Сабын өндірісінде 2 түрлі әдіспен өндіріледі: 1. гидратациялық 2. сабынды қайнату әдісімен.
Сабын өндірісінде 2 түрлі әдіспен өндіріледі: 1. гидратациялық 2. сабынды қайнату әдісімен.
Сабын өндірісінде майды 50 тонналық сыйымдылыққа түсіреді. Одан насос арқылы автоклавқа жіберіледі. Бірінші автоклавқа сутегі және катализаторлық қолданыс майды қанықтырамыз. Оны екінші рет екінші автоклавта қайталаймыз. Одан шыққан сапстокты престеуге жіберіледі.
Бірінші автоклафта май, сутегі және катализаторды салып, жылан құбырлары арқылы ыстық бу жібереді. Оны 2200 С-қа дейін жеткізіп содан соң сутегімен салқындату арқылы қанықтырамыз. Автоклафқа 50т майға 4-5кг катализатор қолданылады. Катализатор ретінде көбінесе никель және хром қолданылады. Бұрында катализаторды дайындайтын цех болатын. Бірақ та соңғы 5 жыл ол жұмыс істемей тұр, өйткені экономикалық жағынан тиімсіз. Содан соң бірінші автоклафтағы өнімді екінші автоклафқа насос арқылы жібереді. Ал екінші автоклавтан оны фильтр-преске жібереді. Онда соапстокты дөңгелек жалпақ темірлердің арасында сығылады. Ол алынған соапстокты маргарин майонез және сабын өндірісі үшін қолдануға болады. Ал сабын қайнату цехында үлкен 50-52 т кателдарда қайнатады. Ондай кателдардың үшеуі бар. Сонымен бірге 25т бір кіші кател бар. 50-52т үлкен кателға клей, май, соапсток, сода және суды құйып араластырады. Сыйымдылықтың ішінде жылан құбырлар болады. Оның ішінен булар өтеді. Кейіннен оны ылғал сорғышқа жібереді. Онда ылғалды сорып, астындағы үш жаққа орналасқан пышақтармен дуалынан қырылады. Қырылып түскен сабын кесектері формалауға түседі. Онда оған пішім беріп тараға жіберіледі. Оны қораптаған соң қоймаға жібереді. Саудаға қоймадан алады
Синтетикалық жуғыш заттар. Бул затарды шығаруда негізгі шикызаттар екі топтан алыныды:
Табиғи (олеохимиялық) – Бул біздің май өнеркәсібінен алынатын өнім.