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет48/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жүздескендегімдей  жылы  шырайлы,  уыздай  уылжыған  әсем,  әдемі  күйінде 

қалды. 

Ал  солардың  бәрінен  де  мен  үшін  алғашқы  көргенімдегіден  де  сұлу, 

сымбатты,  одан  да  сезімтал  һәм  инабатты  болып  Меңтай  ғана  жеке  дара 

шықты. 


Жігіттің  қызды  жақсы  көруінің  себептері  көп  қой.  Бірақ  оның  бәрін  ауыз 

шіркін айтып жеткізе ала ма? Тек жүрек байғұс қана қыз жақсылығын қылдай 

тізіп,  көкіректе  сақтап  жүреді  емес  пе. Мен  соғыстан  қайтып  келген  күндері 

көрген  қыздарымның  бәріне  ғашық  едім.  Жігіт  өзін  самғап  жүрген 

сұңқармын  деп  есептесе,  қыздың  көркі  сол  сұңқар  шырмалар  тор  емес  пе? 

Сұлу  емес  қыздың  өзі  саған  жалт  етіп  бір  көз  тастаса,  сорлы  жүрегің  қолға 

түскен  ұрыдай  қалтырап  қоя  бермей  ме?  Ал  мен  болсам,  самғап  келіп  бір 

курста  мөлдіреп  отырған  отыз  қызға  тап  болдым  – отыз  торға  шырмалдым. 

Бірақ  өңді  қыздың  бәрі  жөнді  қыз  бола  бермейді.  Қыздың  көркі  тор  болса, 

оның жайдары көңіл, жақсы мінез, назды қылықтарын неге теңеуге болады? 

Асау  тұлпардың  аяғына  салған  болат  кісеннен  кем  емес-ау  деймін  жақсы 

қыздың  қылығы.  Алғашқы  күнгі  мен  партаға  құлатып  алған  кішкентай 

сауыттың  әлсіз  сылдыры  бірте-бірте  сол  кісен  шынжырының  шылдырына 

айналған  тәрізденді.  Осы  оқиға,  сұлу  әйелдің  бетіндегі  мен  мұндалап, 

мөлдіреп тұратын меңдей болып, өмір бойы көкейімде, көз алдымда қалды. 

Меңтайды шын жақсы көруімнің шеті осы оқиғадан басталды-ау деймін. 

Бұл  оқиғаны  мен  де,  курстың  басқа  қыздары  да  бірнеше  күнге  дейін  естен 

шығара  алмадық.  Мен  ұялғанымнан  ұмытпаймын,  қыздар  қылжақ  үшін 

естеріне алады. Әсіресе 

Қанипа мен Зайкүл деген қыз қоян қуған тазыдай тақымдап, есімді шығарды. 




53 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет