Махмутова Ақкөркем Серікқызы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы



Дата25.12.2016
өлшемі54,05 Kb.
#5099
түріСабақ
Махмутова Ақкөркем Серікқызы

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,

И.Құрманов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Қысқа мерзімді жоспар.

Мерзімі: 23. 11.2013.

Пәні: дүниетану

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Ауа райы болжамы және оның мәні.



Жалпы мақсаты


Оқушылардың ауа райы туралы алған білімдерін кеңейту. Адам өмірі мен ауа температурасының арасындағы байланыс жайлы түсіндіру. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Оқу нәтижесі

Өзіндік пікірі қалыптасқан, сыни тұрғыдан ойлай алады. Ауаның адам өміріндегі маңызын толық ұғынған. Ауаны қорғау жолын, ауа райы жайлы хабардар.

Түйінді идеялар

Сызба арқылы, «Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша сабақты қорытындылау. Топтық, жұптық жұмыс жүргізу.

Сабақ мазмұны

Уақыты

Сабақтың барысы


Ресурстар





1.Ұйымдастыру сәті. Оқушыларды топқа бөлу.

2. Жаңа сабақ.

Кіріспе


Бүгін күн ашық. Күн сәулесі жарқырап тұр. Адамдар да қуанышты, бір- біріне күлімсіреп сөйлеп жүр. Ауа райының жақсы болғанына бәрі қуанышты.

-Қалай ойлайсыңдар, осындай ауа- райы қандай мамандық иелері үшін қолайлы?



Бүгін бұлтты күн. Жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Адамдар жылы киінген. Қолдарына қолшатыр ұстап жүр.

-Жаз мезгіліндегі жаңбырдың пайдасын айтыңдар.



3. Дәптермен жұмыс.

1.Мәтіннің 1-ші абзацы бойынша сызба құрасыру

бұлтты

жауын- шашын



Ауа райы жел

ауа температурасы


4. Оқулықпен жұмыс.

1. Мәтінді жұп болып оқу. Оқушылар мәтінді бөікпен оқиды, сонан соң бір- бірімен пікір алмасады, сұрақ қояды, жауап береді.

2. Әңгіме жүргізу.

1. Ауа райын білу кім үшін маңызды?

2. Ауа райын болжаумен қандай қызмет айналысады?

3. Ауа райы адам өмірі мен қоршаған орта үшін қандай маңызға ие?



5. Сергіту сәті.

6. Топтық жұмыс.

1- інші топ. Жауын алдындағы ауа райын бейнелейтін сурет салу.

2- нші топ. Найзағай ойнағандағы ауа райын бейнелейтін сурет.

7.Сабақты қорытындылау.

Ауа райы, ашық, жарқырайды, жауады, соғады, жақсы ауа райы адамдарды қуантады, жұмыс, көңіл- күй сөздерін пайдаланып бес жолды өлең құрастыру.

8. Үйге тапсырма беру.

«Ауа райы болжамы және оның мәні» мәтінін оқып келу. Ауа райын бақылап келу.



9. Бағалау.







қағаз


Плакат, маркер

оқулық


Түрлі- түсті қарындаш, маркер, плакат

Не сәтті өтті?



Не сәтсіз өтті?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет