Тақырып: Әкімшілік қызметтегі заңдылық
Дәрістің мазмұны:. Заңдылық заң әдебиетінде бірнеше мағынада қарастырылады: 1) ұйымдастырудың және қызметтің принципі ретінде 2) басшылық әдісі ретінде 3) мемлекет пен оның азаматтарының өзара байланыс принципі ретінде. Заңдылықты заңдарды мүлткісіз орындау деп түсіну өз маңызын жоғалтпағанмен, ол біржақты деп саналады. Заңдылық санатын тануда мынадай методологиялық алғышартқа сүйену керек. Заңдылық құқықтық құбылысқа жатады, яғни ол күшіндегі құқыпен байланысты. Заңдылық мемлекеттік биліктің барлық органдары үшін міндетті. Оның қамтамасыз етілуі тиісті мемлекеттік органдардың қызметін және олардың заңдылықты бақылаудың және қадағалаудың тәсілдерін қолдануын көздейді.
Бақылау субьектілеріне қарай олар былайша бөлінеді:
- Президенттік бақылау.
- Парламенттік бақалу
- Үкіметтік, ведомствоаралық, ведомстволық бақылау.
Президенттік бақылау тікелей Президенттің өзі және оның Әкімшілігі арқылы немесе мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Парламенттік бақылау-құрылтайлық бақылау парламенттің тиісті мемлекеттік органдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, тиісті лауазымды адамдарды қызметке тағайындау және қызметтік міндеті атқарудан босату туралы мәселелерді шешу шеңберінде, сондай-ақ Парламент мүшелерінің өкілеттігін тану немесе депутаттарды олардың қол сұғылмайтын құқығынан айыру кезінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |