Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет234/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Құлақтың сүйкімдісі – оның аты. 

Көздің көркі – бір сызық жазған хаты. 

Ұжымақ деген бары рас болса, 

Ол – тек қана Меңтайдың махаббаты. 

Рақат – соның кеудесі, гүл – мінезі, 

От – өзіңе тура көз тіккен кезі. 

Дүниедегі ең тәтті – соның ерні, 

Дәмі қайтып, ешқашан етпес мезі. 

Маржан, жақұт дейтіндер – соның тісі, 

Көз тартар әдеппенен қылған ісі, 

Бір ауыз айтқан сөзі жанды ерітіп, 

Мас болар ақ дидарын көрген кісі. 

Тигенде қолым оның білегіне – 

Жеткендей болдым барлық тілегіме. 

Басыма бақыт орнап өмірдегі, 

Бар шаттық құйылды кеп жүрегіме. 

Қайтер ем егер Меңтай құшақтатса, 

Жарқырап, күнше күліп, таң боп атса ?! 

Сүйгізіп тағы да бір ақ тамақтан, 

Өң беріп жылы шырай жауап қатса ?! 



240 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет