5 апта 1 кредит сағат № 1 дәріс Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Көктем» Практикалық сбақ мазмұны: Дыбыс интоннациясымен жұмыс. Шығарма тез жүретіндіктен ноталардың барлығы лига штрихы арқылы белгіленеді. Легато – ысқыштың бір қозғалысына бірнеше дыбыс орындалатын штрих. Легатоны орындау үшін бұл штрихпен күнделікті көп дайындалу керек. Ысқыш бағытында ноталар саны бірдей болғанда дыбыс күшейген сайын ысқыш бөлігі бірте-бірте ұзарады, ал, бәсеңдегенде қысқарады, осылай легато штрихын дамытып, нығайтып, оқушы этюдтермен жұмыс істеуге дайындалады. Ойын барысында легато бір дыбыстан екінші дыбысқа жұмсақ, сазды әрі байқаусыз өтуі керек. Сол қол мен оң қолдың үйлесімділігіне үлкен көңіл аудару керек. Ысқышты бөліктерге дұрыс бөлу қажет, яғни ысқыш нотада неше лига болса, сонша тең бөліктерге бөлінуі қажет. Легатоның екі түрі бар:
тек сол саусақтарының қозғалысымен орындалатын легато, демек «бір ішекті легато».