1 апта 1 кредит сағат № 1 Практикалық сабақ Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Қарлығаш» Практикалық сабақ мазмұны: домбырашылар ансамбліне өңдеп түсірген А.Жайымов. «Карлығаш» - бірінші домбыраның партиясын талдау.
Әдебиет: А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер»- 1992ж.
2 апта 2 кредит сағат № 2 Практикалық сабақ Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Қарлығаш» Практикалық сабақ мазмұны: «Карлығаш» - бірінші домбыраның партиясын талдау.
Әдебиет: Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.
Штрихтық қиыншылықтарды меңгеру. Деташе және мартле штрихтары туралы мағлұмат беру.
Деташе – ноталар бірінен соң бірі байланыспай, әрқайсысы бөлек бірқалыпты орындалатын штрих. Тез темпте штрих қысқа, ал жәй темпте ұзын болады. Бұл штрихқа ысқыштың қозғалу бағытының сазды ауысуы және әрбір дыбыстың басталуы тән. Деташенің бірнеше түрі бар.
Кең деташе.
Қысқа деташе.
Мартле – штрихы деташе штрихының бір түрі. Деташе штрихынан айырмашылығы дыбыс өткір, үздік-создық шығады. Мартле қиын штрихтарының бірі. Бұны үйрену басқа штрихтарды үйренуде көмек болады. Музыкалық шығармаларда бұл штрих жеке-дара, және басқа штрихтармен аралас та кездеседі. Әрбір дыбыстан соң дыбыстың жалпы ұзақтығының жартысына тең үзіліс жасалады. Үзіліс кезінде босаған қол келесі екпінге дайын болуы керек. Музыкалық материалға байланысты штрих ысқыштың түрлі бөліктерінде орындалуы мүмкін, бірақ мартле штрихы көбінесе ысқыштың ортасында және жоғарғы жартысында орындалады.
Әдебиет: 1. Ғ.Шілдебаева. «Назерке» қобызшылар ансамбліне арналған жинақ. Астана, 2005 ж.
2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.
ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақтың халық әні «Елигай». Түгелдей ысқымен орындалатын көңілді, жарқын, жайдары әуен. Мәтінде ұшырасатын форматтар, ritenuto (ритенуто) мен allargando (алларгандо) – халықтық екенін білдіре отырып, еркін әуездеу түрін білдіреді. Ал tempo (темптегі) эпизод деташенің белсенді штрихында ысқының төменгі жағымен ойналады.
Деташе – ноталар бірінен соң бірі байланыспай, әрқайсысы бөлек бірқалыпты орындалатын штрих. Тез темпте штрих қысқа, ал жәй темпте ұзын болады. Бұл штрихқа ысқыштың қозғалу бағытының сазды ауысуы және әрбір дыбыстың басталуы тән. Деташенің бірнеше түрі бар.
1.Кең деташе.
2.Қысқа деташе.
Әдебиет:
Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.