Махамбет Өтемісов атындағы



бет7/16
Дата05.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#19021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
6 апта
1 кредит сағат
1 дәріс
Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Көктем»
Практикалық сабақ мазмұны: Шығарманың ортаңғы бөлімі терең ойлы, сезіммен және әдемі де, нәзік вибрация арқылы өрнектеледі. Вибрация, штрихтық белгілермен жұмыс.
Вибрация дыбыстың әрленіп, жұмсақ шығуына көмектеседі. Вибрацияны білек, білезік және саусақтың көмегімен үш түрлі әдіспен орындауға болады. Бұл әдіс дыбыстың әрленіп, құлаққа жағымды шығуына септігін тигізу керек. Вибрация - музыкалық мәнерлілік құралының бірі, оның арқасында дыбыс мәнерге және әуенге ие болады. Вибрация — тербелмелі қозғалыстар, негізінен сол қол буындарымен жүзеге асады. Осы арада дыбыс ерекше тембрлық әсемдікке өзінің жоғарлауы мен төмендеуінен сәл ауытқып барып ие болады. Оқушы бірінші үш позицияда негізгі ойнау әдістерін үйренген соң ғана вибрацияны қолдануды бастаған жөн. Вибрацияны үйретудің алғашқы кезеңінде:
1. аспаптың мойнын басбармақпен және басқа саусақтармен ішегін қыспау және сығымдамау;
2. ойын кезіндегі бос саусақтарды ішекке тигізбей ұстау;
3. қозғалыстар өзара тең тербелгені басты шарт болып табылады. Қозғалыс жиілігінен вибрацияның қандай дәрежеде, яғни кіші немесе үлкен болуы байланысты.
Орындалатын музыкалық шығарманың сипатына байланысты тәжірибеде ұсақ және көлемді вибрациялар қолданалады.
Музыкалық фразамен жұмыс істегенде оқушы өз бетімен бұл фразаның сипатына қандай вибрацияның сәйкес келетіндігін белгілеуі тиіс. Орындалатын шығарманың музыкалық образдары орындаушыға вибрацияның әсерлі, қарқынды немесе жәй, сазды, яғни серпілістің қандай көлемде болуы керектігінен хабар береді. Бұл әдетті меңгеру мүмкіндігіне қарай тербелмелі қозғалыс жылдамдығы күшейді. Сонымен, ішекті аспаптарда вибрацияның күшейюі, ең алдымен, терең жан дүниенің сезімдерін орындалып жатқан музыкаға қоса білуге байланысты көңіл-күйге тікелей бағынышты. Жоғарғы регистрде кіші серпілісті жиі вибрация, ал төменгі регистрде кіші және жиі вибрация орыңдау орынсыз екенін ескертеміз. Әдетте, жиі тербелістер өте жай фразасын орындауда, ал көлемді тербелістер қатты және өте қатты фразасын орындағанда қажет. Кантиленді сипаттағы пьесаларды орыңдағанда көлемді вибрация, яғни көлемді, ал сезімді шығармаларда серпіліс тербелісі жиілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет