Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет236/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

менің  өлеңсымағымды  көріп  қояр  ма  екен  деп  қорыққан  едім.  Асығыс 

болғандықтан  ба,  әйтеуір,  ешкім  оған  назар  аудармады.  Лезде  ол 

Меңтайдың чемоданға салған басқа заттарының астында қалды. 

Зайкүлдің  басшылығы,  Майраның  көмегімен  мен  Меңтайдың  көрпе-

жастығын, қысқы пальтосын кенепке жайғастырдым. 

–  Сенің  осы  жалқаулығың-ай,  Зайкүл,  –  деді  Меңтай  қасымызға  келіп,  – 

ағайды әуре қылмай, өзің-ақ буа салмайтын ба едің? 

– Ербол тұрғанда мен неге буамын? – деді Зайкүл. – Жігіт деген қыздың көк 

есегі емес пе, тәйірі. Қыздардың жүгін көтеріп, жұмысын тындырғанды бақыт 

деп білуі керек бұлар. –  

Осылай  деп  Зайкүл  қыздарды  ду  күлдіріп  алды  да,  сөзін  қайта  жалғады.  – 

Оның  үстіне  мен  бұған  жақсылық  жасап  тұрмын,–  деп  иегімен  мені  нұсқап, 

Меңтайға бұрылды. –  

Сенің  етіңе  тиген  көрпені  қолына  ұстаттым,  сенің  иісің  сіңген  заттарды 

мұрнына иіскеттім. Бұдан артық не керек жігітке! Ербол, солай ма?  - Зайкүл 

мені иығымнан нұқыды. Мен терлеп-тепшіп, күліп, басымды изедім. 

–  Түу,  Зайкүл,  сен  де  жоқты  айтады  екенсің,  –  деп  Меңтай  қып-қызыл  боп, 

теріс айналып кетті. Қыздар сылқ-сылқ күлісіп, төмен қарасты. 

Зайкүлдің  сөзінен  бе,  қыздардың  күлкісінен  бе,  күннің  ыстықтығынан  ба, 

әлде  шынында  да,  Меңтайдың  заттарына  қолым  тиген  соң  елжіреп, 

есеңгіредім  бе,  әйтеуір,  маңдайым,  өне  бойым  жіпсіп,  лезде  арқамды  тер 

жауып  кетті.  Қалың  солдат  гимнастеркасы  оны  сырт  көзге  көрсетпегенімен, 

соған  ерегесіп,  қасақана,  қыздар  көрсін  дегендей,  екі  самайымнан  жарыса 

домалаған  қос  моншақ  еңкейіп  жұмыс  істеп  жатқан  менің  мұрныма  қарай 

жылжыды.  Мұны  қыздар  көрмесе  екен  деп,  мөңкитін  асаудай  мойнымды 




242 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет