Әдебиет:
Е.Нұрымбетов. Ансамбльге арналған шығармаларынан қолжазба.
А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.
Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.
ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақтың халық әні: «Сәулем-ай».
Позицияда ойнау. Аппликатура екі нұсқада берілген. Кең тынысты сазды әуен түгелдей ысқымен орындалады.
Тақырыпты октава бойы жоғары өткізу орындаушыдан жоғары регистрде үннің сазды тембрін табуды міндеттейді.
Ойын кезіндегі қолдың белгілі бір жерде тұруын позиция дейді, ал қолды аспап мойынында ауыстыру, бір дыбыстан екінші дыбысқа ауысу - позиция ауысуы (немесе ауысу) деп аталады. Позицияның орны бірінші саусақтың ішекке қойылған орнымен анықталады, яғни аспаптың мойнынан бастап, анықтап айтсақ, қобыздың мойнындағы сол қолдың бірінші саусағының орнына байланысты. Бұл аралықтың, сәйкесінше басбармақ орнының өзгеруіне байланысты қобыз мойнын бірнеше позицияға бөлу қалыптасқан, ал саусақ пен аралық орны қобыздың мойнынан саз бен жарты сазға сай қол төмен қарай саусақтардың ретті козғалысы арқылы жүзеге асырылады. Барлығы 7-8 позиция бар. Қобыздың мойнындағы басбармақ орнына қарай алынатын саздың үлкенді-кішілі, ал кейде ұзартылған сәт аралықтарын алуға болады. Қандай да бір позицияны анықтау альтерация белгілеріне байланысты емес және оған бағынышты да болмайды.
Әдебиет:
Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.
Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 ж. – 9 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |