Әдеби KZ
ішіме алып, одан сайын бұға түстім. Дес берісі, осы сәтте біреу дүбірлете
жүгіріп келіп, сартылдата бөлменің есігін қақты да, жұрттың бәрінің назары
солай қарай ауды. Ол түнде қаладағы жақындарының үйіне қонып,
қыздарды шығарып сала алмай қалып қойдым ба деп желпеңдеп келген
Жомартбек екен. Қыздар жапырласып оған бұрылып кеткенде мен ұрланып,
гимнастеркамның жеңімен екі самайымды, маңдайымды сүрттім. Содан соң
жүк қаптың екіжақ басын буып, тығыздап белбеуін тарттым.
Қыздардың кейбіреуі қолдарына бір-бір бума ұстап, буылған жүкті мен,
чемоданды Жомартбек көтеріп, әзіл-күлкімен жатақхана дәлізін басымызға
көтеріп, көшеге шықтық.
Есік алдында Жомартбек екі қолыма тең болсын деп мен көтеріп келе жатқан
жүкке ұмсынып еді, Қанипа қолын қылыштай сермеп кеп қалды.
– Жоқ, болмайды, мұны тек Ербол ғана алып жүруі керек.
– Неге? – деді Жомартбек апалақтап.
– Себебі бар. Солай ғой, Зайкүл.
– Солай, солай! - деп Зайкүл Жомартбек екеуміздің ортамызға кимелеп кіріп,
арамызды алшақтатып жіберді.
Ерігіп келе жатқан жұртқа бұл да езу жидырмас күлкі болды. Қойшы, не
керек, аттап басқанымыз әзіл, қит еткен қимылымыз күлкі болып, жатақхана
жанынан өтетін трамвай жолына жеттік. Никольск шіркеуінің түбіндегі көк
базардың қасынан базардан шыққан жұртпен таласа-тармаса екінші
трамвайға отырып, оның ішін және күлкіге толтырып, екінші Алматы
вокзалына келдік. Вокзал басын кернеген кілең студенттер екен. Біз перронға
шығып, бірінші жолда тұрған қабырғаларында «Алматы–Новосибирск» деген
243
Достарыңызбен бөлісу: |