Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет233/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Меңтай  дәптерін  ең  қызық  романға  үңілгендей  боп,  бас  алмастан  оқыдым. 

Әшейінде  көп  үндемейтін,  ешкіммен  ешқашан  да  сөз  жарыстырып 

жатпайтын,  құптағанын  жымиюмен  жеткізіп,  теріс  көргенін  үнсіз  қалумен 

аңғартатын  Меңтайдың  жан  шешендігін  жаңадан  тағы  да  танығандай 

болдым.  Оқыған  кітаптарынан  жазып  алған  үлгі,  ғибрат  боларлық  сөздері, 

қоғамдық  мәні  бар  кейбір  мәселелерге  өзінше  ой  жүгіртіп,  баға  беруі  мені 

сонша  тебірентті.  «Осындай  көрікті,  ақылды,  адамгершілігі  мол  қызға  қолы 

жетіп, жар еткен жанның арманы болар ма екен, сірә», – деп іштей күрсініп, 

ынтыққан  үстіне  ынтыға  түстім.  Бағанағы  оны  бетінен  сүйгенім  ойыма 

оралғанда жүрегім лүпілдеп, толқып, лықып аузыма келіп қалғандай болды. 

Меңтайды  ойынның  тәртібі  дегенді  сылтау  етіп  рұқсатсыз  сүйгеніме  қайта 

қысылып, «апырай, ол өкпелеп қалған жоқ па екен?» деп және қиналдым. 

Осы  ойлармен  мен  таң  ата  бөлменің  шамын  өшіріп,  бажылдауық  төсегіме 

барып  қисайдым.  Мақтасы  түйіртпек-түйіртпек  боп  екі-үш  жерге  жиылып, 

өзге  тұсы  мүлде  жұқарып,  темір  төсектің  үзік  решеткаларын жапқан  матрац 

үстінде өлі тигендей боп дөңбекшідім. 

Көзден 


ұйқы 

қашып, 


Меңтай 

туралы 


ойым, 

шынжырдың 

шығыршықтарындай, біріне-бірі жалғасып, жаңа бір өлеңнің жолдары туды. 

Ол  жолдарды  ұмытпау  үшін  қайта-қайта  орнымнан  тұрып,  қағазға  тіздім. 

Әрең  дегенде  бір-екі  сағат  көз  шырымын  алып,  түске  таман  Меңтай 

дәптеріне оның тоқтаған жерінен жалғастырып мына шумақтарды жаздым. 

Ай – қасы, күн – Меңтайдың екі көзі. 

Самал жел – оның күле айтқан сөзі. 

Бақыт – ыстық құшағы, байлық қазына, 

Дүние деген тек соның жалғыз өзі! 




239 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет