Махамбет Өтемісов атындағы



бет5/16
Дата05.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#19021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
4 апта
1 кредит сағат
1 дәріс
Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Көктем»
Практикалық сабақ мазмұны: Қобызшылар ансамбліне өңдеп, лайықтап түсірген Еркін Нұрымбетов.
Шығарманың әуен-желісімен жұмыс. Композитор шығармашылығы жөнінде әдебиетпен таныстыру. Композитордың шығарма жөніндегі тарихы.
«Көктем» десе көктем! Мұнда табиғат сұлулығы мен жалын атқан жастық дәуреннің албырт сезімі астасып жатқандай. Сөз жоқ, бұл – музыка үнімен берілген табиғат суретінің тамаша көрінісі. Көктем! Жер дүниені, жан-жануарды тіршілік салтанатына кенелткен сұлу көктем! Жастардың көңіліне көрік, арманына қанат бітірген көктем бұл! Жүрегің лүпіл қағып, өн бойыңды өзгеше шаттық сезім билейді. Өмір қуанышына, табиғат сұлулығына тоймайсың сен! Дөңгеленіп билей жөнелгендейсің, кеудеңді қуаныш жыры кернеп, ән шырқағың келеді!
«Көктем» табиғатқа, өмір сұлулығына деген құштарлықтан туындаған шығарма. Көлемі жағынан шағын болғанымен өзіне тән орындалу ерекшелігі бар. Орташа екпінде.
Автордың «Көктем» шығармасы жеке, қобызшылар ансамбльмен ғана орындалып қана қоймай, халық аспаптары оркестрінің репертуарына да енген. Оркестр сүйемелдеуінде жеке қобызда орындалған бұл шығарманың өзі бір төбе.
Әдебиет:

  1. Е.Нұрымбетов. Ансамбльге арналған шығармаларынан қолжазба.

  2. А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.



ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақтың халық әні «Елигай».
Пьесаның басты штрихы – ысқыны дәл нақыштауды және артикуляцияның айқындығын қажет ететін Legato.
Легато ысқыштың бір қозғалысына бірнеше дыбыс орындалатын штрих. Легатоны орындау үшін бұл штрихпен күнделікті көп дайындалу керек. Ысқыш бағытында ноталар саны бірдей болғанда дыбыс күшейген сайын ысқыш бөлігі бірте-бірте ұзарады, ал, бәсеңдегенде қысқарады, осылай легато штрихын дамытып, нығайтып, оқушы этюдтермен жұмыс істеуге дайындалады. Ойын барысында легато бір дыбыстан екінші дыбысқа жұмсақ, сазды әрі байқаусыз өтуі керек. Сол қол мен оң қолдың үйлесімділігіне үлкен көңіл аудару керек. Ысқышты бөліктерге дұрыс бөлу қажет, яғни ысқыш нотада неше лига болса, сонша тең бөліктерге бөлінуі қажет. Легатоның екі түрі бар:

    1. тек сол саусақтарының қозғалысымен орындалатын легато, демек «бір ішекті легато».

    2. ысқыштың бір ішектен екінші ішекке ауысуы арқылы орындалатын легато, демек «түрлі ішектегі легато».

Әдебиет:
1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.
2. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет