Махамбет Өтемісов атындағы



бет13/16
Дата05.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#19021
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
13 апта
1 кредит сағат
1 дәріс
Практикалық сабақ тақырыбы: С.Еркімбеков «Отан таңы»
Практикалық сабақ мазмұны: Ноталық тексті дәл және жатқа орындау. Екінші дауыстың анық, таза шығуын қадағалау. Штрихтармен жұмыс. Қобызшылардың ансамбльдік ойын шеберлігін дамыту. Шығармада кездесетін қайталау элементтерін дәлме-дәл етіп орындау.
Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г. – 11 стр.



14 апта
1 кредит сағат
1 дәріс
Практикалық сабақ тақырыбы: С.Еркімбеков «Отан таңы»
Практикалық сабақ мазмұны: Дыбыс шығару жолдарын қарастыру.
Музыкалық шығарманы мәнерлі орындау үшін ең жоғары сапалы дыбыс шығаруды меңгеруі керек, ол музыканың мәнерлік негізі болып табылады. Көркемдік сапалы, толыққанды дыбыс деп – таза, еш шуылсыз, жұмсақ, толық, сазды, түр-түске бай дыбысты айтады. Мөлдір, таза сазды дыбыс шығару үшін ысқышты тиекке қатар, ішектің бір нүктесінде ғана жүргізіп ойнау қажет. Ысқыш қылы ішекке мүмкіндігінше толықтай жабысып жүргізілуі керек, шығарманың мазмұнына сай ерекше дыбыс алу үшін ысқышты ішекке қатты баспай сәл көтеріңкірек жүргізу керек. Ысқыш ішектің қай нүктесінде жүретін болса, оған дыбыс саздығы тікелей байланысты: тиекке жақын болса ашық, өткір дыбыс, ал аспаптың мойынына қарай - жұмсақтау және бәсеңдеу дыбыс шығады.
Ысқышты төмен жүргізген кезінде ысқыштың басынан ұшына дейін, шынтақ сәл артқа кетеді, ал ысқышты жоғары жүргізгенде шынтақ буынның алдынан тиекке қарай жүреді. Шынтақты өте көтеруге де, өте түсіруге де болмайды. "Ми" ішегінде оң қол шынтағы ең жоғары нүктеге шығады; төменгі ішектерге ауысқанда шынтақ біртіндеп төмендейді де "соль" ішегінде ең төменгі нүктеге жетеді. Оң қол шынтағы сияқты буынның да қозғалысы өзгереді. Ысқыш төмен қозғалғанда (П) оң қол саусақтары біртіндеп түзуленеді де, ысқыштың ұшына қарай буын сәл-пәл иіледі, сондай-ақ шынтақ буындары толық ашылады. Ысқыштың тұтқасында оң қол буындары сәл бүгіледі. Осыған сәйкес ысқыш қозғалысына байланысты ысқыштың тұтқасынан ұшына дейін буындар бірқалыпты өзгеріп отырады. Дыбыс тегіс шығу үшін қозғалыс ешқандай аяқасты және күтпеген қимылдар жасамау керек. Тұтқада ысқышты ауыстырар кезде таяқшаны кішкене айналдыру қажет, өйткені ысқыштың бұл ауысуы естілмегені жөн. "Ми" ішегінде ысқышты "ля" ішегіне жақын апару керек, ал "соль" ішегінде "ре" ішегіне жақындатқан жөн. Бұлай ету жұмсақ дыбыс шығару үшін қажет.
Әдемі дыбыс алу өнері музыканттың көп жылдық еңбегі арқасында қалыптасады және музыкалық есту қабілетінің, шеберлік ширақтығының, аспаптан дыбыс шығарудың тәсілдерін меңгерудің, сондай-ақ оқушының аспапқа икемделе білу қасиеті - сапалы дыбыс шығару үшін талап етіледі.
Әдебиет:

  1. Д.Тезекбаев. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, 1980 ж.

  2. К.Родионов. «Начальные уроки игры на скрипке», Москва, «Музыка», 1987 г.

  3. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 3 бет.

  4. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г. – 11 стр.



ОЖСӨЖ мазмұны: Жаяу Мұса «Ақ сиса».
Нақты әрі асқақ «Ақ сиса» пьесасы тез, синкопты қатыстыра маркатоның қадалған үздік штрихымен ойналады.
Сиса – сатушының жарнама әні. «Ақ, қызыл сиса...». Оған қоса ол неліктен Жаяу Мұса аталғанын, яғни атын тартып алғаннан кейін осылай аталғанын әнге қосады.
Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г. – 11 стр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет