Махамбет Өтемісов атындағы



бет9/16
Дата05.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#19021
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
7 апта
1 кредит сағат
1 дәріс
Практикалық сабақ тақырыбы: Ғ.Оразалиева «Қазақ әндеріне попурри».
Практикалық сабақ мазмұны: Ноталық тексті дәл және жатқа орындау. Екінші дауыстың анық, таза шығуын қадағалау. Штрихтармен жұмыс. Қобызшылардың ансамбльдік ойын шеберлігін дамыту. Шығармада кездесетін қайталау элементтерін дәлме-дәл етіп орындау.
Әдебиет:
1. Ғ.Шілдебаева. «Назерке» қобызшылар ансамбліне арналған жинақ. Астана, 2005 ж.


8 апта
1 кредит сағат
1 дәріс
Практикалық сабақ тақырыбы: Ғ.Оразалиева «Қазақ әндеріне попурри».
Практикалық сабақ мазмұны: Шығармада кездесетін түрлі штрихтар: деташе, легато, стаккато, портаменто, мартле жайында мағлұмат беру.
Деташе – ноталар бірінен соң бірі байланыспай, әрқайсысы бөлек бірқалыпты орындалатын штрих. Тез темпте штрих қысқа, ал жәй темпте ұзын болады. Бұл штрихқа ысқыштың қозғалу бағытының сазды ауысуы және әрбір дыбыстың басталуы тән. Деташенің бірнеше түрі бар.

  1. Кең деташе.

  2. Қысқа деташе.

Легато ысқыштың бір қозғалысына бірнеше дыбыс орындалатын штрих. Легатоны орындау үшін бұл штрихпен күнделікті көп дайындалу керек. Ысқыш бағытында ноталар саны бірдей болғанда дыбыс күшейген сайын ысқыш бөлігі бірте-бірте ұзарады, ал, бәсеңдегенде қысқарады, осылай легато штрихын дамытып, нығайтып, оқушы этюдтермен жұмыс істеуге дайындалады. Ойын барысында легато бір дыбыстан екінші дыбысқа жұмсақ, сазды әрі байқаусыз өтуі керек. Сол қол мен оң қолдың үйлесімділігіне үлкен көңіл аудару керек. Ысқышты бөліктерге дұрыс бөлу қажет, яғни ысқыш нотада неше лига болса, сонша тең бөліктерге бөлінуі қажет. Легатоның екі түрі бар:

    1. тек сол саусақтарының қозғалысымен орындалатын легато, демек «бір ішекті легато».

    2. ысқыштың бір ішектен екінші ішекке ауысуы арқылы орындалатын легато, демек «түрлі ішектегі легато».

Әдебиет:

    1. Ғ.Шілдебаева. «Назерке» қобызшылар ансамбліне арналған жинақ. Астана, 2005 ж.

    2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақтың халық әні: «Сәулем-ай».
Аспапты меңгерудің алғашқы кезеңінде позицияны меңгеруде гриф (мойын) саласын бөлуді позицияға сәйкес бағдарлау қажет. Аспап мойнын салаларға (позицияларға) бөлу жаңадан үйреніп келе жатқан оқушыға аралық сезімін сезінуге мүмкіндік тудырады. Саусақтар мен позиция арасындағы аралық сезім дағдысы қалыптасқанда позиция мәселесі шешіліп, ары қарай есту ориентациясы (бағдары) маңызды болады.
Позиция (ауысуы) ауысулар ұғымы бар. Алғашқы І, ІІ, ІІІ позицияларды кезегімен үйренген жөн. Ең алдымен І позицияны, содан кейін ғана ІІ, ІІІ позицияларды үйрену керек. Сонымен қатар, позицияларды ауыстыру дағдысын үнемі жетілдіріп отыру қажет, демек І мен ІІ, І мен ІІІ позицияларды біріктіру. Ауысулар қолдың баяу қозғалысы арқылы орыңдалады. Ауысулардың үлкен бірлігін орындау үшін:
1) алдыңғы позицияның соңғы нотасын алатын саусақтың сырғуымен позицияға ауысуға болады;
2) ауысу кезінде ішек бойында сырғанап бара жатқан саусақтың қысымын жәйлап бәсеңдету, осы кезде ішектен де шықпау керек. Ішектегі саусақ қысымын бәсеңдеткен кезде ысқыш қысымын да бір мезетте біршама бәсеңдету талап етіледі;
3)сол қол буынының көмекші қозғалысы арқасында ауысу кезеңін "жұмсарту" керек. Төменгі позициядан жоғары позицияға ауысу үшін сол қол алақанын ақырын көтеріп, шынтақ көмегімен азғана көтеру қажет. Жоғарғы позициядан төменгіге ауысар кезде дәл осы қозғалысты керісінше бағытта орындау керек. Осы кезде басбармақ қобыз мойнына ақырын болса да саусақтардан қалмай жылжиы.
Ауысудың негізгі төрт түрі бар:

  1. Бірінші түрі - ашық ішектің дыбысталу кезіңде позицияның ауысуы арқылы;

  2. Екінші түрі – бір саусақтың жылжуымен позициялардың бірігуі арқылы;

  3. Үшінші түрі – төменгі саусақтан жоғарғы саусаққа жоғарғы ауысуы және жоғарғы саусақтан төменгіге төмен ауысуы арқылы;

  4. Төртінші түрі – жоғарыда жатқан саусақты төмен жатқан саусақтан жоғарыға төмен ауысуы арқылы.

Ауысудың бұл түрін орындау кезінде саусақты келесі саусақпен ауыстырып, ішек бойында саусақ сырғанап барып өз орнына келесі позициядағы саусақты қояды. Позицияны ауыстыру дағдысын баяулатылған екпінде ауыстыруларды орындау арқылы дамытқан жөн, осы арқылы қол, буын және саусақтардың қозғалысын, сондай-ақ екпін дәлдігі мен талғамын және ауысу сапасын бақылау мүмкіндігі туады.
Әдебиет:
1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.
2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 ж. – 9 бет.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет